Олимпиада

ҚазҰУ-де «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбында республикалық пәндік олимпиада өтуде
Аталмыш олимпиадаға еліміздегі 12 ЖОО-дан командалар бақ сынады. Олимпиаданың биылғы ерекшелігі байқаудың екі күнге созылуы және номинациялар санынының ұлғаюы болып саналады. Атап айтар болсақ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті
Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар)
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бақ сынады. Байқаудың алғашқы күні болашақ журналистер өздерінің теориялық білімін сынады. «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистикаға кіріспе», «Шетел журналистикасы», «Тележурналистика» атты негізгі пәндер бойынша тест сұрақтарына белгіленген екі жарым сағат ішінде жауап берді. Әрі қарай университет мұражайын аралап, қара шаңырақтағы студенттердің өмірімен танысты. Байқаудың келесі күні үміткерлер өз мамандықтарын қаншалықты игергенін әділқазылар алқасы алдында көрсетті. Яғни, «Ең дарынды болашақ журналист» байқауы бұқаралық ақпарат құралдары салалары
1. «Ең үздік фото»;
2. «Ең үздік бейнесюжет»;
3. «Ең үздік үнхабар» (радиохабар);
4. «Ең үздік онлайн жазба»
номинациялары бойынша өрбіді. Оған «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Айнаш Есалы, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлы, «Айтуға оңай» бағдарламасының редакторы Жазира Исаева, танымал блоггер Дінмұхаммед Зиядин қазылық етті.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше