Қазақ тілін дамытуды әуелі өзіңнен баста

Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын алып қарайық. Оның ішінде қазақ тілді газет-журналдар мен теле-радио хабарлар. Барлығында ұлт, дін, тіл, діл туралы жоқ дегенде бір мәселе қозғалады. Қызыл тілмен көсіле жазған автор, өз мақаласында (баяндамасында) қазақ тілінің қазіргі жағыдайы жаман, өліп барамыз деп ышқынып қалады. Аталмыш жазба жарияланады, мәселе халық пен билікке жеткендей болады. Арада аз уақыт өткен соң ел есінен шығып, ұмытылып кетеді. Әлгі автор сол мәселені қайта көтеріп, тағы да шу шығарады. Осылай жалғасып кете береді. Нәтижесі «Ноль». Қазақ тілінің дамуы туралы мәселе тәуелсіздік алған алғашқы жылдары көтерілген болатын. Содан бері арада қанша жыл өтті. Құлаған экономикамыз қалпына келіп, дамудың сара жолына түстік. Ал тіл мәселесі сол тұралап қалған қалпында қалды. Жазғыштар жазудан, айтудан жаңылмады. Сәйкесінше бұл тақырыптан халық жалығып, ондай дүниелерді оқымайтын дәрежеге жетті. Жауыр тақырып атанды. Расында бұлар ең өзекті дүниелер, бірақ нақты іспен емес құр сөзбен көтеріліп жатқандықтан қадірі қашқан. Мұнымен қалай күресуге болады? Әуелі бос аттан мен құр айғайдан арылу керек.

Ғаламтордағы қазақ тілі

Блог - tomarlik: Қазақ тілін дамытуды әуелі  өзіңнен бастаЖоғарыда айтып өткеніміздей, ана тілімізді дамытуда бос аттаннан пайда жоқ. Мәселен қазақ тілінің жай-күйі туралы қазақ тілді газетке жазып көтерудің пайдасы қанша? Ұлттық мүддеге пысқырып қарамайтын кейбір шекпенді ағаларымыз, ана тілімізде жарық көретін газетпен санасады, оларды оқиды деп ойлау асылық болып шықпай ма? Сондықтан нақты қадамдарға барып, тіл дамытуда өзімізден бастайық. Ол үшін не істеу керек? Егер тілді қалай дамыту керек екенін білмесеңіз, тым құрығанда айналаңыздағылармен қазақша сөйлесуге тырысыңыз. Оған көңіліңіз жақпаса қолыңыздан келетін бір шаруаны қолға алып, нақты қадамдарға барғаныңыз жөн. Мәселен, ғаламтор бетінде қазақша ақпараттар аз. Әсіресе википедияда. Бұлда бір кездері біраз шу болып, жазғыш ағайындар газетте мәселе көтерген болатын. Шешімін тапқан шенеуніктер емес алайда. Қолынан іс келетін азаматтар. Барлығын санамалай бермей, өзім білетін бір жігіт туралы айтып өтейін. Есімі барлықтарыңызға жақсы танымал болуы керек. Қазақша уикипедияның әкімшісі Данияр Тәжімбет деген жігіт. Менен бір жасқа кіші, 94 жылғы азамат. Мектепте оқып жүргенде бір өзі укипедияға жүз мақала салыпты. Қазір сол дүниелер талай ағайынның кәдесіне асып жатыр. Ал енді ойлап көріңізші. Тіліміз дамымай артта қалды деп қазақ газетінде жылауық «жүз» мақала жазған, сол үшін айлық алған жазғыштың еңбегі зор ма? Әлде үндеместен үйде отырып алып, елге пайдасы тиетін һәм ғаламторда қазақ тілінің дамуына үлес қосатын «жүз танымдық мақала» жазған жас баланың еңбегі зор ма?

