Астаналық өрт сөндіру бөлімі еліміздегі үздік бөлімдердің қатарында

Астана жаңалықтары: Астаналық өрт сөндіру бөлімі еліміздегі үздік бөлімдердің қатарында
«Қазақстан Республикасындағы 2016 жылғы үздік өрт сөндіру бөлімі» байқау-конкурсында Астана қаласы Өрт сөндіру қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімі 2-ші орын алды.

Алғашқы ведомствоішілік кезеңде өрт депосы ғимаратының іші, өрт техникасы, байланыс құралдары, өрт сөндіру бөлімінің өрт-техникалық жабдықталуы бағаланды. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша Астана қаласы Өрт сөндіру қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімі үздік деп танылды.

Конкурстың екінші кезеңінде нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша тестілеу өткізіліп, қатысушылар әзірлеген рефераттар, фотоальбомдар, бейне материалдар, бірінші кезең бойынша бағалау ведомостілеріқаралды. Бұдан басқа, қатысушылардың дене шынықтыру дайындығын тексеру мақсатында биылғы жылы үміткерлер өрт-құтқару спорты бойынша келесідей нормативтерді тапсырды: оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл баспалдағымен көтерілу, 100 метрлік кедергісі бар жолды жүгіру мен қысымды ауа аппаратын тексеру.

Байқау қорытындысы бойынша, елордалық құтқарушылар 1274 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Өрт сөндіру бөлімі Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10220
Әрі қарай

Елорда көктемгі су тасқынына дайындалуда

Астана жаңалықтары: Елорда көктемгі су тасқынына дайындалуда
Көктемде елордада кейбір аудандарда су тасқыны болу қаупі туындап, су басуы мүмкін. Қазіргі кезде қаладағы су тасқыны болуы ықтимал учаскелердің картасы әзірленді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті су тасқынын жою үшін 309 адамнан тұратын топ құрды, сондай-ақ, 49 бірлік техника, 12 жүзу құралы мен тікұшақ тартылмақ.

Жалпы, су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, адамдар көп жүретін 266 нысанда қар тазалау жұмыстары аяқталды.

Астана қаласының Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару отряды Есіл және Ақбұлақ өзендерінде мұз жағдайын бақылау және жағаны патрульдеу бойынша кезекшілік етеді.

Төтенше жағдайдың орын алу қаупі болған жағдайда қалалық коммуналдық қызметтерде, шаруашылық органдарда, тәртіпті қорғау органдарында бақылау бекеттерінде тәулік бойы кезекшілік пен бақылау мәліметтері мен ақпараттарды жедел түрде өңдеу, жағдайды бақылау және оның үрдісін болжау ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, су тасқыны салдарын жоюға қосымша 125 адамнан тұратын жедел әрекет ету отряды, 48 бірлік инженерлік техника (бульдозер, экскаватор, кран, тиегіш пен КамАЗ) тартылмақ.

Департамент қызметкерлері азаматтарды су тасқынының қаупі мен су басуға қарсы күрес шаралары туралы хабардар ету мақсатында рейдтер өткізуде. ТЖД су тасқыны кезіндегі әрекеттер туралы жадынамалар басып шығарды. Жедел ақпаратты тұрғындарға жеткізу үшін қалалық хабардар ету жүйесі дайындалды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10219
Әрі қарай

Елордалық оқушылар қоғамтану-гуманитарлық пәндер бойынша олимпиадада үздік атанды

Астана жаңалықтары: Елордалық оқушылар қоғамтану-гуманитарлық пәндер бойынша олимпиадада үздік атанды
Петропавлда қоғамтану-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының ІV кезеңі аяқталды. Жарысты ұйымдастырушы – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Елордалық оқушылар тоғызыншы рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды.

Астана қаласының білім беру мекемелерінен олимпиадаға 34 оқушы қатысты. Бес күн бойы олар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндері бойынша өз білімдерін сынады.

– Бұл 15 пән бойынша өткізілетін жыл сайынғы олимпиада. Оқушылар арасында іріктеу төрт кезеңмен жүргізілді. Финалға ең мықты 34 бала шықты. Жарыс қиын болды. Оған еліміздің үздік мамандандырылған мектептерінің өкілдері қатысты, дегенмен, біздің оқушылар тоғызыншы рет топ жарып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға қол жеткізді, – деді «Астана Дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыру-педагогика жөніндегі директордың орынбасары Әлия Аяпова.

Олимпиада нәтижесі бойынша Астана қаласы жалпы командалық І орынды иеленді және «Ең үздік команда» атанды. Олимпиадада 18 оқушы жүлдегер атанды. Үш оқушы бірінші, сегіз оқушы екінші және жеті оқушы үшінші орын алды.

Жарыста француз тілінен бірінші орын алған №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Маргарита Данилова өз әсерімен бөлісті:

– Мұндай маңызды жарысқа алғаш рет қатыстым, бұл үлкен жауапкершілік, өйткені, мен мектептің ғана емес, тұтастай елордалық білімнің намысын қорғадым. Осындай үздік нәтижеге қол жеткізуге көмектескен барлық жандарға алғыс айтамын. Шет тілін білудің маңызды екендігін түсіндім.

Неміс тілі пәнінен жеңімпаз атанған №46 мектеп-гимназиясының оқушысы Әмина Мырзабек осы жарыстағы жеңістің оны одан әрі ынталандыра түсетініне сенімді.

– Мен өте қуаныштымын, алтын аламын деп ойламағам. Мен мақсатыма жеттім, мұнымен тоқтамаймын, алда бағындыратын талай шың бар. Бүгінде бәрі негізінен ағылшын тілін меңгереді, ал мен болсам, неміс тілін таңдағаныма еш өкінген емеспін. Болашақта аудармашы боламын деп ойлаймын, – деді ол.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10218
Әрі қарай

Астанада аутизмге шалдыққан балаларды қолдау шарасы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада аутизмге шалдыққан балаларды қолдау шарасы өтеді
2 сәуір — Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні. Бұл күні жыл сайын Light It Up Blue флешмобы өткізіледі. Астана аталған шараға алғаш рет қосылмақ. Елордадағы басты көрікті жерлер — «Бәйтерек» монументі мен «Хан Шатыр» СОО сыртқы жарықтандырылуы көк түске боялады. Сонымен қатар, аутизмге шалдыққан балалардың, қалалық спорттық және шығармашылық ұжымдардың қатысуымен акция ұйымдастырылады.

Бұл шараларды өткізу туралы бастаманы «Сенім» психологиялық-педагогикалық түзеу орталығы көтеріп отыр. Акцияға Астана қаласының әкімдігі, психологиялық түзеу орталықтары, аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары мен волонтерлар қолдау көрсетуде.

– Біздің басты мақсатымыз – қоғам назарын аутизм проблемасына аудару, осындай балалар мен олардың ата-аналарына құрметпен қарауды қалыптастыру. Халық аутизм туралы мүлдем хабарсыз, адамдар оның ауру еместігін, оны түзеуге болатынын білмейді. Мұндай балалар кез келген салада жетістікке жете алады, өз елінің игілігі үшін еңбек етеді, олар үшін өздерін түсінбейтін қоғамда болу аса қиын. Біз осы жандардың ерекше әлемін көрсетпекпіз, сол туралы сөз қозғаймыз, – деді ұйымдастырушылардың бірі Гүлфия Әлиева.

Акция «Қазақстан» спорт сарайында сағат 11.00 басталады. Шараға қаладағы барлық орталықтардан аутист балалар қатысады. Жас хоккейшілер мұз айдынында керемет флешмоб орындамақ.

