Астанада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының күндері өтеді

Блог - astananews: Астанада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының күндері өтеді

Елордада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Өңірлер күндері жалғасады. 17-18 қыркүйекте «Хан шатыр» СОО жанында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері өтеді. Сонымен қатар, бұл күндері өңірлердің мәдени шаралары да ұйымдастырылады.

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 12 аудан мен Орал қаласының кәсіпкерлері қатысады. Жәрмеңкеде 200 тоннадан астам көкөніс, ет, консерві, ұн және макарон өнімдер, бал, балық, квас, шырын, сусын және т.б. сатылады. Бейбітшілік және келісім сарайында Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайының «Ақжайық ару мекенім» тақырыптық көрмесі көпшілік назарына ұсынылады. 18 қыркүйекте сағат 16.00 Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің, Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің, «Назерке», «Ақжайық» би ансамбльдерінің және т.б. өнер иелерінің қатысуымен гала-концерті өтеді.

Атырау облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 34 тауар өндіруші қатысып, жалпы көлемі 90 тонна өнім шығарылады. Астаналықтарға балық, көкөніс, сүт және ет өнімдері, шұжық өнімдері, салат, жұмыртқа ұсынылады.

Жәрмеңке кезінде облыстың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

17 қыркүйекте сағ.18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайының фойесінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көрмесі ұйымдастырылады.

Аталған көрмеге орта ғасырлық Сарайшық қалашығынан табылған археологиялық бұйымдар, тарихи тұлғалардың мұрағаттық құжаттары мен жеке заттай жәдігерлері шығарылады. Этнографиялық тұрмыстық бұйымдар, қолөнер шеберлерінің туындылары, ағаш ыдыстар, зергерлік әшекей бұйымдары жұртшылық назарына ұсынылады.

Сонымен қатар, сағ.19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Атырау облысы өнерпаздарының гала-концерті өтеді. Сахна төрінде «Інжу-Маржан», «Махамбет», «Жем Аруы», «Шынарым-ай» би ұжымдары, «Мұрагер» фольклорлық ансамблі, облыстық филармония солистері мен орындаушылары өнер көрсетеді.

18 қыркүйекте сағ.19.00-де Астана қаласының Жастар театрында облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрының әртістері Ш. Айтматовтың «Мәңгүрт» атты қойылымын көрсетеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11344
Әрі қарай

Елордада «ЖасStart» спорт фестивалі өтеді

Астана жаңалықтары: Елордада «ЖасStart» спорт фестивалі өтеді
Алдағы демалыс күндері «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда сағат 10-нан 18-ге дейін спорт пен салауатты өмір салты фестивалі өтеді.

Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, аула клубтарының тәрбиеленушілері қатысады. Олар шағын-футбол, шахмат, үстел теннисі, стритбол ойнап, кроссфит пен армрестлингке арналған алаңдарда жаттығады.

Сондай-ақ «ЖасStart» фестивалі аясында спорт тауарларының жәрмеңкесі өтеді. Мұнда спорт тауарлары мен киімдер туралы ақпарат алуға, жаттығу құралдарын сынап көріп, сатып алуға болады, елордалық спорт федерациялары жаттықтырушыларының шеберлік сыныптары өтеді. Мұнымен қоса, қатысушыларға қаладағы фитнесс-клубтар мен спорт ұйымдары туралы мәліметтер ұсынылады. Кіру тегін.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11357
Әрі қарай

Отбасы күніне арналған шараларға 155 мыңнан астам елордалық қатысты

Астана жаңалықтары: Отбасы күніне арналған шараларға 155 мыңнан астам елордалық қатысты
Отбасы күніне арналған шараларға 155 мыңнан астам елордалық қатысты. Аталған мереке Қазақстанда үш жылдан бері қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде тойланып келеді. Елорда әкімдігінің мерекелік жоспарына сәйкес, 30 астам шара өткізілді, оның басым бөлігі «25 ізгі іс» акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында өткізілді. Соның ішінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар саябақтарға, спектакльдер мен концерттерге барды, мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, «Астана» балалар деревнясында Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің қатысуымен «Тату және бақытты отбасы!» спорттық-зияткерлік мерекесі ұйымдастырылды; «Мамандандырылған бала үйі» МКК 45 әлеуетті бала асыраушыға Ашық есік күні өткізілді. Елордалық үш перинаталды орталықта жаңа туған сәбилерге естелік сыйлықтар табысталды. Бұл күні 71 нәресте дүниеге келді, соның ішінде 30 ұл және 41 қыз.

