Жарнамашыл қазағым немесе қытайға тигендерді жарнамалап не ұтамыз.

Жарнаманың санаға тигізер құпия əсері жоғары. Жарнама арқылы заттың мақтауын асырып алушыларды қызықтыруға болады. Жарнамамен қысық көзге тиген қыздардың не қатысы бар деп отырған боларсыздар. Қазір түсіндіріп берем. Соңғы уақытта желілерде оның ішінде фейсбукте қытай жігітіне күйеуге тиген қазақ қыздар көптеп шығып жүр. Біреулері ашынған пост ретінде біреулері жаңалық ретінде жариялайды. Дұрыс- ақ. Бірақ кейде ойлаймын осы қыздарды жарнамалауды доғарсақ. Себебі жоғарыда айтқандай жарнаманың құпия əсері деген бар. Ашынып жазамыз деп ашылып қалып жатырмыз. Тақырыпқа тұздық ретінде бір мысал келтірейін. Егер біз суицидті жарнамалай беретін болсақ. Өзін өлтіргендер туралы фактыны телевизордан көрсетіп, сайттарға жаза беретін болсақ. Осындай ойда жүрген бейбақтардың күмəнді ойын бекіте түсеміз. «Бəрі де жасайды екенғо, мен де солай жасасам не болады» дегендей. Яғни бұл «жұрттың баласы» синдромы ғылыми тілмен вертер синдромы. Содан кейін осы суицид жасаушылар көбейеді. Бір жылдары Австрия елінде жасөспірімдер арасында метроға барып өзін өлтірушілер көбейіп кетіпті. Осы жағдайға орай бұқаралық ақпарат құралдары суицид туралы жаза беріпті. Содан Австрия үкіметі: «Осы ақпарат құралдары осы жағдайды маздатып- қоздатып өршітіп отырған жоқ па деп,- журналистерге үндеу тастапты. Кейін төртінші билік иелері мұндай ақпаратты жазбайтын болыпты. Абырой болғанда құда да тыныш құдағи да тыныш. Суицид жасаушылар сап тиылыпты. Дəл мұндай дерек елімізде де бар. Өткен жылы бір безбүйрек ана баласын қоқысқа тастап кеткен болатын. Осы жағдайдан кейін еліміздің əр өңірінде осы жағдай қылаң берді. Қоқыстан табылды, дəретханадан табылды. Айта берсек дерек көп. Вертер синдромы өз дегенін жасады.
Міне жоғарыдағы дəлелге сүйенетін болсақ сатқын қыздарды жарнамалай бермеген дұрыс. Бір тауықтың туған бес жұмыртқасының біреуі шірік болады екен. Сол секілді бір құмалақпен бір қарын майды шірітпейік. Елде қалған қазақтың қыздарының ойына күмəн тудырмайық.
Әрі қарай

Шабытты қайдан алуға болады?

Ағиық ақын Мұқағали,-" шабыт деген тумайды жайшылықта, шабыт деген тулайды қайшылыққа деп жырлаған. Осы бір адам бойына бір уақытта ғана келетін сезімді кейбіруіміз керегімізше, кейбіруіміз ұстай алмай қалып жатамыз. Əр адам əр түрлі алады. Біреулер жатар алдында, енді біреулер музыка тыңдағанда. Қызық! Осы кезде бес саусақ бірдей емес деген тəмсілді нақтылай түсеміз. Мен осы саусақтардың ортасындағысы болуым керек.(fack you)))) ештеңеге байланбай шабытты қалам мен қағаздан аламын. Біреулер шабыттан туған ойды күтіп жүрсе. Мен қалам мен парақ алып тудыра салам. Соңғы кезде жазу жағынан болдырып жүрмін. Жазбай қалсам уақыт деген қасқыр артымнан қуып келе жатқандай болады.
Қысқасы шабытты күтпей жазыңыздар. Ойланыңыздар. Бұл шабытты күтсек қартайып қалатын сияқтымыз.
Әрі қарай

Қазынаға айналған қарыз!

Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!

Қазақта «қарыз қатынас бұзады» деген сөз бар. Ауызша, не жазбаша болсын осындай уағдаласудың артында кейде үлкен реніш, өкпе қалатыны жасырын емес. Бірақ біздің кейіпкеріміз Мейір Абытаевқа «қарыз» пайдалы кәсіппен айналысуына сеп болды.
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
Бірде Мейірге 1 миллион теңге қарыз болған борышкер берешегін 5-6 ірі қарамен қайтарыпты. Осы сәтте Мейірге бір ой келеді. Ол інісімен ақылдасып, мал шаруашылығымен айналысуға бел буады.
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
2013 жылы Қарағанды облысы, Сенокосное ауылында «Абытаев» Фермерлік қожалығы пайда болады. Фермер алғашында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, 60 бас сиыр сатып алады.
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
Бүгінде қожалықта 170 ірі қара мен 100-ден аса жылқы бар. Сиырлардың басым бөлігі — симментал мен қара-шұбар тұқымды.
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
Биыл несие алып, мал басын 500-ге дейін жеткізу жоспарда бар. Осыған орай 200 ірі қара сыятын үлкен ангар салынып жатыр. Оған қоса мал соятын орынды да салу көзделіп отыр.
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
Ауыл игілігіне жарасын деп, наубайхана құрылысы жүріп жатыр. Бір ауысымда мың бөлке нан шығаратын болады.
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
Блог - NuriddinBidossov: Қазынаға айналған қарыз!
«Жалпы үш жылда бірталай жұмыстарды атқарып тастадық. Барға қанағат етіп, шүкіршілік етемін», — дейді Мейір.

Балалығымның жарқын шақтары №1

Әлі есімде...Әкем мен анам жол жүріп кеткен болатын. Үйде жеңгем, ағам мен мектепте менен жоғары сыныптарда оқитын әпкем мен ағам болатын. Қыстың күні. Ол кезде мен 2 не 3-ші сынып болуым керек қателеспесем, мектепте шырша болатын болды. Спорт залға биік шырша құрылған, балалар мен ата-аналар көп. Одан бір күн бұрын мектепте дайындық кезінде апай: «Кім болып киінесіңдер? Қандай костюм киесіңдер? Ертең бәрі дайын болсын, кешікпей келіңдер!»-деп қадап айтқан тұғын. Сынып жетекшіміз қаталдау болатын. Сөйтіп не керек үйге көңілсіз оралдым. Анам жоқ. Костюмді қайдан аламын, не киемін деп ойлап,үйге келіп жыладым. Жеңгем не болғанын сұрап әлек.Содан айттым: «Ертең балалардың бәрі әдемі көйлектер мен костюмдер, аңдардың киімдерін киеді. Менде ештеңе жоқ. Қалай барамын?»-деп өкірдім. Жеңгем жұбатып-жұбатып ұйықта деп айтып, шығып кеткен. Кешкісін оянсам жеңгем үйге әдемі «Түйме қыз» бар еді ғой, «Дьюмовочка» соның киімін әкеп қойыпты. Мәзбін. Киіп те көрмеппін. Таңертең ертемен тұрып жеңгем екеуміз мектепке бардық. Барсақ басталғалы жатыр екен, тездетіп киіне бастадық. Үстіңгі жақ бөлігін киіп, астыңғы белдемшесін кидім. Құдай-ау, көйлекті киіп болғандағы түрімді көрсеңіздер ғой...Ұялып барамын… Юбкасы дөңгеленіп келген, балеттегі қыздар киетін белдемше секілді.Енді прям сондай емес, сәл төмендеу, сонда да қысқа болды… Тек қана тік жүру керек. Еңкеюге болмайды)))) Амал жоқ кидім… Жүгіріп балаларға қосылып, шыршаны айналып ән айтып кеттік. Балалардың көздері менде. Шындығында, басқаларына қарағанда менің костюмім әдемі болды… Бойым да кішкентай, нағыз «дьюмовочка». Сыйлық та алдым. Қазір есіме алсам, ол кезде бала болсам да қатты ұяламын. Анам мен әкем үйге келгенде бәрін айттым. Сосын анама: «Енді кетіп қалмашы, мен жыладым»- деп түнде қасына жатып ұйықтап қалдым…
Естеліктер есте қалғаны жақсы ғой. Қалай болғанда да балалығыңның жарқын сәттері жадымда мәңгі сақталатынына Аллаға шүкір…
Сурет жазбаға қатысты емес...))) әлдеқайда өсіп қалған кезім)
Әрі қарай

