Мұң атаулы жолай алмас көңілге,
Қорқыта алмас мені тіпті өлім дe,
Сіз болсаңыз жүрегімнің төрінде…
Сіз барда …
Суыта алмас сезімімді ызғар да,
Қарсы тұрам қарлы боран мұздарға,
Жетелейді алға мені үнемі,
Көкірегімде бүршік атқан ізгі арман
Жүрегімде сіз бар да…
Ештеңе емес…
Ештеңе емес жаным біраз тоңғаны,
Түк те емес көңілге мұң қонғаны,
Атады әлі талай шуақ таңдарым,
Жүрегімде сіз болсаңыз болғаны…
«Любка» атты фильмді аяқ астынан тауып, көріп шықтым. Фильм өмір шындығын көрсеткен. Операторлық жұмыстар жоғары деңгейде, елуінші жылдардың ақ-қара түсін, кейіпкерлердің киімін, шаш үлгісін, әуенін жақсы әшкерелеген.
Фильмнің басты кейіпкерлері ретінде екі қыздың өмірі алынған. Бірі еврейдің зиялы отбасынан шыққан жас дәрігер Ирина енді туылған қызы мен анасы үшеуі Мәскеуден кішкентай қалашыққа жұмыспен жіберіледі. Көп ұзамай анасы көз жұмып, дәрігер қыз бүлдіршініне қарайтын адам іздейді. Бірақ металлургиялық қоныстың басты контингенті ерікті жалдамалы жұмысшылар мен түрмеге отырып шыққандар болғандықтан, тиісті бала бағушы табу қиынға соғады. Және екіншісі бала бағушы ретінде жұмысқа алынған — Любка. Ирина ата-анасының алақанында бағып-қағылған қыз болса, Любка — өмірдің қаталдығы мен тағдырдың тауқыметін көріп өскен, өте өжет, батыл, адамдарды ажырата білетін адам.
Қарап отырсақ, сол кездегідей қиын заман болмағанда, мұндай екі түрлі жан бір-бірімен осы өмірде өте сирек жолығу керек секілді. Алайда, жан-жақтағы ел түрмеден шыққан қыз деп шулағанымен, Ирина Любкаға сеніп, екеуі бірге қиыншылықтарға төтеп берді. Шын мәнінде де, жанашыр жақын адамға деген ықыласқа, ыстық ұяға өмір бойы шөлдеп келген жетім көңілге Ирина бір үлкен тірек болып көрінді. Ал нәзік жанды дәрігер қызды еврейсің деп жұмыстан шығарып, елдің қысымын көріп, қайғы жұтып, сағы сынған кезде, Любка тіреуіші болып, бойына әжептәуір қуат қосып, еңсесін тіктеп алады. Сөйтіп екеуі біріне-бірі қамқор болады. Фильмнің соңында екі кейіпкердің жолдары бөлек кетеді. Тағы да осы өмірде кездеседі ме, белгісіз…
Актерлер өз рөлдерін тамаша сомдап шықты. Любканың рөлінде ойнаған Елена Лядова актриса ретінде қатты ұнады. Қоңыр, жуан дауысы өзіне сондай жарасымды. Бұл фильмнен кейін, осы актрисаның басқа да «Везучая» атты фильмін көрдім.
Алехандро Аммендебарды мен алғаш көргенімде Туаймайттенге бір-ақ түйіншекпен келген испан иммигранты болатын. Екінші рет көргенімде, Алехандро онысын да ішіп қойған екен. Егер көшеде әр адамның балағына жабысып, әңгімесін аяқтап беруді сұраған бейбақты көрсеңіз Алехандро Аммендебардың нағыз өзіне тап болдым дей беріңіз.
27 қаңтар күні Түркия Республикасының елшілігінің ғимаратында (Тәшенов көшесі 3) кешкі сағат 17:00- де белгілі дәстүрлі әнші, сазгер Зағипа Иманғазиеваның «Gel gör beni» (Кел көр мені) атты бейнеклипінің тұсаукесер рәсімі өтеді.
Салтанатты шараға Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұлов, Нұртай Сабильянов, Оразкүл Асанғазы, ақындар Серік Тұрғынбекұлы, Дәулеткерей Кәпұлы және басқада қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ бауырлас Түркия елінен де Ескі шеһир қаласының әкімі, Түркі дүниесі одағының президенті Орал Бүйүксары бастаған мәртебелі қонақтар келмек.
Аталмыш шара елордамыз Астанадағы «Түрік мәдени орталығының» қолдауымен өткелі отыр.
Зағипа Иманғазиева ¬– Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата университетінің түлегі. Халық әндері кафедрасының ішіндегі жыраулық дәстүр мамандығын үздік бітірген. Нұртуған ақын мектебінің өкілі, фольклор зерттеушісі, дәріс беруші әрі дәстүрлі әнші-сазгер.
«Елім менің» патриоттық әндер байқауының «Аманат» номинацияның бас жүлдегері, «Дала дауысы» халықаралық радиофестивалінің лауреаты.
Бірнеше халықаралық үлкен байқаулардың лауреаты,
Түркияның мәдениет министрінің арнайы шақыртуымен Анадолы елінің бірнеше қаласында және Ескішеһир қаласында бірнеше мәрте жеке концертін өткізіп Қазақ-түрік мәдени байланысының нығаюына ат салысушы әрі түркі халықтары арасында қазақ өнері мен мәдениетін дәріптеп жүрген өнер иесі.
«Gel gör beni» (Кел көр мені) ¬– термесі атақты түрік шайыры Жүніс Әміренің (Юнус Емре) туындысы. Жүніс Әміре шамамен (1238-1320) жылдары аралығында өмір сүрген түрік ақыны. Қазақ даласында туып, Осман империясының алғашқы астанасы болған Ескішеһир қаласында дүние салған. Анадолыдағы Қожа Ахмет Иасауи жолын қуған сопылық мектептің негізін қалаушы.
Бұрын бастауыш мектеп оқып жүргенімде базарға барып пакет сататын едік. Сонда сол пакетті 50 тиыннан алып, 2 теңге сататынбыз. Сонда ет алушыларға етін салу үшін екі-үш бала таласып, өзінің пакетін өткізу үшін ілінісіп қалатынбыз. Сонда не жоқ дейсің ғой бізге? Қазақты өлтіретін мына сөз ғой: Анау пәленше көршінің баласы анандай жұмыс жасайды, сен неге жасамайсың деген?
Осыны естігенде саған ұсыныс сұрақ емес қой, сұрақ форматындағы бұйрық қой. Үн шығармастан, жұрттың баласынан неміз кем деп, белді бекем буып алып базарға қарай бет аламыз. Сонда таң ертеңнен кешке дейін 40 пакет сатқанымызға мәз болып, кепкамызды аспанға атумен келеміз ғой. Сонда 6 шақырым жолды ерінбей жүріп келеміз. Бәлкім, ол кезде маршрутты таксидің болмауынан шығар. Айтқандай болған, бірақ олар ақшасы жоқ деп мінгізбей кететін. Қайтсін, ол да бала-шаға бағып жатқан бейбақ қой. Сол кезде олай ойламайтынбыз, дөңгелегіңе шеге кіріп кеткір деп қарғайтын едік. Енді осыны есіме түсірсем, шынында бала болған екнебіз ғой. Әйтпесе анау қарғыстар іске асса, нәтиже жаман ғой.