Жаһандану


Жаһандану туралы қазір кім айтпайды десеңші. Шынымен де жаһанданудың ұлтты жоя алатынын білгендіктен айтады. Оның дүлей күш екенін бәрі мойындайды. Егер де жаһандануға қарсы тұра алмайтын болсақ, ағысқа қарсы жүзіп неміз бар. Ғалымдардың айтуы бойынша, жаһандану дүние жүзіндегі барлық ұлттық мемлекеттерді (90% бір ұлттан құралған) жояды екен. Ал Қазақстанды (көпұлтты деп ақпарат құралдары жаһанға жар салатын Қазақстанды) біз ұлттық мемлекеттер қатарына жатқыза алмаймыз. Демек жаһандану алдында сол елдерге қарағанда дәрменсізбіз.

Сурет мына жақтан барымталанды.
Әрі қарай

Қаламымды қайта алдым!


Мен бала кезімде ғарышкер болуды армандаушы едім. Мүмкін бұл әр баланың арманы шығар. Жаздың кей кештері далада жатып алып аспанға қызығушылықпен көз тастар едім. Астраномияға деген қызығушылығым ең алғаш «Космодромнан сөйлеп тқрмыз» деген Юрий Гагарин туралы кітапты оқытып еді. Кейіннен ғарышқа байланысты фантастикалық әңгімелерді көптеп оқыдым. Оның ішінде «Дымбілместің Айға саяхаты» да бар. Сөйтіп жүріп кішігірім фантастикалық әңгімелер жазып тұрдым. Оным Ұланға да шығып біраз мәз болып едім. Кейін жігіт болдым ба, әйтеуір әңгіме жазуды ұмытып кеттім. Кейін колледжде де оған қарауға уақыт болмады. Енді қазір сол кездегі қаламымды қолыма қайта алып бірдеңке шимайлаған болдым. Соны бір қарап шығыңыздар.
Әрі қарай

Пионерский, Октябрьский

Әкем салған үй орналасқан райондағы көшелер Рабочая, Пионерский, Октябрьский, Малая, Строительная, Молодежная т.с.с. пролетериаттық болып кете беретін. Тек екі ғана көше М. Мәметова және Ақтөбе болды. Бұрын еш мән бермеген екенмін, қазір ойлап отырсам, осы екі көше атауы еш логикаға бағынбаған екен. Сіздердің пікірлеріңіз қандай екен, ортаға салсаңыздар

ПС: Қазір көше аттары өзгерді әрине, тек жоғарыдағы екі көше өзгеріссіз.
Әрі қарай

Көнекөзім (Элегия)

Дүбіріменен өмірдің,
Керуен – пенде көшкен көп.
Сүйегі асыл бабалар,
Жүрегімізден көшкен жоқ.

Үйіміз ауыл шетінде,
Жер бетіндегі еншіміз.
Бықия ақсақал біздерден,
Бөлектенбейтін көршіміз.

Баптайтын-дағы сұр атын,
Батпандай ойға бататын.
Таң ата сала тұратын,
Күн батар шақта жататын.

Бір құшақ отын әкеліп,
Маздатып пешті алатын.
Алаумен бірге лаулатып,
Көзіме шырақ жағатын.

Бойыма тарап әз үні,
От болып маздағаным-ай!
Маңдайындағы әжімі –
Жалғанның жазбаларындай.

Содан соң, атқа бағыштай,
Арқан өретін кендірден.
Атамнан тағы қалыспай,
Ой өретінмін мен бірден.

Қалмайтын мүлде тұрақтап,
Айлар да өтті алмасып.
Желісі кетті жырақтап,
Келешектермен жалғасып.

Көңілдің гүлін теруші ед,
Атамыз бүгін жоқ қолда.
Шындықты жақсы көруші ед,
Шын дүниеге кетті ол да.

Ертеңгі күнге сайланып,
Ұйқыға ерте жатамыз.
Шайменен бірге жайланып,
Мұң ішуші еді атамыз.

Сол күні сырнай — санаңмен,
Жайлы бір сазды жырладың.
Шұғылалы күндей баттың да,
Таңменен неге тұрмадың?

Мұң дәмін татырғаның ба?
Жүректі кеттің жылатып.
Шәй ұрттап отырғаныңда,
Сені ұрттап қойды-ау уақыт!!!
Әрі қарай