ЖАҢА АРНА- ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Блог - AbilmansurKamzaev: ЖАҢА АРНА- ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Қазақстан аумағында «Setanta Қазақстан » арнасы өз жұмысын бастайды. Аталған арнадан Ағылшын премьер лигасының ойындарын футбол сүйер қауым алдағы үш маусым бойы тамашалай алады. Арнада еліміздің беделді спорт комментаторлары қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жасайды деп күтілуде. Жаңа арна өз жұмысын осы сенбі, яғни 24 қыркүйектен премьер лиганың VII тур ойындарымен бастайды. Алғашқы тұсаукесер ойын Манчестер Юнайтед және Лестер командалары арасында өтетін болады. Осыған дейін «Setanta Sport»: Германия, Италия, Франция біріншіліктерімен бірге Англия кубогі және Англия лигасының кубогімен қоса 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарынан өз трансляцияларын жүргізіп келген. Сонымен қатар, Ұлттық хоккей лигасы, бокс, UFC, регби және Формула -1 жарыстарын көрсетіп келеді.
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікте 7 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікте 7 мыңға жуық ағаш отырғызылады

12 қыркүйектен 12 қазанға дейін елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізіледі. 24 қыркүйекте «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі ұйымдастырылады.

Жалпықалалық сенбілік аясында қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен 7000 ағаш отырғызу жоспарланған, соның ішінде «Алматы» ауданында ҚР Ұлттық музейі аумағына, «Есіл» ауданында — «Хан Шатыр» СОО айналасына, сондай-ақ, Еңбекшілер көшесінен «Тельмана» тұрғын алабына дейін, «Сарыарқа» ауданында – Сарыбұлақ өзенінің жағалауына ағаштар егіледі.

Сонымен қатар, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің, кәсіпорындар мен тұрғын үй кешендерінің аумағына да ағаштар отырғызылады.

Жалпықалалық сенбілік аясында Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ арналарын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында «Таза өзендер!» экологиялық шарасы өтеді. Есіл өзені «Газмашаппаратура», «Қартар үйі» («Көктал-1» ш/а), Ақбұлақ өзені – Еуразиялық университет корпусынан ЖЭО-2 дейін, Сарыбұлақ – «Бахус» сауда үйінің аумағында тазартылады.

Экологиялық айлық аясында көшелер, тротуарлар мен орамішілік аумақтар тазартылады, ағаштар отырғызылып, нөсер мен арық кәріз жүйелері тазаланады, сондай-ақ, саябақтар мен гүлбақтарда жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізіледі, гүлзарлар абаттандырылады.

24 қыркүйекте жалпықалалық сенбілікке 89 мыңнан астам адам шығады, оған қалалық кәсіпорындар мен ұйымдар, медицина және білім мекемелері қатысады, сондай-ақ, 429 жуық техника тартылады.

Апта сайын «Көше көркі –Астана көркі», «Қоршаған ортаны аялайық!», «Астана – әсем қала!» ұрандарымен халықтың, өндірістік кәсіпорындардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастыру бойынша шаралар өтеді.

Елорда тұрғындары мен ұйымдары аулалар мен көшелерді абаттандыруға үлес қоса алады.
Әрі қарай

25 қыркүйекте елордада Еңбек күні аталып өтіледі

Астана жаңалықтары: 25 қыркүйекте елордада Еңбек күні аталып өтіледі
Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтіледі. Биылғы жылы аталған мереке үшінші рет мерекеленеді.

Атаулы дата қоғамда адам еңбегінің беделін өсіруге, еңбек өнімділігін ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарды насихаттауға және жастарды өндіріс саласына тартуға, жұмысшы әулеттердің көп жылдық дәстүрін нығайтуға бағытталған.

Еңбек күнін мерекелеу аясында 23 қыркүйекте сағат 10.00 «Жастар» театры ғимаратында қалалық еңбек Форумы өтеді. Шара барысында «Еңбек жолы» қалалық конкурсының «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша жеңімпаздарын, кәсіптері бойынша үздіктерді құттықтайды. Сонымен қатар, спорттық жарыстар, эстрада әртістерінің қатысуымен концерт және басқа да мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11395
Әрі қарай

Астанада Павлодар мен Жамбыл облыстарының күндері өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Павлодар мен Жамбыл облыстарының күндері өтеді
Астанада қыркүйектің 23-25 күндері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Жамбыл облысының мәдениет күндері өтеді. «Тарихи терең Тараздан тағзым» шарасы аясында үш күн бойы астаналықтар аймақтың тарихымен, мәдениетімен және негізгі жетістіктерімен танысады.

