Жетісу журналистері ағылшын тілін үйренуде

Алматы облысы: Жетісу журналистері ағылшын тілін үйренуде
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының кеңесшісі Тоқтасын Әсем баспасөз мәслихатын өткізді. Онда «SLICE OF ENGLISH» жобасы талқыланды. Аталмыш жоба Елбасының «Тілдердің үштұғырлығы» саясатын қолдап, мемлекеттік қызметкерлердің ағылшын тілін «Elementary» деңгейіне жеткізу үшін бағытталған.
Бұл жоба үштілділік арқылы Қазақстанды алдыңғы қатарлы әлемдік дамыған елдердің санатына енуге жетелейді. Себебі Елбасымыз айтып кеткендей: «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Жоба аясында қызыметкерлер теория түрінде алған білімдерін, практика жүзінде өздерінің бағыттарында пайдаланатын болады. Оқыту “көрнекі-ақпараттандыру” әдісімен өтеді. Мекемеге үлкен стендтер орнатылып, стенд қалташаларына күн сайын жаңа сөздер еңгізіліп отыратыны айтылды.
«Жүргізіліп жатқан жобадан күтілетін нәтижелер көп. Ол журналистердің ағылшын тілін оқуға қызығушылығының артуы, есте сақтау қабілеттерінің жоғарылауы және ағылшын тілінде ақпарат беру алу мүмкіншілігі. Егер жақсы қорытынды шығып жатса, жұмыс уақытынан тыс түрлі тренингтар өткізетін боламыз», — деді Тоқтасын Әсем.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Ел болам десең бесігінді түзе, мемлекет болам десең мектеп қара!!!

Дәл бүгін ҰБТ деп аталатын сынақтың жаңа нұсқасы сынаққа түсті. Қорытындылары мен қалай өткені жайлы толық ақпарат өкінішке орай қолымда жоқ әзірге. Дегенменде бұл жаңа нұсқадағы ҰБТ жаңа серпіліс пен жаңалықтар әкеле қояды дегенге күмәнім өте көп.
Жалпы білімді балалар мен мемлекетке қажетті мамандар дайындалуы үшін сынақтар мен оқу мерзімдерінен гөрі мүлде басқа дүниелер істелуі керек секілді. Жалпы Қазақстандық білім жүйесі жұлмаланып жылда өзгертуге ұшырап келседе ауызға іліп айтатын нәтиже көріп жүргеніміз шамалы. Абай айтпақшы «Баяғы жартас, сол жартас».
Менің айтпағым сынақпен тексеруге, толассыз рейтингтер мен есептер (отчет) сұралатын, көбіне статистикалық жетістіктер жоғары бағаланатын білім жүйесі бізге еш пайда бермейді деп білемін. Иә келісем кәзірдін өзінде мықты жастар, талантты оқушылар шығуда бірақ олардың барлығы өздігінен үздік атануда. Біз дайыннан дайын ғана жасай алып жатқан секілдіміз. Төменде кәзіргі білім жүйесінің бірнеше мәселесін атай кетемін. Ал сол мәселелерді шешудегі өз жобаларымды алдыңғы жазбаларымнан көре жатарсыздар.
Ең алдымен кәзіргі жүйе орта статистикалық баланы ғана дайындауға тырысады. Яғни барлық баланың мүмкіншілігі ортақ критерийлермен бағаланады. Мысалы мен талантты музыкант бола тұра математика мен химиядан алған үштігім үшін өзімді ақымақ сезініп мектепті тәмәмдайтын болам, Эйнштейн айтпақшы «Балықты ағашқа өрмелей алу қабілеті арқылы бағалайтын болсақ олар өздерін дарынсыз деп ойлап өтетін болады». Осы мысал біздің оқу жүйемізге қатты келеді (әлемнің барша еліндеде осылай шығар бәлкім). Келесі мәселе біз мұғалімдедін деңгейін оның оқыған тәжірбиесімен, алған сертификаттарымен, білімділігімен бағалаймыз, бұларда керек шығар бірақ мұғалім ен алдымен өзінде барды балаларға бере алатынымен бағалануы керек. Тау қаншалық сұлу немесе биік болсын ол адамға егін бермегендіктен әрқашан жерден құнарлы емес. Ұстазда солай болуы тиіс. Келесі айтарым сынақтардың көп болуы немесе балалардың жиі сыналуы ол білім сапасындағы жетістікті бермейді. Ол қулықты арттырады, ол өзінің беделі үшін арпалысқан директор, ол директордан сөгіс алмауға тырысқан ұстаз, ол ата-ансынан қорқатын баладан басқа ештене емес. Қайта қайта сынай бергенше сапалы білім беру өте маңызды болады деп ойлаймын. Жәнеде сынаққа дайындық уақытының орнына қаншама заттарды игеруге болатын еді. Шахановша айтсам «Адам аяғы шан болған сайын балағын қаға берсе көздеген межесіне жете алмайды».
Жалпылай бірнеше нақты мәселедерді көрсетуге тырыстым. Ой жинақтау қиындау екен, жазбадағы алғашқы қадам осылай тәмәмдалсын. Тәжірбие жетіспеушілігі өзімеде сезіліп тұр. Соңғы айтарым Жас түлек бүгінгі сынағыңда сәттілік!!!
Әрі қарай