Қазақша сыйлық
Блог - tomarlik: Қазақ тілін дамытуды әуелі  өзіңнен бастаТағы да сол тіл мәселесі. Өткенде респудбликалық басылымдарды ақтарып отырған едім. (Негізгі мамандығым журналист болғандықтан басылымдарды қарап отыратын әдетім бар). Бір ағамыз көлдей мақала жазыпты. Айтқан сөзі сол баяғы жылауық тақырып. Ұлттық мүде аяқ асты болды, тіліміз өліп барады. Мереке қарсаңында қазақ тілінде жазылған ашық хаттар емес орыс тілділер көптеп сатылады. Қазақы нақышта жазылған кәдесыйлар жоқ… Солай деп кете береді. Бұл бос сөздерден тілдің дамуына қаншалықты пайдалы? Осы мақаланы жазған автор, мәселені басқа қырынан танып ұлттық нақыштағы дүниелер шығарып жүрген жігіттерге қолдау көрсетуге шақырса жөн болар еді. Мәселен, өткен блогерлер құрылтайында Қарағандылық қыздардың жігіттерге ұсынған сыйлығы қазақша күнделік болған еді. Оны жасап шығарған, Қарағандылық Айбек деген жігіт. Болашақпен сонау Лондонда оқып келіп, қазір Қарағанды қаласында жұмыс жасап жатқан жайы бар. Қазақ қыз-жігіттерінің басын қосып шамасы жеткенше ағылышын тілін үйретуде. Одан бөлек, наурызға сыйлық ретінде күнделік дайындатты. Орыстардікі тәрізді емес. Қазақ жыл санауы бойынша 23-наурыздан басталады. Әр бетінде ұлт тұлғаларының қанатты сөздері жазылған. Ұлттық нақышта бейнеленген. Достарыңызға ұялмай естелік ретінде сыйлыққа ұсынуға тұрарлық дүние.

P/S: «Өзіңнен баста» деп санамалап жаза берсем кете беретін түрім бар. Өмірге теріс жағынан қарамай, басқаша қырынан қарап көрейікші? Неге біз тек жаманын көреміз? Егер позитив іздесек ол табылып қаладығой. Сондықтан кез-келген дүние туралы теріс пікір қалыптастырардың алдында «Мен не істедім?» деп ойлаған абзал тәрізді.
Мен не істедім? Дәл қазір мақтанышпен айтуға тұрарлық еш нәрсе істемеппін. Колледжда металлург мамандығында оқып жүрген кезімде, қажетті дүниенің барлығы орыс тілінде болған еді. Соны қазақшаға аударып, орысша түсінбейтін достарыма беріп жүрдім. Кейін келе жинақталған дүниелерді ғаламторға жариалады. Бар бітірген шаруам сол. Сіз не істедіңіз?
Әрі қарай

«Маусымашар - 2015» «Тарих маусымы!» атты Жайдарман ойыны

Блог - Tore_baga: «Маусымашар - 2015» «Тарих маусымы!» атты Жайдарман ойыны
Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар саясаты орталығы, Қазақстан КВН Одағы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар арасында Жайдарман ойынын дамыту, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, құқық бұзушылық, жат мінездердің алдын алу, жастардың бос уақытын тиімді өткізуді үйлестіру, ой қабілетін дамыту, өмірге деген позитивті көзқарасын ұлғайту және облыстың намысын қорғайтын команда құрып, республикалық деңгейге шығару мақсатында Алматы облысының ашық чемпионаты Республикалық «Жетісу» аймақтық лигасы «Маусымашар — 2015», «Тарих маусымы!» атты Жайдарман ойыны өткізілді. Ойынға Алматы облысының аудан, қалаларының үздік деп танылған 29 жайдарман командалары жиналды. Әділ қазылардың шешімімен командалар «А» және «Б» болып 2 топқа бөлініп өз өнерлерін көрсетті. Ойынға әділ төрелік еткен «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айдын Нұрмұхамбетов, Қазақстан КВН Одағы Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Әділбек Абилов, «NEW NOMAD» студиясының өкілі Азамат Мингенов, «Абай даңғылы 8» жайдарман тобының мүшесі Ердос Оралбеков және «АЭС» тобының мүшесі Қуандық Әбдіқадыров төрешілік етті. Ал «Сенсация» жайдарман тобының мүшесі Байбосынов Дастан ойынның жүргізушісі болды. Бірінші топтың ойынынан кейінгі жарты сағаттық үзілісте, өз ісінің шеберлері, тәжірибелі жайдарманшылар, жас ойыншыларға семинар өткізді, семинар барысында жайдарманшыларға стильдік қатемен жұмыс істеу және редакторлық жұмыстардың маңыздылығы жайлы өз біліктіліктерімен бөлісті.
Ойын барысында Еңбекшіқазақ ауданы «Қазақ жастары», Алматы қаласы «Тәтті», «Алмалы», Шымкент қаласы «ХТТУ Жастары» жайдарман топтары көрермен көзайымына айналып, ерекше көзге түсті. Ойынның қорытындысы бойынша бас жүлдеге «Маусымашар – 2015» Жеңімпазы болып Еңбекшіқазақ ауданы «Студенттер қалашығы» жайдарман тобы иеленді сондай-ақ жалпы өнер көрсеткен барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Ойын соңында көрермендер «Сенсация» жайдарман тобының ойынын тамашалады.
Блог - Tore_baga: «Маусымашар - 2015» «Тарих маусымы!» атты Жайдарман ойыныБлог - Tore_baga: «Маусымашар - 2015» «Тарих маусымы!» атты Жайдарман ойыны
МАУСЫМАШАР НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША 16 КОМАНДА ШИРЕК ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ:
1. ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚҰРАМАСЫ «ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ» және «ЖАҢА ҚАЗАҚТАР».
2. ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫ «ЕҢБЕКШІ КЗ». Көрсетпеген және плагиат әзілді ойында қойған үшін (Ат махаббаты) ширек финалға 0,5 балл айыппен кіреді.
3. ҚАРАТАЛ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ «ҚАРАТАЛ ҚЫРАНДАРЫ» және ҮШТӨБЕ ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ.
4. ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫ, «ҚАПШАҒАЙ ҚҰРАМАСЫ».
5. ЖАМБЫЛ АУДАНЫ «ЖАМБЫЛ ЖАСТАРЫ».
6. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІ «ҚАЙНАР ҚҰРАМАСЫ».
7. АЛАКӨЛ АУДАНЫ, ДОСТЫҚ СТАНЦИЯСЫ «ДОСТЫҚ ҚҰРАМАСЫ».
8. ІЛЕ АУДАНЫ, МЕЖДУРЕЧЕНСК АУЫЛЫ «ӘСКЕРГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ЖІГІТТЕР».
9. САРҚАН ҚАЛАСЫ «ӘҢГІМЕ ЖОҚ».
10 «ХГТУ ЖАСТАРЫ» ШЫМКЕНТ.
11 АКСУ АУДАНЫ, ҚЫЗЫЛАҒАШ АУЫЛЫ «ЕСТЕ САҚТА».
12 ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ «ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ».
13 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «АЛМАЛЫ».
14 ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ, ЕСІК ГУМАНИТАРЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ «СТУДЕНТТЕР ҚАЛАШЫҒЫ».
15 ТАЛДЫҚОРҒАН, ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «ЕРЕКШЕ ҚҰРАМА».
16 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «ТӘТТІ КОМАНДАСЫ».
Блог - Tore_baga: «Маусымашар - 2015» «Тарих маусымы!» атты Жайдарман ойыныБлог - Tore_baga: «Маусымашар - 2015» «Тарих маусымы!» атты Жайдарман ойыны
Бұл командаларға республикадан тағы 5-6 команда қосылады. Жалпы 20-21 команда 3 топқа бөлініп, мамырдың ортасында ойнайды. САЙЫСТАР: 1. СӘЛЕМДЕСУ 4-5 минут, 2. БІР КӨРІНІС 3-4 минут.
ЖАЛПЫ ТАҚЫРЫП: КӨКТЕМ. Нақты тақырыптарды және кім қай топта ойынайтынын сәуірдің ортасында жібереміз.
Жаркент және Қаратал аудандары командалары тек қосылып құрама шығару шартын орындаса ғана ширек финалда ойнай алады.
Блог - Tore_baga: «Маусымашар - 2015» «Тарих маусымы!» атты Жайдарман ойыныБлог - Tore_baga: «Маусымашар - 2015» «Тарих маусымы!» атты Жайдарман ойыны
Маусымашарда жақсы өнер көрсеткен 6 командаға тағы бір мүмкіндік береміз. Мамыр айында олар үшін арнайы ойын өткізіледі. Бұл ойында ұтып шыққан 1 команда Жетісу Аймақтық лигасының тікелей жартылай финалына жолдама алады. Сайыстар: Сәлемдесу 4-5 минут және 5 жаңалық.
1-6 ФИНАЛ
1 КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ, САРЫӨЗЕК КЕНТІ «КҮРЕҢБЕЛ ЖАСТАРЫ»
2 ТАЛДЫҚОРҒАН БІЛІМ КОЛЛЕДЖІ «ҚЫЗДАРАЙ»
3 ТАЛДЫҚОРҒАН ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ»
4. ТАЛҒАР АУДАНЫ «ТАЛХИЗ ТЕНТЕКТЕРІ»
5. САРҚАН АУДАНЫ ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ( ЕКІАША АУЫЛЫ «КЕРЕМЕТ»+ АЛМАЛЫ АУЫЛЫ «ҚЫТТЫҚТАМА ӨЗІМ КҮЛДІРЕМ»)
6. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ «ТҰЗДЫБАСТАУ ҚҰРАМАСЫ»
Әрі қарай