«Балалар арбаларының шоуына» қатысушылар да көп болды, сондай-ақ, Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің отбасылық жұптарының қатысуымен мерекелік концерт, оқушылар арасында «Әке, ана және мен» сурет байқауы және т.б. ұйымдастырылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11353
Әрі қарай

Қиялдың күш-қуаты білімнің өзінен де маңыздырақ! Оқуға тұрарлық пост емес*lol*:%

Блог - AAGZAMKYZY: Қиялдың күш-қуаты білімнің өзінен де маңыздырақ! Оқуға тұрарлық пост емес*lol*:%Адам дене күшінен гөрі: қыруар рухани, моральдық күш-жігерге, берік сенімге көбірек мұқтаж ғой. Күн сайын бойымызға күш-қуат құйып, көңілімізге шалқар шабыт, жүрегімізге ыстық махаббат сыйлайтын тек СЕНІМ ғана емес…
Сенімділік секілді әсер ететін адамдар да бар. Ондайларды өз айналамызға топтастыру әсте мүмкін емес. Алайда арада жатқан бірнеше мың шақырымдарға қарамастан, мықты жандардың жігерлендіруі біз үшін үлкен жетістік. Мотивация күші арманын міндетті түрде орындағысы келетін студенттер үшін өте маңызды.

Бала кезімнен бастап аспандағы жұлдыздармен әңгімелесетінмін...Әлі де әр жаз сайын олардың қайсысы қалай жарқырайтынына дейін білгім келіп, құмартамын. Сосын аспандағы ғана емес, жердегі жұлдыздарды да жақын тарта бастадым. Асылхан Төлеповке ғашық болғанмын!)). «Кәдімгі махаббат» Мектептегі ешқандай қыз менің көзімше ол жайлы еркін пікір білдіре алмайтын. Оның бар сүгіретін телефоныма жасырып ұстайтынмын. Сұхбатта берген жауаптарын жаттап та алатынмын. «Ол ең мықты актер болғанда, мен ең мықты журналист боламын. Асылханмен өзім ғана сұхбаттасамын» дейтінмін. «Қалқаң құлағымен Айгөлекті жүргізіп жүр» деп даттайтындар бірден менің қас дұшпаныма айналатын. Студент болғалы бері оған деген сезімім су сепкендей өшті де кетті.і. Өткеннің еншісінде қалды. Есесіне, «Бойы қысқа жігіттерге жаным ашиды» деген ұстаным пайда болды.
Қиялыңдағы идеал тұлғаның =>
Қашықтықта жүріп қаншама күш сыйлай алатынын сіз білесіз бе?!
Біріңізге таныс, кейбіріңізге мүлде бейтаныс найзағайдың қуатынан да қуатты бұл сезімді бастан өткеріп жүргеніме біраз уақыт болды.
Мен Астанада...=>
Олар Шымкентте… Алматыда…
Бірақ, менің дәл жанымда жүргендей. Ең қызығы, олармен бір күн тілдеспей қалсам, күннің мәні де сәні де болмайтындай. Тұзы жоқ тамақ ішіп, қанты жоқ пирог жеп, ұйқысы қанбаған адамдай есімнен алжаса бастайтындаймын. Адам айтса сенгісіз қауіпті халге түсемін.
Телепорт дейтін дүние керек!
Тәуліктің кез-келген уақытында қоңырау шалып, өзімнің кез-келген проблемамады айтып, әрдайым, әрқашан мазалай алатын жеке меншік екі жанашарым бар. Ол екеуі Алматыда… сонааау Алатаудың баурайында...ҚазҰУда…
«Сіздер! Әй, екеуіңіз, менің бұл постымды оқымайтындарыңыз анық. Бірақ, мен Сіздерді қатты-қатты жақсы көремін. Оны ашық айта алмамсам да, мұны білулеріңіз керек. Көңіл-күйімнің көтерілуі, мақсат-арман деген аңыз жоспарларымның құрылуына себепшісіздер ғой! Тәңірім жар болса, арамыздағы сыйластық ажарлана түссе деймін!»
Суреттегі жігітті таныстырудың өзі артық шығар.
Қазақстандағы ең сымбатты 8 тележүргізушінің көшін бастап тұрған Талғаттың мен танитын бір қызға күш-жігер сыйлайтынына менің екі көзім және бөлмедегі басқа қыздар болып куәгерлік етеміз.
Талғат біздің қызды танымайды. Иә. Танымайды. Есесіне, біздің ару ол туралы бәрін білгісі келеді.
Хабар арнасының бас продюсеріндей болсам деген бұл арудың арманы асқақ, мақсаты айқын. «Талғат Алманның суретіне қараған сайын, ол бүгінгі істі ертеңге қалдырмауға дағдыланамын. Бос уақытымды тиімді пайдаланумен қатар сәтсіздіктердің жеңіске жетелейтіндігін түсінем» дейді біздің аруымыз)
Қыздар қауымы бір қызықпыз ғой. Құр жүрмей, қиялдап, сол қиял арқылы өмірімізді түрлі-түсті бояуларға «бояп» жүрейік!)
Әрі қарай

