Ойын арзан, күлкі қымбат

Күлімдеу – адамзатқа келтіретін ешқандай зияны жоқ дүние. Күлімдеу аз ғана уақытты алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады. Шаршағанның мауқымын басады, үмітсізге шаттық пен өмір сыйлайды. Оны сатып алу мүмкін емес, тіпті ол өтінішпен немесе сұраныспен келмейді. Күлкіні ешкім қарызға бермейді, ұрлап алу да мүмкін емес. Адам баласына дүние есігін ашқан сәттен бастап берілген баға жетпес сыйлықтардың бірі. «Күлкі — өмірді ұзартады» — деп жатады. Адам күлу арқылы өз өмірін ғана ұзартып қоймайды, өзгеге де қуаныш сыйлайды. Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.Блог - AidanaSerikbaevna: Ойын арзан, күлкі қымбат
Әрі қарай

20 наурызда Астанада қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

Астана жаңалықтары: 20 наурызда Астанада қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

2016 жылғы 20 наурызда – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау күні Елордадағы барлық қоғамдық көліктер азаматтарға тегін қызмет көрсететін болады.

Астана қаласының әкімдігі
Әрі қарай

Windows-ті сатып алғанға ақша жоқ

Үйде қолданатын компьютерге Windows OS-сін (Operating system)
сатып алу үшін қаражат жоқ. Оны алмастыру қажет.

-Немен?, -деген сұрағым Ubuntu-мен таныстыққа әкелді.

Негізінде Linux жатыр. Linux бүгін немесе кеше пайда болған жоқ. Сондықтан „графикалық ортамен„ толыққан Linux ядросының негізінде жасалған OS-нің бар болуы жаңалық емес.
Ubuntu-дің базалық жинағына (дистрибутивіне) енген кейбір арнаулы және қолданбалы программалар маған бұрынан таныс екен. Windows-та жүріп қолданғанмын:
-«Thunderbird» бірнеше пошта жәшігінен хаттарды жинағанға ыңғайлы электронды пошта клиенті;
-«LibreOffice» (OpenOffice) офистік программалар жинағы;
-«FireFox» интернет браузер.
Оншақты жыл бұрын Linux ядросы негізіндегі OS жинақтараға жаңа программа тауып және оны орнату ыңғайсыз болғандықтан онымен жұмыс істеп танысудан бас тартқанмын. Қазір жағдай өзгерді. Программаны интернеттегі жинақтан автоматты түрде орнатуға болады.

P.S.:Ubuntu және LibreOffice компьютерге орнатып қолданғаным үшін төледім 0$.
Әрі қарай

Өт жолын қалай тазалаймын?

Мен дәрігерге көрінуге бардым, дұрыс ден қойып қарамады.Өт жолым толған, кекіре берем, ас батуы
қиын.Толығырақ өт жолының тазалау тәсілдерін білгім келеді.Өтініш сіздерге, алдын ала
рахмет айтқым келеді.
Әрі қарай

Судағы із

12 наурызда «Қазақстан» ұлттық арнасы тағы бір жанның қылын шертетін бір ауылдан шыққан үш достың тағдыры жайында «Судағы із» атты драманы ұсынады.

Көрермендер сериалда Мұқан, Қасымжан, Роллан атты басты кейіпкерлердің арасындағы шынайы ерлер арасындағы достықтың қандай болатынын көре алады.

Мұқан – ғалым болып, туған ауылын таза сумен қамтамасыз етесем бе деп армандайды. Ол мектептегі сыныптасы Наркес деген қызға ғашық болып жүреді, бірақ сезімін білдіруге батылы жетпейді. Ойлап қарасақ ақылы көркіне сай, көрегені мол жігіттің болашағынан зор үміт күтуге боларлық. Бірақ, өзіне жақын адамдары оған сатқындық жасап, Мұқанның өмірі күрт өзгеріп, тозаққа айналады.

Сюжетте Наркес қыздың тағдыры осы үш достың өмірімен сабақтас болып келеді. Қасымжанның тағдыры Наркесті зұлымдықтан құтқарамын деп жүргенде, басы дауға түсіп, түрмеге қамалады.

Роллан болса сол кезде Мұқанның қарындасымен кездесіп жүріп, қыздың аяғы ауыр болады. Ауыл тұрындары арасында тарайтын өсектен қашқан қыздың әке-шешесі, қызды қалаға жөнелтуге асығады. Сол кезде жол бойында көлік апатына ұшырап, мерт болады. Уақыт өте келе, қыз да дүниеге сәбиін акеліп, жан тапсырады. Қарындасынан жетім қалған нәрестеге Мұқан қамқоршы болып, ғалым боламын деген арманын шетке ысырып, ауылда қалуды ұйғарады. Осыдан бастап тағдыры да күрт өзгереді.

Фильм сол кезеңдегі 90-шы жылдардан бастап осы кезге дейінгі түрлі оқиғалар арқылы халықтың басынан кешкен қиыншылықтарды суреттейді. Әрдайым есігі ашық, емін еркін жүре беретін берекелі ауылда ұрлық көбейіп, жетіспеушілік деген қырсық шалады. Сонымен қатар, фильмде, мөлдір махаббат, достық, адалдық пен сатқындық қатар жүреді.

Әсіресе, басты рөлдерді сомаған: Дархан Сүлейменов, Ақылжан Мақашев, Тансұлу Мұзафар, Дәстен Шәкіров, Төлеубек Аралбаев, Гүлжамал Қазақбаева, Айгүл Иманбаева, Жомарт Зейнәбіл, Әсел Садуақасова сынды актерлердің кәсіби шеберліктерін атап өту қажет.