Қазақилықпен Қазақпайшылық

Қазақилық дегенің ол қазақтың дархандығы оның кеңдігі өзінің даласындай мейрімділігі. Ал, қазақпайшылық деген көккөз орыс құл қылу үшін қолданған қазақты мұқату үшін жасалған жаңа сөз. Әйтпесе ертедегі қазақта "қазақпайшылық" деген сөз болмаған. Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

Киллер

Киллер сөзін бала кезімде кинолардан естіп, әйтеуір жақсы сөз емес екенін білгенмін. Кейін оқушы кезімде бұл сөздің "өлім, өлтіру" деген сөзден шыққанын ағылшын сабағынан білдім. Бірақ мен бұл сөздің мағанасын айқындағалы отырған жоқпын, Асқар Алтайдың «Киллер сауысқаны» жөнінде айтқалы отырмын. Бұл шығарманың мазмұнында жазбаймын, өздеріңіз оқып алыңыздар.
А.Алтайдың бұл туындысы өте тамаш және ерекше. Сауысқан киллер десе киллер екен. Шығарманың атын қоюда біраз ойланыпты жазушы. Содан баласы оқып шығып, сауысқаныңыз киллер екен дегенде, сол сөз ұнап қалып, «Киллер сауысқан» атанады шығарма.
Шығарма лирикалық шегініс негізінде жазылған. Бас кейіпкердің сауысқанды киллер етем деп, өзі өмірдің зардабын көруімен аяқталады.
Қазақ әдебиетіне фантастикалық элементтерді енгізіп жүрген жазушы А.Алтайдың «Киллер сауысқаны» оқушысына көөп нәрсені ұғындырады. Әсіресе ұлттық құндылық, қазақы наным, қазақы намыс. Кітаптар әлемі: Киллер
Әрі қарай

Олимпиада

ҚазҰУ-де «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбында республикалық пәндік олимпиада өтуде
Аталмыш олимпиадаға еліміздегі 12 ЖОО-дан командалар бақ сынады. Олимпиаданың биылғы ерекшелігі байқаудың екі күнге созылуы және номинациялар санынының ұлғаюы болып саналады. Атап айтар болсақ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті
Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар)
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бақ сынады. Байқаудың алғашқы күні болашақ журналистер өздерінің теориялық білімін сынады. «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистикаға кіріспе», «Шетел журналистикасы», «Тележурналистика» атты негізгі пәндер бойынша тест сұрақтарына белгіленген екі жарым сағат ішінде жауап берді. Әрі қарай университет мұражайын аралап, қара шаңырақтағы студенттердің өмірімен танысты. Байқаудың келесі күні үміткерлер өз мамандықтарын қаншалықты игергенін әділқазылар алқасы алдында көрсетті. Яғни, «Ең дарынды болашақ журналист» байқауы бұқаралық ақпарат құралдары салалары
1. «Ең үздік фото»;
2. «Ең үздік бейнесюжет»;
3. «Ең үздік үнхабар» (радиохабар);
4. «Ең үздік онлайн жазба»
номинациялары бойынша өрбіді. Оған «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Айнаш Есалы, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлы, «Айтуға оңай» бағдарламасының редакторы Жазира Исаева, танымал блоггер Дінмұхаммед Зиядин қазылық етті.
Әрі қарай

Дарынды журналистер сынға түсті

Қазақ университеттерінің қара шаңырағы, ҚазҰУ төрінде, «Журналистика» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтіп жатыр. «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбындағы олимпиадаға, еліміздің әр қиырындағы 12 ЖОО студенттері жиналған. Білімділер бәсекесінде болашақ мамандар өз білімдері мен игерген машықтарын ортаға салды.