Айта кетейік, аутизмнің ресми түсі — көк. Сондықтан осы күні акцияны ұйымдастырушылар ниет білдірген жандарға көк түсті аквагрим жасайды, көк гүлдер, тіпті, көк түсті тәтті-дәмділер таратады. Кешке «Бәйтерек» монументі мен «Хан Шатыр» СОО көк түспен жарықтандырылатын болады.

Сонымен қатар, 6 сәуірде былтыр Астанада ашылған аутизмі бар балаларға арналған «Алтын мирас» орталығының ұйымдастыруымен қайырымдылық кешкі ас беріледі. Жиналған қаржы аутист балаларға арналған шығармашылық шеберханалар жасауға жұмсалады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10216
Әрі қарай

Елордада қаланы абаттандыру мәселелері талқыланды

Астана жаңалықтары: Елордада қаланы абаттандыру мәселелері талқыланды
Елорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысы ҚР Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру жұмыстарының, сондай-ақ, Наурыз мейрамына арналған іс-шараларды өткізудің қорытындысын шығарудан басталды.

Елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің атап өтуінше, Астана «Нұр Отан» партиясын қолдау бойынша ең үздік нәтижеге (85,18%) қол жеткізген. Сайлаушылардың сайлауға қатысу көрсеткіші 75% құрады, бұл Астана тұрғындарының азаматтық белсенділігінің жақсы көрсеткіші болып табылады.

Отырыс барысында қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері де қаралды. Астана аудандарының әкімдері жол төсемінің жағдайы туралы толық фото-есеп ұсынды. Автомобиль жолдары басқармасына бір айдың ішінде жолдарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын барынша жүргізу тапсырылды. Аталған мәселе қалалық қызметтердің назарында болуы тиіс, деп атап өтілді отырыс барысында.

Елорда әкімінің айтуынша, күннің жылынуына орай қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға, гүлбақтарға және Есілдің жағалауына жиі баратын болады. Сондықтан бұл жерлерді абаттандыруды қолға алу керек. Аудан әкімдіктері мен профильді қалалық қызметтер бір аптаның ішінде саябақтар мен аумақтарда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі керек.

Бұл ретте бизнес өкілдері өз объектілерінің сырт көрінісіне мұқият болып, қаланы абаттандыруға белсенді қатысуы тиіс. Сонымен қатар, алдағы уақытта ұйымдастырылатын абаттандыру айлығы аясында теміржол маңындағы аумақтарда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу қажет.

Қала басшысы көшеде сауда жасау үшін 1000 орын бөлуге де ерекше назар аударды. Ә. Жақсыбеков бұл процестің кәсіпкерлер үшін ең аз бюрократиялық продуралармен және барынша айқын өткізілуі тиіс екендігін атап өтті. Бұл ретте ұйымдастырылған көше саудасының артықшылықтары биылғы жазда қала тұрғындары мен ШОБ өкілдері үшін сезілуі керек.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10214
Әрі қарай

Балалар шығармашылығының «Тұмар-2016» қалалық көрмесіне 250 оқушы қатысты

М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар шығармашылығы мен бейнелеу өнерінің «Тұмар-2016» қалалық көрмесінің қорытындысы шығарылды. Аталған мәдени шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді халық шығармашылығына тарту.

Көрмеге 250 оқушы қатысты. Жас шеберлер коллаждар, аппликациялар, ою-өрнектер, мүсіндер, ас үй заттарын және т.б. жасаған.

Байқау қорытындысы бойынша «Арт-инсталляция» номинациясында «Нұр Орда» мектебінің өкілі сегіз жасар Ахмет Қабдолла үздік атанды. «Сәндік-қолданбалы өнер» санатында №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Айым Қайорғазинова көш бастады. «Макеттер, коллаждар, қағазбастылық» номинациясында №27 мектеп–лицейінің шәкірті Камилл Камаловтың және Елена Кирпичеваның еңбектері ерекше деп танылды. Ең креативті мүсіннің авторы №1 математикалық-экономикалық лицейдің оқушысы он алты жасар Ермек Тұрғымбаев болып шықты.