Көпшілік сүйіп қөретін фильмдердің режиссері Талғат Теменовтың тағы бір туындысы шынайы өмір көріністерін суреттейтін, терең философиялық мағынасымен көрермен көңілінен шығатынына сенеміз.

«Судағы із» кинотуындының алғашқы серияларының көрсетілімі 12 наурызда сағат 14:50-де көрермендер назарына «Қазақстан» арнасында ұсынылады.
Әрі қарай

Мереке құтты болсын!!!

Блог - AyauIbrahimova: Мереке құтты болсын!!!
Қыздар мен Келіншектер! Əжелер мен Апалар! Арулар мен Құрбылар! Асыл Аналар мен Аяулы Ұстаздар! Шын жүрегіммен мерекелеріңізбен құттықтаймын. Көңілдеріңзге көктемнің шуағын, отбасыларыңызға көктемнің жылуын, жүректеріңізге көктемнің махаббатын тілеймін! Əлемнің бар жақсысын аяқтарыңыздың астына төсеп жүретін ер азаматтарыңыз жандарыңыздан əрқашан табылсын! Шын ниетпен Аяу)
Әрі қарай

Көктем сыйы

Күннің жылы шуағын аңсағанда,
Бұрқасын қарлы аяздан шаршағанда,
Күлімдеп көктем келді жайма шуақ,
Әдемі сырын сыйлап барша адамға.

Жымыңдап бар тіршілік ұйықтап жатқан,
Үйреніп қуануды қозы лақтан.
Сәбидің күлкісіндей сыңғырлайды,
Шаттанып сыршыл бұлақ ағып жатқан.

Аңсатып ару көктем келіп жеткен,
Әсем қыр керіледі тау етектен.
Көк майса қызыл кілем жамылып ап,
Далам жатыр қысыңмен еңбек еткен.

Бүршік жарған махаббат дірілдейді,
Ерке сылқым арулар күлімдейді.
Балаң жігіт ұрланып қарап қояр,
Ұяңдықтан жүргені білінбейді.

Сығалап туырлықтан сылқым ару,
Жүрекке өрекпіген таппай дәру.
Қарайды келе жатқан аттыларға,
Жігіттің бір сөзіне болып зәру.

Кетеді ойлар кезіп шартарапқа,
Көктеммен қайта оянып махаббатта.
Аңсаған сүйіктісін қайран ару,
Түсуге дайын тұрар жанған отқа.
Әрі қарай

Үш жүз алпыс бес күннің бір күні

Үш жүз алпыс бес күннің бір күні- нәзік жандылардың мерекесі. Көктеммен бірге гүлдеп, күндей шуақтарын шашып, жайқалып жүрген, құшағы ыстық аяулы аналарымызды, асыл әжелерімізді, әлемді сұлулығымен құлпыртып жүрген қыздарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым жүздеріңіз күлкіге, жандарыңыз махаббатқа толы болуын тілеймін. Ақ жаулығын жамылып, тілеуімізді тілеп отырар аналарымызды ардактайық. Барында бағалап, сый- құрмет көрсетіп үмітін ақтап, өмірден өз орнымызды тапсақ ең қымбат сыйлар сыйлығымыз сол болмақ емеспе?! Қазақ жігіттері қызғаншақ болып келеді. Себебі, қазақ қыздары өте әдемі. Тәрбиелілігімен сызылып, ұяңдылығымен баурап алар аруларымызды үш жүз алпыс бес күн алақандарыңызда аялап жүрсеңіздер артық етпейді. Солай емеспе, жігіттер? Иә, осындай тамаша мерекеде сұлуларымызға қандай теңеу, жылы сөз айтсақта жарасады. Мерекелеріңізбен!
Әрі қарай

Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?!

Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?! Ертең жігіттер қауымын үлкен іс күтуде. Бүгін сыйлықтарын алуға үлгергендер «маладес», үлгере алмағандар «анти-маладес» болмақ. Егер екінші адамның көзімен қарасақ, күнделікті өмірде не киетінің білмей жүрген қыз-келіншектерге сыйлық таңдау қиын. Бірақ мəселе сыйлаған затта емес, көңілінен шыға білуде. Кез келген нəзік жанды, рақметін айтып, сыйлықты қабыл алар. Олардың қиялдары ұшқыр, біреуден əрқашан бірдеңе күтіп жүреді. Сол себепті, жас жігіттердің басы қатады. Кеше əлеуметтік желіден «Крепитесь, парни» деген пікірге қыздардың ашуы түсті. Бұны жариялаған админ бір айналған шығар. Сіздерге мəдениетті түрде жеткізген пікірлермен бөліссек.
Блог - DinaAbdigalieva: Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?!
Жігіттерді шемішкедей шағып-шағып тастады. Шынымен, неге ұсақталып барасыңдар? Тепсе темір үзетін ерлеріміз қайда? Жақ пен тілге көп сүйенесіңдер.
Ал, ҚарМУ-дің ұлдары көп сайрамай, қаражаттары өзінен аса алмаса да қыздардың жүрегінен орын таба білді. Қарапайым жатақхананы романтикалық ортаға айналдырды.
Блог - DinaAbdigalieva: Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?!
Құрметті, аналар мен қыз-келіншектер, нəзік жандыларымыз, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жайдарлы жүздеріңізден күлкі кетпесін. Жылдан-жылға раушан гүлдей құлпыра беріңіздер. Аталмыш студенттерден видео құттықтауды қабыл алыңыздар. Тек жағымды жаңалықтармен бөлісе жүрейік. Әрқашан позитивте болайық!
Әрі қарай