Бұл олимпиада басқалардан өзгерек

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түстіЖыл сайынғы дәстүрге айналған «Ең дарынды болашақ журналист» атты білімділер додасына еліміздің әр қиырынан сан түрлі жас жиналды. Бәрінің алға қойған мақсаты біреу. Өздерінің білімдерін ортаға салу, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысып бағу. Өмірдің өзі күрес, кез-келген бәсекеде алдыңғы қатардан көрінуге тырысу табиғат заңдылығы. Алайда, олимпада барысында ол заңдылық сақталмаса да болады. Себебі, университет қабырғасында жүріп, теорияны кітаптан, ұстаз дәрісінен оқу арқылы алған білімді, басқа студенттермен кездесіп, талқыға салу арқылы бекіту мүмкіндігі туындайды. Сондықтан, жеңіске жетемін деп емес, «Білім аламын, тәжірибе жинаймын»-деп келу қажет.
Тағы бір айта кетерлігі, өзге мамандықтарға қарағанда журналистика мамандығында өтетін олимпиаданың өзгеше тұстары бар. Мәселен, бөгде мамандықта өткен олимпиада да жеңімпаздар жалпы командалық есеп бойынша анықталатын болса, бұл жерде бәрі басқаша. Командалар өздерінің біліктіліктерін тәжірибеде көрсетеді. Яғни видео сюжет дайындау, аудио оқу, фото түсіру мен онлайн жазба салу. Аталмыш бағыттар бойынша үздік шыққандар жеңімпаз атанады. Журналист мамандығы өзге салалардан қалай ерекшеленсе, оның оқыту әдістері де сондай.

Алматы сапары және олимпиаданың алғашқы күні

Алғашқы күннің қалай өткенін, не істелгенін төмендегі суреттен көруге болады.

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түсті

Ащы шындық

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түстіБұл күні біз тек сынақ тапсырумен ғана шектеліп қалған жоқпыз. Аты барша Қазақстанға жақсы танымал ҚазҰУ қалашығын аралап, осы жерде оқитын қатарластарымыздың тыныс-тіршілігімен таныстық. Талай жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаздар қауымының айтқан ақылдары мен келелі сөздеріне құлақ түрдік. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстазы, ғалым Назгүл Шыңғысованың сөзі көңілге қонымды.
«Бүгінде қазақ тілді мерзімді басылымдардың жұмысы сын көтермейді.Әсіресе аудандық және облыстық газеттердің көпшілігі білікті мамандардың тапшылығын сезінуде. Маман болмағандықтан олардың көпшілігінде басқа саланы бітірген жандар журналист болып жұр. Бұл мерзімді басылымдардың сапасының төмендеуіне өзіндік ықпалын тигізбей қоймайды. Жыл сайын елімізде қаншама жас журналист мамандығын бітіріп, қолдарына диплом алып шыққанымен, ешбірінің алыс ауданға барып жұмыс істегісі келмейді. Барлығы үлкен қалада қалып қойғысы келеді»,- деді Назгүл Шыңғысова.

Ұстаздың айтқаны ащы да болса шындық. Алыс ауданға барып, шағын газетте ұмыс істеуді ар көріп, атақ қуып, телеарнадан көрінсем деп жүрген әріптестеріміздің бары жасырын емес. Айтар сылтауы да дайын. Аудандық газеттерге жұмыс істеуге қажетті жағыдай жасалмаған. Оларда жүріп танымал болу қиын. Бірақ бұл сылтау ғана. Егер шын ниетімізбен беріліп жұмыс істесек, еңбек қашанда бағаланады. Қазақ тілді басылымды біз, кәсіби мамандар ойламасақ, дамытпасақ, маман деген атағымызға сын емес пе?

Екінші күн. Ақтық сын.

Сайысқа келген жастардың көкейінде толқу сезімі басым. Оны қобалжыған түр-әлпеттерінен-ақ байқауға болады. Енді ше? Бұл кімнің бағы жанғанын. Қай команданың білімі мен біліктілігі жоғары екендігін анықтайтын күн. Екінші турдың басында әр команда өзін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Түсінбеушілік болмауы үшін, командалардың ортаға шығу реті жереби бойынша анықталды. Жеребе бойынша, білімділер додасын бастау мәртесебі Қарағандылық студенттерге (бізге) берілді. Осыдан соң, әр топ ортаға шығып, өз өнерлерін танытты. Осыдан соң, төрт номинациядан (фото, видео, радио, онлайн) тұратын сайыс басталды.