– Байқау елордада екінші рет өткізіліп отыр. Әр мектепте технология сабағы өткізіледі, балаларға бар үйренгенін көрсететін алаң қажет. Көрмеге әртүрлі жұмыстар ұсынылады, барлығы ұлттық өнер түрлеріне арналады. Өткен жылы негізінен ұлттық нақыштағы бұйымдар жасалды, бұл жолы Қазақстанның болашағына арналған заттар көп болды, – деді М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары Алмагүл Жапарова.

Астана жаңалықтары: Балалар шығармашылығының «Тұмар-2016» қалалық көрмесіне 250 оқушы қатысты

Астана жаңалықтары: Балалар шығармашылығының «Тұмар-2016» қалалық көрмесіне 250 оқушы қатысты

Астана жаңалықтары: Балалар шығармашылығының «Тұмар-2016» қалалық көрмесіне 250 оқушы қатысты

Астана жаңалықтары: Балалар шығармашылығының «Тұмар-2016» қалалық көрмесіне 250 оқушы қатысты

astana.gov.kz/kk/modules/material/10212
Әрі қарай

Елордалық театр әртістері төл мерекелерін тойлауда

Астана жаңалықтары: Елордалық театр әртістері төл мерекелерін тойлауда
Дүниежүзілік театр күніне орай Астананың үздік әртістері «Жастар» театрындабас қосты. Аталған шараны өткізу дәстүрге айналған. Театр өнерінің жұлдыздары қызыл кілеммен жүріп өтіп, құттықтаулар қабылдады, әріптестерінің мерекелік қойылымдарын тамашалады.

Мерекелік бағдарлама басында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев елордалық театрлардың шығармашылық ұжымдарын құттықтап, оларға шығармашылық табыс пен шабыт тіледі.

— Театр – жаңа бояулармен, сиқырлы дыбыстармен және сахналық құбылыстармен баурап алатын ұлы өнер. Сіздерді, әріптестерімді осы бір керемет мерекемен құттықтаймын. Мұнда елорданың мәдени өмірінің маңызды бөлігіне айналған театр қызметкерлері жиналды. Соңғы жылдары театрларымыз халықаралық фестивальдарда Гран-при иеленіп жүр, бұл қажырлы еңбектерііздің және таланттарыңыздың арқасы, баршаңызға табыс тілеймін, — деді Е. Аманшаев.

Елордалық үздік жеті театрдың әртістері елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің атынан алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар қабыл алды.

Шара барысында театрлардың жас шығармашылық ұжымдары көпшілік назарына мерекелік бағдарлама ұсынды: Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, «Жастар» театры, Көңілді тапқырлар театры, Қуыршақтар театры, «Наз» мемлекеттік би театры.

— Біздің театрдың жас әртістері өте дарынды, қарасаң көз тоймайды. Қыздар да, жігіттер де креативті, ынталы. Олар бүгін бізді қуантты. Өз атымнан осы саланың барлық қызметкерлерін Халықаралық театр күнімен құттықтаймын. Барлығына денсаулық, бейбітшілік, шығармашылық табыс тілеймін, — деді Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актриса Айнұр Жүгінісова.

Айта кетейік, Дүниежүзілік театр күні – жыл сайын барша әлемде 27 наурызда аталып өтілетін театр қызметкерлерінің төл мерекесі.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10205
Әрі қарай

«Арман қала» романы. Мамыр таңы.

Күні: [Белгісіз]; [Деректі анықтау қажет].
Уақыт: 04: 59: 56.
Мекен-жай: Арман қала. Арманжараудың үйі.