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ҚАЙНАР» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН ТАБЫСТАДЫ

АКИМ КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ВРУЧИЛ МОЛОДЕЖИ ПРЕМИЮ «КАЙНАР»

28 декабря 2016 года в г.Караганде в здании областного филиала партии «Нұр Отан» состоялась церемония торжественного вручения молодежной премии «Қайнар» акима Карагандинской области, присуждаемой молодым гражданам в возрасте от 14 до 29 лет за плодотворную научную, творческую, профессиональную и общественную деятельность, получившую признание в молодежной среде.
Премия присуждается на конкурсной основе по решению Комиссии по отбору лауреатов премии акима Карагандинской области. В текущем году по 13 номинациям на рассмотрения комиссии представили документы 174 претендента.
Данная премия вручается с 2005 года и на сегодняшний день лауреатами стали свыше 100 молодых людей Карагандинской области.
В этом году лауреатами премии по следующим номинациям стали:

«Молодежный лидер года» — Ахмедия Самат, директор молодежного ресурсного центра Шетского района;
«Лучший молодой защитник Отечества» — Бектембеков Руфат, военнослужащий воинской части № 2091 «Усекская застава» КНБ РК;
«Лучший молодой работник культуры» — Умиртаева Нургуль, ведущая, сотрудник Концертного объединения имени К.Байжанова;
«Молодой рабочий года» — Нурмухаметов Елдос, слесарь по контрольно-измерительным приборам и автоматике АО «ArcelorMittal Temirtay»;
«Молодой педагог года» — Сармурзин Ербол, заместитель директора регионального научно-практического центра «Сарыарка дарыны»;
«Молодой педагог года» — Завгородняя Татьяна, воспитатель детского сада № 53 «Алмагуль» города Караганды;
«Молодой медицинский работник года» — Умирхан Харлыгаш, сотрудник КГП «Центральная районная больница Осакаровского района»;
«За вклад в развитие молодежной политики» — Аймагамбетов Еркара Балкараевич, ректор Карагандинского экономического университета Казпотребсоюза;
«Молодой ученый» — Исаева Аяулым, сотрудник института органического синтеза и углехимии г.Караганды;
«Лучший молодой государственный служащий» — Смагулов Дидар, руководитель Управления противодействия коррупции Департамента Агентства по делам государственной службы Республики Казахстан по Карагандинской области;
«От чистого сердца» — Сундиталиев Нияз, член попечительского совета канис-терапии ОФ «Лапа помощи»;
«Лучший Дом юношества для детей-сирот и детей оставшихся без попечения родителей» — Дом юношества «Мирас» при КГУ «Детский дом «Таншолпан» г.Караганда;
«Лучший молодёжный ресурсный центр» — Молодежный ресурный центр Каркаралинского района.
Всем победителям были вручены премии акима области, дипломы и статуэтки «Қайнар».
Блог - ZhastarTynysy: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ҚАЙНАР» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН ТАБЫСТАДЫ