Япырай не боп кетті заман деген

Япырай не боп кетті заман деген,
Арам болып шығады адал деген,
Адал болып шығады арам деген.
Бірін бірі жамандап байыз таппай,
Ақ қарасын айырмай түтіп жеген.

Содан соң виртуалды басты қасып,
Бір біріне лайк қоюға болар асық.
Біреулер кіші пейіл болып жатса,
Біреу жүр боқауызбен асып тасып.

Біреу жүр селфилетіп бұрқыратып,
Бір бірін ФБ дан жүр тырқыратып
Күллі әлем отырғандай алақанда.
Өмірдің кетті ау мүлде сұрқы қашып.

Виртуалды өмірде тағам екен,
Ал, оған тәуелділік жаман екен.
Сағат сайын үңілген алақанға,
Адамның өміріне залал екен.

Келін жатыр құшақтап ноутбукты,
Бала жатыр құшақтап ноутбукты.
Асыл уақыт зымырап өтіп жатыр,
Виртуалды өмірмен, нені ұқты.

Желіге кіріп кетсем қайтер екен,
Мұң, зарымды әлемге айтар екем.
Күллі әлемді қаратқан бір өзіне,
Япырай интернетте шайтан екен.
Әрі қарай

Журналист боламын

Қайырлы күн! Оқушылар және білімгерлер жаздық демалысқа шығып, арқаны кеңге салып демалып жатқан боларсыздар? Кімде кім демалысының пайдалы өткенін қалайды ғой. Қалай пайдалы өткізу керектігін айтайын ба? Иә, ма? Сіз дайынсыз ба? Жарайды, көпке созбай айтайыншы. Журналистика курсына баруға кеңес беремін, өте тиімді бағада. Ол курстың пайдасы, дұрыс жазу, сөйлемдерді дұрыс құрау. Еңңң кереметі, телеорталықтарға тәжерибе жинақтауға бару. Яғни, кадр сыртындағы қызу жұмысты өз көзіңізбен көру. Егер, сіз өзіңізді өте белсенді көрсетсеңіз, тәжерибеден өткен арнада жұмысқа тұра аласыз. Ал, екінші жаңалықты да айта өтейін. Ол, енді бір мінезден екіншісіне өту. Жылап отырып күле салу, содан соң ашуға салыну. Түсініксіз болып кетті-ау дим? Актерлік шеберлік курстары туралы айтып отырмын. Егер өзіңізді болашақ актер сезінсеңіз немесе телевизия саласының жұлдызы болғыңыз келсе, күтеміз. Еңңң күшті жаңалық, өзімізге ұнаған еңбекқор, көзге бірден түскен оқушыны «Жаңа жол» театрына қабылдаймыз! Уф, жазып біттім ғой. Сұрақтар болса +77754589398 өзіме, +77073829582 администраторға хабарлассаңыз болады.
Әрі қарай

ҰБТ-ға екі бірдей тестілеуді енгізу – екі бірдей талапкердің өлімімен аяқталды

Блог - Jarkinai: ҰБТ-ға екі бірдей тестілеуді енгізу – екі бірдей талапкердің өлімімен аяқталды31 мамыр күні Ақмола облысының тұрғыны бітіруші қыз бала шкафқа асылып қалған. Ақсай қаласында 2-маусымда тағы бір бітіруші бозбала өзіне қол жұмсаған. Себеп мектеп бітіру емтиханынан төмен баға алған.

