Көлсайға барамын десеңіз

Құрметті Алматылықтар және Алматы маңында қыдырып жүрген қонақтар!
Сіздерді осы сенбі-жексенбі күндері Көлсайды көріп келуге шақырамын. Барамын дегендер болса, жекеге хат жазсын.
Ешбір турфирмасыз барсақ арзанға түседі бару-қайту 3000 тг. тамақ пен жатын жерді бара көрерміз.
(1454 Kb, 3072x2304)
сурет жеке өзімнің иелігім, еш жерден көшірмедім
Бөлісу:

18 пікір

ken
сонда сенсіз барсам 5 мыңнан да арзан болады ма?
Zilola
менсіз барсаң=менімен барсаң=5000 тг < турфирмамен барсаң
Erbol
Ары-бері 3 мың, қалғаны 2 мың… жетпейді.Жетіскен демалыс болмайды.
Zilola
ааа, алдын барғандардан естіп алып жазғаным ғо
balzaminka
Не ғой, Қалдықыз, 5000 тг деген аз
Біз барғанда тамақ сатып алмағанбыз, сондықтан бізге 5000-нан болды ше
Zilola
тамақты қайдан алдыңдар сонда?
balzaminka
Біз барғанда тамақ сатылатын орын әлі ашылмаған болатын, сондықтан  былай болдық. Сатыдағы магазин бағасы қымбат, оны жазған болатынмын.
Ал біз қалай қоректендік десем, күлкі болды өзі. Сол парктің ішінде аспаз бар екен, сол кісі бауырсақ, булочкалар пісіріп дастарханға қойып жатырғанын біз көріп қалып, сатып алар ешнәрсе таппаған мен ол кісіге барып булочка сатып бересіз бе дегем ғо, ол кісі күлді де, сатпай-ақ осылай бердім деді. Неге күлгенін түсінбедім өзі, кейін Меруерт сатып бересіз бе дегенің күлкілі шықты дегені
Zilola
хе-хе, бізге де бір қолы ашық мейірбан жан жолығар ))
сатып беру дегенің әнектегідей болыпты
Әлгі әнек бар еді ғо тұрып (редька) жайлы ше
bekmur
Biz suretwilermen baramyz senbi kuni. Bir jerde bolady ekenbiz onda)))
Zhanylai
Сонда қанша ақша керек??
Erbol
Менен сәлем айтыңдар. Тосу керек еді негізі. Асыққандар барып қайтыңдар. Азық-түлікті Алматыдан алған дұрыс. Жолға 2 мыңнан болып кетіпті, Көлсайға дейін. Сатыға 1500-ден. Көлсайға дейін бірақ барған дұрыс. Сатыдан біреу атпен алып қашып кетіп, менің ауылыма келін болып жүрмеңдер))) 87777439602 Бекет деген кісі, Алматыдан сол жаққа адам тасиды. Алдын-ала келіссеңдер болады хабарласып.Киіз үйлер бар, солармен бағасына келісіп жатуға болады. Көлсайдың жағасында коттедждер бар, олардың бағасы 3 мың болуы керек адам басына. Нақты білу керек. Телефоны:
8 (72777) 276-80, 276-81, 276-82 (факс)
Е-mail: gnppkolsaikolderi@rambler.ru ұлттық парктің телефондары осыған хабарласып біліп алған дүрыс бағаны.
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 01:13
balzaminka
Газель 1800 тг Алматыдан, коттедждер адам басына 2000 тг, барушылардың көптігінен орын тие де бермейді екен, туалет далада, душ жоғынан. Киіз үйлер күніне 10-15 мың тг. Палаткаларда да жатуға болады. «Жібек Жолы» деген қонақ үйінде жәй номер 3300 тг, виптер 6000 тг, туалет, душы ішінде
Zilola
рахмет ақпаратыңа
келесі жолы точны барамын
omarbirat
Тәәәк, ол жерге барған соң, табиғатты тамашалап, таза ауа жұтып, суретке түс(ір)уден басқа не істеуге болады? Суға түсу, балық аулау, сыралатып жату?
Altygradus
Суға түсу, балық аулау, сыралатып жату?
таудың суы болғасын форель бар ғой дим онда.
ал суға түсу бррр 30 секунд максимум немесе бір мин шығар шыдауға болатыныну морж біреу болмасаСуы деген мұздай
balzaminka
Балық аулауға рұқсат жоқ, алайда қармақ салып жатқандарын көрдім. Суы енді салқын, бірақ терпимо  Көлдерге барып қайтасыз атпен болмаса жаяу, атпен барып-келу 6 мың тг. Сағатына 1000 тг-ге жылқы алып жәй жүріп қайтсаңыз болады. Болды ғо дим осымен )
Beytanis
Демалып, арқаға тай массажын жасатып, балшыққа түсіп, ой мен бойды позитивке бастар күн қайда?