2016 жылдың 28 желтоқсанында Қарағанды қаласында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Қайнар» жастар сыйлығын тапсыру салтанатты жиыны өтті. Бұл сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін облыстың 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастарына беріледі.
Сыйлық конкурстық негізде Қарағанды облысы әкімі сыйлығы лауреаттарын іріктеу жөніндегі комиссиясының шешімімен тағайындалады. Ағымдағы жылы 13 номинация бойынша комиссияның қарауына 174 үміткер құжаттарын ұсынды.
Аталмыш сыйлық 2005 жылдан бастап беріледі және осы уақытқа дейін Қарағанды облысының 100-ден аса жастары лауреат атанды.
Биылғы жылы мына номинациялар бойынша осы сыйлықтың иегерлері болып атанды:

«Жылдың жас көшбасшысы» — Ахмедия Самат, Шет ауданының жастар ресурстық орталығының директоры;
«Үздік жас Отан қорғаушы» — Бектембеков Руфат, ҚР ҰҚК № 2091 «Өсек бекеті» әскери бөлімінің әскери қызметкері;
«Үздік жас мәдениет қызметкері» — Өміртаева Нұргүл, жүргізуші, Қ.Байжанова атындағы концерттік бірлестігінің қызметкері;
«Жылдың жас жұмысшысы» — Нұрмұхамбетов Елдос, «ArcelorMittal Temirtay» АҚ слесарі;
«Жылдың жас ұстазы» — Сармурзин Ербол, «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорның орынбасары;
«Жылдың жас ұстазы» — Завгородняя Татьяна, Қарағанды қаласының № 53 «Алмагүл» балабақшасының тәрбиешісі;
«Үздік жас медицина қызметкері» — - Умирхан Харлыгаш, сотрудник КГП «Осакаров ауданының орталық емханасы» КММ қызметкері;
«Жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» — Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры;
«Жас ғалым» — Исаева Аяулым, Қарағанды қаласының органикалық синтез және көмір химиясы институтының қызметкері;
«Үздік жас мемлекеттік қызметші»- — Смағұлов Дидар, Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім басшысы;
«Шын жүректен» — Сундиталиев Нияз, «Лапа помощи» ҚФ канис терапиясы қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін үздік жасөспірімдер үйі» — Қарағанды қаласының «Таңшолпан» балалар үйі» КММ жанындағы «Мирас» жасөспірімдер үйі;
«Үздік жастар ресурстық орталығы» — Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығы.
Барлық жеңімпаздарға облыс әкімінің сыйлығы, дипломдар және «Қайнар» статуэткасы табысталды.

Сұм дүние

Сұм дүние
Қысқа уақыттың қадірін білмей адамдар,
Отыра қалып бірін — бірі жамандар.
Нәпсесінің құлы болған өмірі,
Толып жатыр арамызда сараңдар.

Қыстың күні қар сұрасаң бермейді,
Ал, берерің болса бері кел, -дейді.
Байи берсе байығанның үстіне,
Ақшаны ойлап күні-түні терлейді.

Сараңдықтың тасасында қалады,
Мейрімділік, адамшылық қасиет.
Нәпсі шіркін сөйтіп әлек салады,
Әлсіз жандар ақша алдында бас иед.

Сабындай ақ қысқа өмір қамшының,
Өте шығып көрде бір ақ тыншыдың.
Қысқа ғұмыр қарбаласпен өтсе де,
Ұқпай өттің ұлы өмірдің қыр — сырын.

Талай жандар осылай ақ өтеді,
Сұм дүниенің түбіне кім жетеді.
Көрі алтын, табыты алтын болсада,
Күнаң болса тамұқ болмақ мекені.

Насыреддин Қожырбайұлы
Әрі қарай

Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады
Келе жатқан жаңа жыл біреулер үшін шынымен де ертегіге айналады. Мереке қарсаңында Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады. Байқау Аяз Атаның атынан Инстаграмдағы ayazata_official ресми парақшада жүргізіледі.