Жыл сайын түрленіп, өзгеріске ұшырайтын талапкерлер тестілеуі бітірушілер мен ата-ана сынына ұшырағалы қашан. Дегенмен билік бұл сынға тек министірлік басшысын ауыстырумен ғана жауап қатып келді. Білім және ғылым министірілігіне келген жаңа басшы әдетінше жаңа реформалармен келетіні анық. Жаңа бір үрдіске енді үйренісе бастағанда тағы бір өзгеріс күшіне енеді тиісінше зардап шегуші түлектер, мектеп оқушылары.
Биылғы жылы мектептен 136 мың жас түлек қанаттанғалы отыр. 6300 бітіруші алтыннан төс белгі тағуға үмітті. Түлектер алаңдаулы, қобалжу басым, себебі биылғы жылы ЖОО-на түсі жеңілдетілгенімен, екі бірдей сыннан өтуі керек: қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу. Бұрынғы жүйеден айырмашылығы шектік балды жинай алмай қалса да талапкер ақылы негізде ЖОО-на түсуге мүмкіндігі бар және өз балына көңілі толмаған жағдайда 2017 жылдың тамыз, 2018 жылдың қаңтар айларында ҰБТ-ны ақылы түрде қайта тапсыра алады. Бұл өзгеріс күшіне енерде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағдиев: «Біздің ойымызша сұрақтар онша қиын емес, биылғы жылы барлығы дұрыс болады деп сенеміз» деген болатын. Нәтижелерге қарап білім жүйесіне енген биылғы өзгерістің қаншалықты «дұрыс» болғандығын көріп отырмыз. Қынжылтатыны мектептен түлеп ұшып, енді ғана үлкен өмірге аяқ басқан жастардың, арманыны мен болашағына дәнекер көретін ҰБТ өмірмен қозштасуға себеп болып бара жатқандай…
Әрі қарай

Жаяудың монологы

Мен жаяумен,
Жаяу Муса боламын,
Мен байырдан.
Мен жаяумын,
Аттыға еремін,-деп,
Тоңы айырылған.

Сыртым бүтін,
Ішім түтін мен бір жан.
Қашан ғана атар екен,
Біздің таң.

Жаяу жанды жаяулық,
Күнінен бұрын қартайтар,
Бөрі арығын білдірмей,
Сыртқа жүнін қампайтар.

Мақтануға шебермін,
Әп әдемі киінгем.
Бірақ, бірақ амал не,
Тойған адам ас іше алмас үйімнен.

Ашық, шашық күйім бар,
Суға кетіп құлағалы үйім бар.
Небір түрін тартып келем азаптың,
Маңдайыма жазылғаны осы да,
Өйткені мен Қазақпын.
Әрі қарай

Ақтауым менің

Ақтауым менің қанатын жайып қалықтап,
Күн сайын өсіп келеді жәйлап анық бақ.
Шет жақта жүрсем өзіңе қарай асығам,
Ұштасқан тағдыр, шағала қиял шарықтап.

Ақмаржан қалам қанатым сенде бекіді,
Жаныңды тербер түнгі қаланың тек үні.
Теңізге төніп, еңкейіп тұрған ақ қалам,
Каспийде тұрған ғажайып жұмақ секілді.

Ақтауым әнім, арулығың маған керегі,
Ақ шаңқан үйлер баурыңда өрбіп келеді.
Арманымның толқыны шайқап тербеп тұр,
Көкжиектен көрінген аппақ кемені.

Төсіңде өрген ұл, қызыңменен мақтанам,
Ару қаламның сұлулығын сақтаған.
Мәңгілік елдің перзенттері деп білемін,
Дана халқымның үміт, арманын ақтаған.

Ақ арман қалам жаға жайыңмен мақтанам,
Қапыда қалма сұр қала, -деп күн қақтаған.
Кәусар ауаңды кеуде керіп бір жұтқанда,
Ойыңнан шығар асау теңізім, ақ қалам.