Бұл күндері ауыл шаруашылық тауар өндірушілер жәрмеңкесі, тарихи өлкетану музейі экспонаттарының көрмесі, филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттер өткізіліп, спектакльдер мен қойылымдар қойылады.

23 қыркүйекте сағат 11.00 қала тұрғындары мен қонақтары М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында С. Маршактың «Кошкин дом» атты балаларға арналған ертегісін, ал сағат 19.00 Ш. Айтматовтың повесінің желісі бойынша дайындалған «Пегий пёc, бегущий краем моря» қойылымын тамашалайды. 24 қыркүйекте сағат 18.00 Ф. Буляковтың «Выходили бабки замуж» атты комедиясы сахналанады.

Сонымен қатар, сағат 16.00 Бейбітшілік және келісім сарайында облыс өнерпаздарының «Ұлы дала ұлысым» атты концерттік бағдарламасы да көпшілік назарына ұсынылмақ.

24 қыркүйекте сағат 18.00 «Жастар» театрында облыстық қазақ драма театрының М. Әуезовтың повесінің желісі бойынша Н. Оразалиннің «Қилы заман» тарихи драмасы, ал 25 қыркүйекте сағат 16:00 «Еңлік-Кебек» трагедиясы қойылады.

24 қыркүйекте сағат 10.00-18.00 аралығында ҚР Ұлттық музейінде Әулие ата жерінің артефактілерін, қолөнершілер мен көркемсурет туындыларын тамашалауға болады.

24-25 қыркүйекте жәрмеңкеге облыстан жалпы құны 300 млн теңгенінің 315 тонна өнім әкелінеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы, экологиялық таза және пайдалы өнімнің 30 түрі ұсынылады. Азық-түлік өнімдері базардағы бағадан 8–15% төмен сатылады. Жәрмеңке қалалық әкімдік алдындағы алаңда өтеді. «Қазақстанда жасалған» акция аясында ауыл шаруашылық және өндірістік көрме ұйымдастырылады.

Мұнымен қоса, 24-25 қыркүйекте Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары павлодарлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болады. «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында өтетін жәрмеңкеде 100-ден аса кәсіпкер өз тауарын ұсынбақ. Жәрмеңкеде 90 тонна ет және ет өнімдері, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс және 150 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері сатылады.

Павлодарлық кәсіпорындар елорда тұрғындарына азық-түлік өнімдерінің мол түрін, ұлттық тағамдар ұсынады. Сондай-ақ, павлодарлық колөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Жиналған қауым облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалайды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11387
Әрі қарай