Жарысқа ниет білдірген әр адам қатыса алады. Ол үшін елорда тұрғындарына арналған өз құттықтауын жүктеу қажет, ал сипаттамада «@ayazata_official» байқауы және#жаңажылыңменАстана2017 хэштегін қою керек. Қатысушының парақшасы байқау аяқталғанша ашық тұруға тиіс.

Бейнеқұттықтаулар 2016 жылдың 30 желтоқсаны сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Ерекше идеяның авторы IPhone 7 иегері атанады, байқау қорытындысы 31 желтоқсан күні сағат 15:00-де «Хан Шатыр» СОСО-ында шығарылады.
Әрі қарай

Аяз Ата мен Санта Клаус Алматыға көшіп келу үшін қанша қаржы жұмсар еді?

Блог - Aikona: Аяз Ата мен Санта Клаус Алматыға көшіп келу үшін қанша қаржы жұмсар еді?
Бірнеше жыл бұрын скандинавиялық консалтинг компанияларының бірі дүниежүзіндегі әр балаға жаңажылдық сыйлық жеткізу логистикасы жөнінен Санта Клаус үшін Ферғана жотасы ауданы ең қолайлы орын болатынын есептеп шығарған еді. Бұл мекен Алматыдан 500 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz онлайн-сервисінің мамандары егер Санта мен Аяз Ата Қазақстанның оңтүстік астанасына көшіп келсе, оларға қандай баспана қажет болатынын және ол үшін қанша қаражат жұмсайтынын анықтап көрді.
Ресми статистика цифрларына сүйенер болсақ, әр қазақстандыққа орташа есеппен 21,5 шаршы метр баспанадан келеді. Осы мәліметті негізге ала отырып, Аяз Ата мен Санта Клаусқа қолайлы баспана өлшемдерін оңай анықтауға болады.
Аяз Ата мен оның немересі – Ақшақарға екі жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі мен жеке кабинеті (бұл – міндетті түрде қажет бөлме, себебі Аяз Ата балалардан келген хатты оңаша отырып оқуы керек қой) бар төрт бөлмелі апартаменттің жарап қалатыны кәдік. Тұрғын үй кешені қала орталығынан алыс емес жерде, тауға жақын маңда, инфрақұрылымы дамыған және экологиясы қарт адамға қолайлы ауданда орналасқаны жөн. Шаршы метрі 390 мың теңге шамасында деп есептегенде ауданы 90 шаршы метр болатын мұндай пәтерлердің әрленер алдындағы құны 35,1 млн. теңгеге шығар еді. Шанасы мен үш атын жайғастыру үшін Атаға жерасты паркингінен тағы екі орын қажет болады, яғни үй бағасына шамамен тағы 8 млн. теңгені қосыңыз. Барлығы – 43,1 млн. теңге.
Ал Санта Клаусқа қаражаттың да, баспана көлемінің де әріптесіне қарағанда, көбірегі қажет. Себебі оның көмекшілерінің өзі бір қора — гномдар, эльфтер мен Рождествоға арналған сыйлықтар өндірумен айналысатын басқа да ертегілік кейіпкерлер бар. Өкінішке қарай, Санта көмекшілерінің нақты саны белгісіз, сондықтан қажеттілік мөлшерін жобалап есептеуге тура келеді.
Сонымен, Алматыға көшіп келгенде Сантаға ең алдымен баспана, шаруашылық және өндірістік нысандар салуға қажетті жер телімін сатып алу керек. Қала аумағындағы бір сотық жердің орташа құны – 4 млн. теңге. Санта Клаусқа үй, таңғажайып көмекшілеріне арналған жатақхана, сыйлық өндіретін цех пен оларды сақтайтын қойма салу үшін және 9 бұғы мен шанаға қажет орын үшін, кем дегенде, құны 40 млн. теңгеге шығатын 10 сотық қажет болады.
Санта жалғызбасты болғандықтан оған 2 млн. теңге тұратын ауданы 50 шаршы метрге дейінгі ағаш үй де жетеді. Өндірісте жұмыс істейтін гномдар мен эльфтерге арналған ауданы 16 шаршы метр болатын 60 пәтерлік бесқабатты жатақхана 240 млн. теңгеге (мұндай пәтерлердің орташа құны 4 млн. теңге деп есептегенде) шығады.
Сыйлық өндіру мен сақтауға арналған әрқайсысының ауданы 200 шаршы метр болатын қос орын құрылысына 8 млн-ға жуық теңге, ал бұғылардың бағымы мен шананы жайғастыруға тағы 4 млн теңгеге жуық қаржы қажет болады. Жалпы алғанда, Санта Клаустың Алматыға қоныс аударуы үшін кем дегенде 294 млн. теңге жұмсалар еді.
Анықтамалық ақпарат
Homsters.kz – жылжымайтын мүлік сатуға арналған халықаралық онлайн-алаң. Homsters.kz жылжымайтын мүлік объектілері туралы сенімді ақпарат негізінде екі тарапқа да тиімді мәмілелер жүргізу үшін сатушы мен сатып алушыны біріктіреді. Қазіргі уақытта онлайн-алаң белсенді сауда кезеңіндегі жаңа үйлер сатушыларының 70%-мен серіктес болып, жұмыс жүргізіп отыр, сонымен қатар бүкіл республика бойынша қайталама тұрғын үй нарығының 28 мыңнан астам объектісін қамтитын тексерілген мәліметтердің ашық базасына ие. Homsters.kz Қазақстанның жылжымайтын мүлік сегментіндегі көшбасшы үштіктің қатарына кіреді және нарықтағы өз позициясын нығайтып келеді.
Әрі қарай