Киелі өлкем Маңғыстау ата мекенім,
Астанам Ақтау өзіңді мақтан етермін.
Дем алыс алсаң Ақтауға бұрың ат басын,
Көріп кет көзбен Ақтауым аққала екенін.
Әрі қарай

Мектеп бітіру кешінің машақаты

Көршінің қызы жер тепкілеп жылайды, сауда үйінен көрген 80 мыңның көлегін алмасам қатарластарымнан қаламын деп анасына жекиді. Мектеп бітіру кешіне ақша таппай, қызының көз жасына төзе алмай шарасыз көп балалы анада күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ.
Мектеп бітіру бүгінде түлектер үшін де, ата-аналар үшін де дүркіреген ұлы той. Мектептер бір-бірімен бақталаса қымбат мейрамхана, танымал асаба, шетелдік соңғы маркалы көлік іздеп шарқ ұрып жүр. Тоқсан біткенде сынып жетекшісі бала үлгерім табельіне қол қойдыру үшін таба алмайтын ата-аналар жыл соңында күнде мектепте: қанша қаржы жинаймыз? Сынып жетекшісіне нендей кәдесый береміз? –дегендей талқылайтын мәселелері аса маңызды. Түлектер үшін: қандай маман боламын? Қай оқу орнын таңдаймын? Сынаққа түпкілікті дайынмын ба? –деген сауалдар бүгінгі күн тәртібінде екінші орындағы мәселе, маңыздысы жігіттер смокинг, қыздар қымбат көйлек, әрлеуші маман іздеп сабақ оқуға қолдары босамайды.
Киім демекші сол салтанатты кешке екі сағаттқа жетер жетпес уақыттағы түлектер келбетіне қанша қаражат кетеді? Бірге есептеп көрейік. Қыздар үшін ең сәнді, соңғы үлгідегі жарасымды, салтанатты көйлек бағасы орта есеппен 30 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгеден асып түседі, енді бұл көйлекке сай келетін аяқ киім қажет. Биік өкшелі, сәнді туфлилер бағасы 5 мың теңгеден басталып 30-40 мыңға дейін аспандайды. Make up -10 мың тг, әшекей бұйымдары мен қол сөмкесіне тағы 10 мың қосыңыз, бұл бағадан асып түспесе кемімейді. Сонымен 60-70 мың тг көлемінде қызыңыз салтанатты кешке ханшайымдай болып барады. Жігіттерге смокинг 30 мыңнан басталып 100 мыңның үстіне шығады, классикалық үлгідегі туфли 10-50 мың тг аралығында, галустуг немесе мойынға тақыштар, жейде қыстырғыштары секілді аксесуарларға 10-15 мың тг кетеді десек сіз ханзадаңызға 50-60 мыңдай қаржы жоғалтайын деп тұрсыз. Бұл тек орта есеппен алғандағы бағалар егер көйлекті тіктіртемін, брендтік бұйымдарды тағып, танымал сәнгерлер ұсынған үлгіден киінемін дейтін түлектерге аталған бағаға тек бір ғана бұйымын ала аласыз. Салтанатты мейрамханаға, танымал асабаға, сағаты 15-20 мың тұратын шетелдік көлікке жиналатын ақшаны қоспағанда тұрмыстық жағдайы төмен немесе көп балалы отбасылар қалай балаларын ханзада, ханшайым етеді? Бұл бізден бұрын психологтарды аса алаңдатқан сауал. «Соңғы уақыттағы суидцидтің көбейуінің себебі, жас жеткіншектердің қатарынан қалуынан, әлі өмірдің маңыздылығын түсініп болмаған жас жеткіншекке суидцидтен басқа амал қалмағандай көрінеді» -дейді мамандар.
Бір мектеп бітіру кеші осынша мәселе тудырып, тіпті өліммен аяқталуының себебі неде? Білім ордасы бұл сорақылыққа мұрындық болғаны қалай? Бір сағаттық кеш үшін бір айлық жалақысын шаша салатын ата-аналар неге сондай дарақылыққа барады? Әлеуметтік желілер арқылы бітірушілерге сауал жолдаған едік. Жалағаш ауданы түлектерінің жауабы қайран қалдырды. Бітірушілер 30 мың теңгеден жинап, атестатты мектептен алып, қатарластарының үйінде тойлайтын көрінеді. Ата-ана да қаржыдан қиналмайды, түлектер де алаңсыз, бастысы қауіпсіздік жоғары. Жақсы бастама, өзге мектептерге де үлгі етіп неге дәстүрге айналдырмасқа?
Көкейде сауал көп түйін біреу. Қарапайым атестат тапсыру рәсімін ұлан асыр тойға айналдырған қазақ балам мектеп бітірді деп ат шаптырып, бәйге берсе таң қалмаңыз.
Блог - Jarkinai: Мектеп бітіру кешінің машақаты
Әрі қарай