Қысқаша есеп

«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2002 жылы құрылды. Қауымдастықтың басты мақсаты: жастар ұйымдарының консолидациясы болып табылады. Осы күнге дейін он бестен астам мемлекеттік тапсырыс орындалып, Қауымдастықтың «Темірқазық» жастар қозғалысы, мемлекеттік «Операция Марс» секілді үлкен жобалар жүзеге асырылды. 2012 жылы Қауымдастықтың мүшелігінде он жеті бірлестік болса, қазіргі таңда отыздан астам ұйымның басын біріктірілді. Оның жетпіс пайызы облыс, қала, аудан аумақтарында белсенді жұмыс жүргізуде. Қауымдастық тарапынан жастар қоғамдық бірлестігінің ашылуы мен тіркелуіне, мемлекеттік тапсырысқа қатысуына консультативтік көмек беруде.
2015 жылы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына бойынша «Интернет кеңістігінде тұрғындар арасында мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша ақпараттық қызмет орталығын ұйымдастыру» тақырыбы және Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру» атты жобалар жүзеге асырылды.
Қаржысыз біздің Қауымдастық Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай түрлі форматтағы шараларды ұйымдастырды. Айта кетсем, «Тарих ізімен...», мерейтой қарсаңына ашылған құрылысы нысандарына блог тур, әлеуметтік желілер арқылы мерейтойдың дайындығы мен өтілу барысы туралы толық ақпараттар жарияланды.
2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Интернет кеңістігінде мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмысын ұйымдастыру» және «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру», Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар» атты жобалардың жеңімпазы атанап, алғы жұмыстары жүргізілді. Барлығы 4,0 млн теңгеден астам келісім-шартқа қол қойылған.
​2016 жылы облыстық, қалалық мәслихаттарға сайлау кезінде Қауымдастық белсенділері 20 наурыз күні сайлауға бақылаушы қызметін атқарып, бұқаралық ақпарат құралдарына және әлеуметтік желілерге өз бағаларын беріп отырды. Қазіргі таңда 5 институциональды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасының 99 қадам аясында жаңа Заң қабылданып, бүгінгі Кеңес құрылған болатын. Кеңеске конкурс негізінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті сайланған болатын, Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде Тараз қаласында орналасқан «Жастарға қызмет көрсету орталығы» орын алуға себепші болды. Ашықтық пен жариялықты сақтай отырып әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізілуде. Айтар кетерлік, 2017 жылға «Экспо-2017» көрмесіне еріктілерді даярлау және ақылы түрде жұмыс жасауға келіссөздер жүргізілуде.
​Биыл жазда белсенді жастар мен жас журнласиттерге Тараз қаласында сәуір мен шілде айларында аптасына бес күн бойы 2 сағат және шілде мен осы күнге дейін аптасына 2 күн «Тараз-Арена» спорт кешенінің футбол ойнауға арналған спорттық алаңшаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спортпен айналысуға үлестерін қосуда.
Әрі қарай

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының соңғы күні жас кәсіпкерлер Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Маратұлы Сабитовпен кездесті

Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасының соңғы күні жас кәсіпкерлер  Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Маратұлы Сабитовпен кездесті
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының соңғы күні жас кәсіпкерлер Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Маратұлы Сабитовпен кездесті. Кездесу барысында Елбасының жолдаулары, Бес институциялық реформалары және орта кәсіпті дамыту жайлы, елімізде кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолдаулар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу жайлы сөз қозғалды. Еліміздің әр өңірінен келген жас кәсіпкерлер өз сөздерінде ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, елімізде орта кәсіптің дамуына үлес қосып келетінін айтап өтті.
Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасының соңғы күні жас кәсіпкерлер  Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Маратұлы Сабитовпен кездесті
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен 27 маусым күні өз бастамасын алған еді. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен танысты. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алды.
Әрі қарай

«Жүргізушіден» «компания иесіне» дейін

Блог - astananews: «Жүргізушіден» «компания иесіне» дейін
Өз басынан өткен табысқа жету жолын Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымдастырған Өңіраралық бизнес-тағылымдамалар аясындағы кездесуде Аслан Кунияров – “Astana Medical” ЖШС басқарушысы Астана қаласының «Сарыарқа» кәсіпкерлер Ассоциациясының басқармасының мүшесі – баяндады.
Өз кәсіпкерлік жолын енді бастауға кіріскен жас кәсіпкерлердің қай-қайсына қыр-сырын сол жолмен жүріп өткен тәжірибелі кәсіпкердің өз аузынан есту кімге болса да қызық. Жүргізушіден компания иесіне дейін көтерілген Аслан Кунияровтың ойынша өз-өзіне деген сенім және білім өте маңызды.
Аслан Кунияров кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелеріне қатысты маңызды кеңестер беріп, өзінің тәжірибесімен бөлісті, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Блог - astananews: «Жүргізушіден» «компания иесіне» дейін
Өңіраралық бизнес-тағылымдамалар жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін бірден-бір пайдалы жоба. Қатысушылардың өздерінің айтуынша олар өз кәсіптерін дамытуда көмегі зор болатын пайдалы тәжірибе алды, табысты кәсіпкерлер мен тренерлер көрсеткен үлгісі мен берген сабақтары бойынша өздерінің алға қойыған мақсаттарына жету үшін не қажеттігін түсінгенді және мұндай бағдарламаның болғанына алғыстарын білдірді.
Әрі қарай

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер «Ютария LTD» ЖШС жұмыс барысымен танысты

Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы барысында  жас бизнесмендер «Ютария LTD» ЖШС жұмыс барысымен танысты
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің қазіргі уақыттағы жағдайы аса мәз емес. Қуаттарды жеткіліксіз жүктеу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстан тәуелді болу, айналым қаражатының жетіспеушілігі, өнімді алға бастырудың нарықтық құралдарын пайдаланбау тәрізді саланың проблемалары бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр. Айтарлықтай тұрақты түрде тек тігін өнеркәсібі ғана дамуда, оның соңғы 7 жылдағы нақты өсімі оң динамиканы көрсетті.Жалпы алғанда саланың ел экономикасына әсері елеулі емес және экономиканың басқа салалары тәрізді макроэкономикалық әсері жоқ.
Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы барысында  жас бизнесмендер «Ютария LTD» ЖШС жұмыс барысымен танысты
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер «Ютария LTD» ЖШС жұмыс барысымен танысты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құрылған «Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС түрлі сала жұмысшылары үшін компьютерлік технология мен графиканы қолдана отырып, арнаулы киім дайындауға мамандануда. Фабрика цехтарында тігетін, пішетін, кесте тігетін автоматтандырылған бағдарлама арқылы басқарылатын жабдық бар. Кәсіпорында жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын инновациялық жобалау, нанотехнологияны қолдану үдерістері, ғылыми-қолданбалы әзірлемелер енгізілуде.
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» 27 маусым мен 2 шілде аралығында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен Астана қаласында өтуде. Бес күн ішінде жобаға қатысушылар елордалық шағын және орта бизнес нысандарында тағылымадан өтеді. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алуды.
Әрі қарай

Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі

Блог - astananews: Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі
Осындай тақырыпта Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымдастырған Өңіраралық бизнес-тағылымдамалар аясындағы кездесулердің бірі жас, дегенмен бизнес акуласына айналған кәсіпкер — Эрик Сагиевпен өтті. Жас кәсіпкер — «Hamstar» кофеханаларының негізін қалаушы және балалар мен ересектерге арналған Мәскеудегі атақты «Андерсон» кафелер желісінің франшизасының иесі. Осыған қоса, қазіргі таңда Эрик «Сарыарқа» Астана қаласының кәсіпкерлер Ассоциациясының басқарма кеңесінің мүшесі.
Блог - astananews: Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі
Өңіаралық жас кәсіпкерлерге арналған бизнес-тағылымдамалардың қатысушылары өздерінде туындаған «Мейрамxана бизнесінің ерекшеліктері қандай?», «Интерьер мен меню қандай болуы қажет?», «Бизнесті сәтті қылу үшін не істеу керек? Қазіргі таңда қандай қиыншылықтар кездесуі мүмкін?» сияқты сұрақтарға өз жауаптарын алды. Эрик Сагиевтің айтуы бойынша мейрамхана ісіндегі сәттілік кепілі – қанша ақша табуды ойлау емес, ал тұтынушы талаптарына жауап беру.
Әрі қарай

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер "ARTA Software" IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты

Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы барысында  жас бизнесмендер ARTA Software IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер «ARTA Software» IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты. Компания ұйымдарды басқару үшін және жұмысты жүйелеу үшін бағдарламалармен қамтамасыз етеді. «ARTA Software» бағдарламалармен қамтамасыз ету әзірлеуші компания ретінде 2005 жылы құрылды. Кәсіпорынның атауы ежелгі скифтердің сенімдеріне байланысты қойылған. Мағынасы шабыт, ақиқат, әділдік, тәртіп, сондай-ақ адал еңбекті іске асыру болып табылады. Ұйымның басты мақсаты тұтынушылардың шығындарын қысқарту және инвестиция қажеттілігін барынша азайту, сату өнімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті артықшылықтарға ие болу.
Еліміздің әр өңірінен келген жас бизнесмендер кәсіпорынмен танысу барысында кәсіпорынның жетекшісі Болат Башеев мырзамен танысты. Өз кезегінде кәсіпорын жетекшісі бизнес барысында кездескен қиыншылықтарынмен бөлісті, жұмыс барысында жасаған қателіктерін атап өтіп олардан арылуға шақырды.
Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы барысында  жас бизнесмендер ARTA Software IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты
Естеріңізге сала кетейік «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 27-і күні «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен өз бастамасын алды. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.
Әрі қарай