[Элемент басы]:
04: 59: 56
04: 59: 57
04: 59: 58
04: 59: 59

[Ақпарат үзілуі];
[Дерек талдау];
[Ақпарат талдау];
[Элемент өндірілу үстінде];
[Сессия соңы].
Әрі қарай

Қара шаңырақтағы олимпиада

Кеше 24 наурыз күні Алматы қаласындағы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер арасында VIII пәндік олимпиадаcы басталды. Кеше студенттер өз пәндері бойынша тест тапсырып, университеттің ең таңдаулы жерлерін аралап, Студенттердің ұйымдастырған шағын кешін көріп тамашалады. Ал бүгін студенттер 3 тур бойынша өз бақтарын сынауда.
Олар:
1: Ең үздік Жоба номинациясы
2: Ең үздік бейне ролик
3: Ең үздік онлайн жазба
Олимпияданың негізгі мақсаты
Жан-жақтан жиналған студенттердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
Қатысып жатқан командаларға сәттілік!
Әрі қарай

"Ең дарынды болашақ журналист" олимпиадасы

ЕҢ ДАРЫНДЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі олимпиада өтуде. Олимпиадананың 1 кезеңінде студенттер журналистикаға кіріспе, шетел журналистикасы, журналистика тарихы және тележурналистка пәндері бойынша тест тапсырмаларын орандады. Білім сайысының екінші күнінде қатысушы командалар «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» тақырыбында бейнерепортаж, «Қас қағым сәт» тақырыбы аясында фоторепортаж және онллайн жазба бойынша өздерінің журналистік шеберліктерін танытуда.
Жалпы, байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 11 команда қатысып, өздерінің бақтарын сынамақ. Жас журналистердің талантын «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдіраймұлы, Т.Жүргенов ҚазҰӨА доценті, тележурналист Ерлан Ахчалов, Алматы каналының директоры Әнуарбек Баримжанов, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубек сарапқа салатын болады. Жарысқа Демеушілік көрсеткен «Азаттық» радиосы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағына алғысымыз шексіз.
Жыл сайынғы дәстүрлі олимпиаданың мақсаты – ең талантты және бәсекеге қабілетті әмбебап журналистерді даярлау.

САМЫЙ ТАЛАНТЛИВЫЙ ЖУРНАЛИСТ

Сегодня второй день предметной олимпиады, проводимой в Казахском национальном университете имени Аль-Фараби под девизом «Самый талантливый журналист». В традиционной олимпиаде, берущей начало с 2008 года, ежегодно принимают участие студенты высших учебных заведений со всего Казахстана. И в этом году собрались 11 команд с разных регионов страны. В первый день олимпиады участники соревнований решали задания в тестовой форме по таким вузовским спецдисциплинам, как «Основы журналистики», «История казахской журналистики», «Зарубежная журналистика», «Тележурналистика». Примечательно, что результаты первого тура стали известны участникам в тот же день. А сегодня решающий тур – выполнение практических заданий: нужно продемонстрировать видеоролик на тему «Судьба страны – моя судьба», фоторепортаж «Счастливый миг», а также представить информационную запись в блоге и на сайте.
Оценивают работы опытные специалисты.
Главной целью олимпиады является определить самого талантливого, умного и разностороннего студента, воспитать в студентах креативное мышление.

THE MOST TALENTED JOURNALIST
Today is the second day of subject Olympiad, held in Al-Farabi Kazakh National University under the motto «The most talented journalist.» In the traditional competition, originating from 2008, annually attended by high school students from all over Kazakhstan. And we gathered 11 teams from different regions of the country this year. On the first day of the Olympiad competitions, participants solved tasks in the test form for college and university special disciplines such as «Fundamentals of Journalism», «The history of Kazakh journalism», «International Journalism», «TV journalism». It is noteworthy that the first round results were known to the participants on the same day. And today the decisive stage — case studies: it is necessary to show a video on the theme «The fate of the country — my destiny» photo essay «happy moment», as well as to present information in a blog post on the site.
Commends the work of experienced specialists.
The main goal of the Olympiad is to identify the most talented, intelligent and versatile student, cultivate students creative thinking.
Әрі қарай