«Байқоңырда бизнес бастау мүмкін бе?» II Халықаралық интернет-форумы

19Керек тілші: «Байқоңырда бизнес бастау мүмкін бе?»  II  Халықаралық интернет-форумымаусым күні Қызылордада облыс әкімі Қ.Көшербаевтың, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Біржан Қанешевтің және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Ольга Когайдың қатысуымен Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелеріне арналған «Байқоңырда бизнес жасау мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет-форум өтті.
Сондай-ақ, онлайн режимде өткен форумға әлемнің 10 елінен: Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Әзербайжан, Израиль, Түркия, Финляндия, Дания және Қазақстаннан өкілдер қатысты.
Облыс әкімі интернет-форумды аша отырып, «жұлдызды қалашықтағы» бизнестің даму перспективалары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қазіргі таңда Байқоңыр қаласындағы 14 нысанды аймақтың коммуналдық меншігіне өткізу туралы жұмыстар жүріп жатқанын, ал олардың негізінде өнеркәсіптік контейнерлер жинау, тұрмыстық және өнеркәсіптік құралдар өндірісі, тоқыма, тамақ өнеркәсібі сияқты өндіріс орындарын ашып, туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.
-Бұдан бөлек 2023 жылға дейін ҚР туристік саласын дамыту Тұжырымдамасы аясында «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын құру жоспарлануда. Бұл аймақта шолу алаңдары, ғарыштық аттракциондар, сауда орталықтары, музей, аквапарк, кинотеатрлар болады. Аталған нысандарды ашу мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Қазір инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Біз барлық кәсіпкерлер мен қызығушылық танытқан тұлғаларды осы іске атсалысуға шақырамыз. Байқоңыр қаласы инвесторларды қабылдап, олар үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын,-деді Қ.Көшербаев.
Форумға қатысушылар өз кезегінде «Байқоңыр» кешенін дамыту бойынша, мәселен: ақылды технологияларды енгізу, туристер үшін нұсқаулықтар әзірлеу, өнеркәсіпті дамыту сияқты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады.
Әрі қарай

Есілдің терең жерінде шомылу қауіпті

Құтқарушылар Астана тұрғындары мен қонақтарына ашық су қоймаларында шомылу кезінде аса абай болуға кеңес береді. Терең жерлерде су әлі салқын. Сондай-ақ, мамандар алкогольді ішімдік ішіп суға түсу, үлкендердің қарауынсыз балаларды суға жіберу өте қауіпті екенін еске салады.

Арнайы жабдықталған, рұқсат етілген жерлерде ғана шомылған абзал. Тап сол жерлерде күн сайын сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін құтқару қызметі жұмыс істейді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қалалық жағажайда демалуға мүмкіндік мол. Астанадағы жалғыз жағажай – Тұран 2/1 даңғылында. Құтқарушылар Есіл өзеніндегі суда шомылу еш қауіпті емес екенін айтады: сүңгуірлер шомылатын орындарды күн сайын тазалайды. Астана қаласының әкімдігі барлық демалушыларға сәттілік тілеп, судағы қағидаларды еске салады:

Рұқсат етілмейді:

• судың тереңдігін тексермей жатып жарлар мен мінберлерден секіруге

• белгіленген жерден асып кетуге немесе су тоғандарын толық жүзіп өтуге
• мас күйінде шомылуға
• суда қауіпті ойындар ойнауға
• суық суда ұзақ шомылуға
• егер жүзу білмесеңіз үрленген матрастар мен шеңберлер арқылы жағажайдан ұзап кетуге

• судың жанында балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға
• балаларға таныс емес жерлерде шомылуға, алысқа жүзуге, егер балалар жүзу білмесе қауіпсіздік құралынсыз суға түсуге рұқсат етуге болмайды.

Әрі қарай