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түсті
Алғашқы кезек: «Студенттің бір күні» тақырыбындағы фото байқауға берілді.

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түсті

Келесі кезекте «Жаңа қазақстандық патриотизм-өркениетті қоғам жетістігінің кепілі» тақырыбында осы байқауға арнайы дайындалған бейне сюжеттер ұсынылды.

Блог - tomarlik: Дарынды журналистер сынға түсті

Студенттер үйге берілген тапсырмаларды орындап шыққан соң, тікелей эфирде хабар таратуға радио торапқа отырды. "Өңірлік журналистиканың даму жолдары" тақырыбында журналистиканың өзекті мәселелерін көтеруге тырысып бақты.

Жас журналистердің еңбектерін тамашалаған түрлі саланың мамандары өз пікірлерін айтып қалды. Мақтау мен мадақтаудан бөлек сын да айтылды. Сын айтылмай мін түзелмейді. Алайда әріптестеріміздің көпшілігі айтылған сын мен берілген бағаға қарсы шығып, дау тудырып жатты. Бұл халықтың айнасы, жұртқа үлгі болатын мамандық иелері үшін жараса бермейтін қылық екені анық.
Жоғарыда айтылған үш номинациядан бөлек, тағы бір сын жүріп жатыр. Ол мына біздер. Технологияның дамыған заманында ғаламтор арқылы хабар тарататын интернет журналисттер (блогерлер). Екі күн бойы не істеп, не қойғанымызды жазып. Ғаламтор арқылы төрткүл дүниеге хабар таратудамыз.

Жүзден жүйрік шыққан кімдер?

(Бұл тарау, олимпиада толық аяқталып, марапаттау шарасы біткен соң жарияланады)
Әрі қарай

Әлеуметтік желі блогерлеріне арналған жарыс: «Қазақия-2015»

Блог - asaubota: Әлеуметтік желі блогерлеріне арналған жарыс: «Қазақия-2015»

«Қазақия-2015» блог-cапар шарттары

Бұл не байқау?
«Қазақия-2015» бұл – 14 тәулікте Қазақстанның 8 облысы мен республикалық маңызы бар қаласын, 12 стансасын темір жол бойымен басып өтетін блог-байқау.
«Қазақия-2015» бұл – 1 000 000 теңгелік жүлде қоры бар, сапалы интернет-контент жасай алатын, әлеуметтік желі белсенділерінің бірегей сайысы

Байқаудың мақсаты не?
Байқаудың мақсаты – әлеуметтік желі белсенділерінің көзімен Қазақстанды ең алдымен өзіміз үшін жаңа қырынан таныту, қазақ тілді интернет кеңістікті (әлеуметтік желі) сапалы мәтіндік, бейне, фото контентпен толықтыру.

Қашан болады?
Байқау іріктеу кезеңдерін қоса алғанда, 26 наурыз бен 25 сәуір аралығында өтеді. Блог-сапардың өзі 10 сәуір мен 24 сәуір аралығында өтеді.

Кім қатыса алады?
Байқауға әлеуметтік желіде (оның ішінде Фейсбукта) белсенді, тұрақты пост жазушы (кем дегенде аптасына 1 пост), сапалы контент қалыптастыра алатын кез келген азамат қатыса алады.
Байқау тілі – қазақ тілі.

Қалай іріктеледі?
Қатысуға ниет білдірген интернет-белсендінің кем дегенде 2000 интернет-досы болуы тиіс. Әрбір үміткер өз парақшасында осы ақпаратпен бөліседі және «Қазақия-2015» байқауының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланған жаңалықтарды бөлісіп, таратуы тиіс.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:
Алғашқы кезең – интернеттегі іріктеу (26-31 наурыз, 2015)
Байқауға қатысуға ниет білдірген азаматтар qazaqia2015@gmail.com поштасына: аты-жөні, туған күні, жылы, әлеуметтік желідегі профиліне сілтеме және байланыс құралдары (телефон) туралы ақпаратты жолдайды.
Және іріктеу мақсатында қатысуға үміткерлерге келесі бағыттар бойынша 2 пост (фото, бейне, мәтін) жазу сынағы беріледі.
1. «Көктемгі позитив»
2. «Өзіңнен баста!»
3. «Менің жерім»
4. «Ата-анама құрмет»
5. «Отбасым – Отаным»

Ұйымдастыру тобы өтініш білдіргендердің ішінен байқау шарттарына сәйкестігі мен интернеттегі белсенділігі мен тартымдылық индексіне қарап, 50 адамды іріктеп келесі кезеңге өткізеді. Бұл тізім ресми парақшаларда жарияланады.

