ЖАҢА АРНА- ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Қазақстан аумағында «Setanta Қазақстан » арнасы өз жұмысын бастайды. Аталған арнадан Ағылшын премьер лигасының ойындарын футбол сүйер қауым алдағы үш маусым бойы тамашалай алады. Арнада еліміздің беделді спорт комментаторлары қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жасайды деп күтілуде. Жаңа арна өз жұмысын осы сенбі, яғни 24 қыркүйектен премьер лиганың VII тур ойындарымен бастайды. Алғашқы тұсаукесер ойын Манчестер Юнайтед және Лестер командалары арасында өтетін болады. Осыған дейін «Setanta Sport»: Германия, Италия, Франция біріншіліктерімен бірге Англия кубогі және Англия лигасының кубогімен қоса 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарынан өз трансляцияларын жүргізіп келген. Сонымен қатар, Ұлттық хоккей лигасы, бокс, UFC, регби және Формула -1 жарыстарын көрсетіп келеді.
Пікір жоқ әзірше