Өткен шақта

Бұрын бастауыш мектеп оқып жүргенімде базарға барып пакет сататын едік. Сонда сол пакетті 50 тиыннан алып, 2 теңге сататынбыз. Сонда ет алушыларға етін салу үшін екі-үш бала таласып, өзінің пакетін өткізу үшін ілінісіп қалатынбыз. Сонда не жоқ дейсің ғой бізге? Қазақты өлтіретін мына сөз ғой: Анау пәленше көршінің баласы анандай жұмыс жасайды, сен неге жасамайсың деген?
Осыны естігенде саған ұсыныс сұрақ емес қой, сұрақ форматындағы бұйрық қой. Үн шығармастан, жұрттың баласынан неміз кем деп, белді бекем буып алып базарға қарай бет аламыз. Сонда таң ертеңнен кешке дейін 40 пакет сатқанымызға мәз болып, кепкамызды аспанға атумен келеміз ғой. Сонда 6 шақырым жолды ерінбей жүріп келеміз. Бәлкім, ол кезде маршрутты таксидің болмауынан шығар. Айтқандай болған, бірақ олар ақшасы жоқ деп мінгізбей кететін. Қайтсін, ол да бала-шаға бағып жатқан бейбақ қой. Сол кезде олай ойламайтынбыз, дөңгелегіңе шеге кіріп кеткір деп қарғайтын едік. Енді осыны есіме түсірсем, шынында бала болған екнебіз ғой. Әйтпесе анау қарғыстар іске асса, нәтиже жаман ғой.

Бөлісу:

2 пікір

bake
естелік жазыпсыз, балалық шақ қылықтарыңызды сипаттапсыз, әркім дәл сіз сипаттаған «естелік» үзіндісін өзінің өткенінде табатына сенімдімін және ұмыт болып болған естелікті жаңғыртқаныңызға разы болар: балалық -тәтті шақ. Бірақ та қысқа жазуды толық қою түспен ерекшелеп жазғаныңыз «бадырайып» қарағанмен тең
baglankoke
мынаны ақылыңыз деп қабылдайын ба әлде, сыныңыз деп пе?