#көруге: Жаңа планетаның туылуы

Жапонияның Ұлттық астрономия обсерваториясының (National Astronomical Observatory of Japan) ғалымдары
Жерден 176 жарық жылына тең қашықта орналасқан ТВ Гидра (TW Hydrae) жас жұлдызының шаң-тозаңды бұлттарының арасынан планетаның «туылуын» байқады.
Ал сол кезде...: #көруге: Жаңа планетаның туылуы
Ғалымдар шаң-тозаңды бұлттардың ажырап, олардың арасында планетаның пайда болуын
Чилидің Атакама жазығына орнатылған ALMA радиотелескоптар кешенінің (теңіз деңгейінен 5000 метр биіктікте) көмегімен көрген.

Төмендегі суретте планетаның туылуын көрдіңіз бе, шаң-тозаңның арасынан, сондай күшті!
Жаңа планетаның көлемі Нептунның шамасындай болуы мүмкін

Ал сол кезде...: #көруге: Жаңа планетаның туылуы
Әрі қарай

Астанада туризм бойынша халықаралық конференция өтті

Астана жаңалықтары: Астанада туризм бойынша халықаралық конференция өтті
Бүгін, 12 қыркүйекте елордада «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне келушілерді тарту мақсатында халықаралық конференция өтті. Оған Қазақстанның өңірлерінен 200 және Ресей, Қытай, Еуропа, Азия мен ТМД мемлекеттерінен 100 туроператор қатысты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Бектұрова Малика Ерланқызы конференция қонақтарын ЭКСПО-2017 көрмесі барысында өткізу жоспарланған шаралармен таныстырды.

Сонымен қатар, конференция аясында Қазақстанның туроператорларымен көрмеге 70 мыңға жуық билет сату туралы меморандумға қол қойылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11330
Әрі қарай

Астанада тұңғыш рет «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада тұңғыш рет «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтті
Елорданың іргесіндегі «Қазанат» атшабарында алғаш рет «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған дүбірлі доданы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев салтанатты түрде ашты.

Ұлттық спорт түрлерінен өткен турнирге еліміздің 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан командалар келді.

— Ұлттық спорт түрлері біздің терең тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Астана қаласының әкімдігі ұлттық спорт ойындарының жандануына, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта жыл сайын қаламызда ұлттық ойындар мен жарыстар бойынша 200-ден аса іс-шара өткізілуде. Енді міне, тағы бір жобаны іске асырып отырмыз. Бүгінгі фестиваль дәстүрлі спорт ойындары мен ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртқан, халыққа рух берген, Тәуелсіздік мерейтойына арналған керемет шара. Елорда әкімдігі алдағы уақытта да осындай жобаларды қолдап, ұлттық спорт түрлері мен салт-дәстүрлерімізді насихаттауға көңіл бөлетін болады. Елбасымыздың бастамасымен осы «Қазанат» атшабарында жалпы көпшілікті ұлттық спорт түрлеріне баулитын арнайы Орталық ашуды жоспарлап отырмыз.