МЕН ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БАРЫНА СЕНЕМІН

Бүгінгі қоғам қауырт әрекеттерімен, сұр бейнесі арқылы ізгілік пен жақсылық деп аталатын бар жақсы қасиетті жоғалтқандай. Дегенмен, осынша аласапыран әлемде әлі де болса өзгенің күйін күйттеп, жоғын жоқтайтын, жомарттығы мен адамгершілігі сақталған азаматтар баршылық. Бұл мақалам риясыз бала көңілдің жақсылық атаулысының барына сендіріп қана қоймай, қанаты қатпаған қыранды үлкен сапарға аттануға әрекет еткен ерекше азамат турасында болмақ. Мақтау, жағымпаздану емес, жүректен шыққан, ізгілікке толы шынайы құрмет суреттемесі. Ендеше, оқып, бағасын берер деген ойдамын.
Блог - amanzholov_bn: МЕН ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БАРЫНА СЕНЕМІН

Бүгінгі жоғарғы оқу орнында білім алу мәселесі өте күрделі және көптің қалтасы көтере бермейтін қымбат сый. Ал еліміздің жетекші оқу орнында білім аламын десең, төрт жылыңа бірнеше миллионыңды әзірлегенің дұрыс. Жо-жоқ! Бәрі ақылы демеймін. Мемлекеттік шәкіртақы алатындар бар. Ол да таңдаған мамандығыңа байланысты. Бізге ондай бақыт бұйырмағандықтан ақылы негізде оқуға түсуге тура келді. Алғашында демеуші болып, бәрін қатырамын деген азаматтар көп болды. Ауылдың аңғал баласы әдемі сөздерге сеніп, тойып жүре бердік. Жыл аяғында әлгі азаматтардың көбінің жоқ болып кеткені, ал шын пейілімен қол ұшын созбақ болған кәсіпкер банкрот болғанын естігенде, төбеме тас түскендей болды. Содан басталды қиындықтың бәрі. Түрлі қалталы азаматтар әртүрлі көлемде қолдау көрсетіп, алғашқы екі жылымды өтеп, жаптым. Алайда, соңғы жылдары 1 миллионнан астам оқуға қарызым жиылып, тығырыққа тірелгендей күйде болдым. Иә, біткен жерім осы болар дедім іштей. Содан қыркүйек айынан бастап тапқанымша 55 түрлі кәсіпорынға өтініш хаттар жібердім. Бірнешесі жауап қатып, қарық қыламыз деді. Дегенмен тек жалғыз ғана мекеме өз уақытын айтып, қолдан келгенше қолдайтындарын жеткізіп, құжаттарымды сұрастырды. Шешілді! Деп қуандым жүрегім орнында болмай. Содан қараша айының соңында хабарласуға уағдаластық. Арада екі ай өткен соң, ол тараптан тиісті хабар ала алмай сәл уайымдай бастадым. Себебі, егер осы азамттар қолдау көрсетпесе, соңғы курсымда оқумен қоштасар едім. Электронды пошталарына