Келесі кезең – арнайы байқаудың қазылар алқасы осы елуліктен блог-сапарға аттанатын ондықты (12-13 адамға дейін болуы мүмкін) анықтайды.
Бұл ондыққа ілігу үшін әрбір қатысушы сапар бойынша өзінің болжамды жоспарын ұсынуы тиіс. Жоспарда маршрутқа сәйкес стансалардың атауы мен ол жерде өзі жазатын посты, түсіретін фото-видеосының тақырыбы мен кейіпкері, формасына байланысты ақпарат болуы керек. (5 сәуірге дейін, 2015)

Үшінші кезең – блог сапар (10-24 сәуір, 2015 )
Блог сапарға аттанатын топқа қосылған байқау қатысушылары – пойызбен жолсапарға шығады. Байқау қатысушыларының еңбегі интернеттегі жазбасының тартымдылық индексі (пост, перепост, like, комментарий) ескеріле отырып, қазылар алқасының қорытынды шешімімен анықталады. Сапар маршруты мен нақты байқаудың ережелері және байқаудың қазылар алқасының құрамы қосымша жарияланады.

Жоба демеушісі – Altel 4 G GSM компаниясы
Қосымша сұрақтарыңыз бен ұсыныс-өтініштеріңіз бойынша: qazaqia2015@gmail.com, +7 701 958 59 45
Әрі қарай

«Қарғыстың өзі тілек еді ғой!»

Қарғыс, ғайбат айтуды біздің қазақтан асырып айтатын ел жоқ па деп қаласың кейде. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің өзі: «жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды» дейтіні бар.
«Әке-шешенің баласына және зұлымдық көрген адамның залымға жасаған бетдұғасы (қарғысы) қайтарылмайды.» делінген екен хадисте. Яғни, кез-келген уақытта Алланың қалауымен қабыл болып кетуі мүмкін. Шешенің балаға ашуланғанда айтып жататын сөздеріне тереңінен үңілмей үстіртін қарап жатамыз. Бәріміз де бала болдық. Балалықпен бірдеңені бүлдіріп қойсақ әжелеріміз қалай ұрсатын еді: «Өй, бар болғырлар», «Тұқымың құрымағыр», «көсегең көгергір», «Әкең аман болғыр», «өркенің өскір» т.б. Бұндай сөзге ренжіп жатқан біз жоқ. Осындай қарғыс естіп өскен біз недеген бақытты едік. Қарғыстың өзі тілек еді ғой. Үлкендердің ақылдарына, сөздік қорларына қалайша таң қалмайсың?! Ал, қазіргі жастардың баласына ұрысқандағы сөдерінен адам шошиды: «оңбаған», «өй, құрығыр» т.б. Осы сөзді естіген бала не болады?! Өз баламыз ер жеткенде оңбай кетсе кінәні кімге жабамыз?! Әр сөзімізге абай болайық ағайын! Қарғыстан Құдай сақтасын.

«Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал мүліктеріңе бетдұға етпеңдер! Дұғаларың қабыл болатын уақытқа тура келіп бетдұғаларың қабыл болады.» (Мүсілім)

«Жақсыға жаным құмар әрқашанда,
Жақсыға жақсы тілек арнасам ба?
Жақсы бол деп қарғашы досым сен де,
Бір күні бір жаманды қарғасаң да!»
(Қ.Медеубаев)
Әрі қарай

Қыдыр Ата Аяз Атамен бәсекелессе?

21-нен 22-не қараған түні Наурызды әр отбасы жаппай шағын отшашумен қарсы алса, Қыдыр Ата тек бата беріп қана қоймай, балаларға сыйлық таратса және елбасы халыққа (мейлі шампанмен не қымызбен) тілек айтса? Бір сөзбен айтқанда сонау 6-ғасырдан бері аталып келе жатқан Наурыз мейрамы қыс мезгілінің бірінші айынан кейін тойланатын жаңа Жаңа жылға тиіссе?

Бір сұрақ: Қыдыр Ата Аяз Атамен бәсекелессе?
Әрі қарай