Құдай қаласа, мұнда қарапайым халыққа атқа мінуді үйренуге, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ ойнауға және өзге де ұлттық спорт түрлерін үйренуге жағдай жасалады. Президентіміз 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын дене шынықтыру мен спортқа тарту туралы тапсырма бергенін білесіздер. Осы ретте, Астана қаласының әкімдігі алдағы екі жылда бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала бойынша 22 спорт алаңын салуды жоспарлауда, — деді елорда басшысы Әсет Исекешев.

Ат шаптырым жерде халық алдымен теңге ілу сайысын тамашалады. Одан кейін Қыз қуу көптің көңілінен шықты. Ал білектілер Аударыспақта ат үстінде алысты. Үш күнге жалғасқан турнирде көкпаршылардың ішінен Астана құрамасы мен Ақмола облысының командасы финалда сынға түсті.

Думанды шара барысында «Қазанатқа» қазақ ауылы қонды. Мұнда 13 киіз үй тігіліп, жиналған жұртқа ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды. Сондай-ақ жастар үшін алтыбақан құрылып, балалар асық ойнап, ләңгі тепті.

Сонымен, «Алтын жұлдызы» республикалық турнирінің бас жүлдесіне Астана әкімі Әсет Исекешев автокөлік тікті. Бұл жүлденің иегері орта қашықтықтағы жүйріктер бәйгесінде анықталды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11323
Әрі қарай

Астана әкімінің бас бәйгесі Байторы сәйгүлігіне бұйырды

Астана жаңалықтары: Астана әкімінің бас бәйгесі Байторы сәйгүлігіне бұйырды
Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай алғаш рет өткен «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Елорда әкімі Әсет Исекешев тағайындаған бас жүлде автокөлікті Байторы сәйгүлігімен Алматы облысынан келген шабандоз Ержігіт Төлегенов иеленді.

«Қазанат» атшабарында өткен бұл турнирде орта қашықтықтағы бәйге 9 шақырымды қамтыды. 5 айналымға созылған бұл қашықтыққа 30 жүйрік шапты.

Байторы сәйгүлігінен соң мәреге екінші болып жеткен Жұматай Ақжол Триумп жүйрігімен 2-орынды, ал шабандоз Асқар Омаров Қыран атты тұлпарымен 3-орынды иеленді.

Сонымен қатар, Теңге ілу сайысында бойынша 1-орынды Берікқали Жақишев алды. Одан кейінгі жүлде – Әлихан Бәшімбаевқа, 3-орын Бақытжан Сапарбековке бұйырды.

Жамбы ату сайысына қатысушылар ат үстінде шауып келе жатып садақпен нысана көздеді. Бұл сайыста мергендігімен танылған Тілекқали Ізденбаев бәрінен үздік болды. 2-орынды Елдос Бадашев алса, 3-орынға Саят Қыстаубаев лайық болды.

Аударыспақта балуандар ат үстінде жүріп күш сынасты. Бұл сында 1-орынды Біржан Қосалиев иеленді. 2-орынның иегері Арман Сағымбаев, 3-орынның иегері Данияр Смайлов атанды.

Асау үйретуде Өмірбек Төлегенов 1-орын, Ерасыл Диханбаев 2-орын, Жанәділ Ғазизов 3-орын алды.

Ал көкпардың финалында Астана қаласының құрамасы мен Ақмола облысының командасы кездесіп, бас жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде астаналықтар қарсыластарын 6:0 есебімен жеңіп, 1-орын алды. 2-орынды Ақмола облысы, 3-орынды Қостанай облысы иеленді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11325
Әрі қарай

Астанада Алматы облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Астанада Алматы облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр
Бүгін, 10 қыркүйекте Астанада Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының жанында Алматы облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Алматы облысы ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Сексенбай Бекішевтің айтуынша, аймақ өндірушілері жәрмеңкеге 160 млн теңгеден астам соманың 370 тонна өнімін әкелді.
— Қазақстан Республикасының 25 жылдығын мерекелеу аясында елордада Алматы облысының 16 ауданы мен үш қаласының 85 өндірушісінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Астаналықтар жәрмеңкеде жаңа піскен өнімдерді жалпықалалық деңгейден төмен бағамен сатып ала алады, — деді Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.
Шараға адамдар көптеп келіп жатыр. Алматы облысының шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салуда.
Оқушылар сарайының жанында өтіп жатқан Алматы облысының жәрмеңкесі 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11322
Әрі қарай