бірнеше мәрте хат жіберіп, күтуге кірістім. Содан бір күні телефоныма бейтаныс нөмір қоңырау шалды. Бұл еліміздегі жетекші кәсіпорындардың бірі «Байкен-U» ЖШС бас директоры Бердалиев Бауыржан Алмаханұлы болатын! ИӘӘ!!! Маған қолдау көрсетіп, демеймін деген ағам өзі жеке телефоныма қоңырау шалып, есіне ертерек салмағаныма біраз сөгіп, дереу іске кірісіп, қаржыны аударатынын жеткізді. Ертесіне мекемеден тиісті азаматтар хабарласып, бір күннің ішінде 1 миллионнан астам қаржы шотыма топ етіп түсе қалды. Бір мәртеде бетпе-бет кездеспей, көз көрмей, құлақ естімей, бірнеше мың шақырым жырақтағы білім алып жатқан мендей қара балаға ешбір қайтарымсыз, ешбір ойсыз ізгі ниетпен осынша қаржы бөліп, оқуымды тәмамдауыма көмек береді десе, сенбес едім. Алайда ол солай болды! Бірнеше күн ішінде оқу ақымды толық өтеп, білімімді жалғастыруға көмек қолын созды. Хабарласып, алғысымды білдіргенімде: — Сені болашақ елге қызмет ететін азамат деп танып, қолдау көрсетіп отырмыз. Елдің, халықтың күйін күйттейтін қалымды қаламгер, мықты журналист болатыныңа сенемін! Алған бетіңнен тайма інім! –деп, ақ тілегін жаудырды. Иә, біреуге бұл мақалам қызықсыз шығар. Бірақ, менің өмірге деген көзқарасымды өзгертіп, менің өмірімді өзгерткен осы бір қайырымды іспен бөліскенді жөн санадым. Бауыржан Алмаханұлы секілді жомарт азаматтар барда, қазақтай елдің туы жығылуы мүмкін емес! Біздердей шала балаларға қолдау көрсетіп, қанаттарымызды қатайтып, қайтарымсыз көмек көрсетіп, көпке үлгі болды. Иә, елде өзге де меценаттар жетерлік. Көптеген ағалар жақсылықпен айналысуда. Алайда, мен үшін Бауыржан Алмаханұлы нағыз үлкен жүректің иесі! Жақында ол кісінің «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін иеленгенін естідім. Айтарым, ондай азаматтардың кеудесіне елдің ықыласы мен құрметі деген қос орден тағылып-ақ тұр! Олар көпке жария етпей, жәй ғана ізгілікті істер атқаруда. Ұжымына, менен өзге балаларға да қол ұшын созып, қолдан келгенше көмек көрсетіп, алайда оны әлемге жарияламай, қарапайымдылығын сақтап отырған осындай ағаларға қарап, жер бетінде жақсылықтың әлі де болса барына көзің жетеді. Сіздерді қайдам, алайда мен Жақсылықтың барына сенемін! Рақмет сізге үлкен жүрек иесі Бауыржан Алмаханұлы!
Әрі қарай