ҰБТ-ға екі бірдей тестілеуді енгізу – екі бірдей талапкердің өлімімен аяқталды

Блог - Jarkinai: ҰБТ-ға екі бірдей тестілеуді енгізу – екі бірдей талапкердің өлімімен аяқталды31 мамыр күні Ақмола облысының тұрғыны бітіруші қыз бала шкафқа асылып қалған. Ақсай қаласында 2-маусымда тағы бір бітіруші бозбала өзіне қол жұмсаған. Себеп мектеп бітіру емтиханынан төмен баға алған.

Жыл сайын түрленіп, өзгеріске ұшырайтын талапкерлер тестілеуі бітірушілер мен ата-ана сынына ұшырағалы қашан. Дегенмен билік бұл сынға тек министірлік басшысын ауыстырумен ғана жауап қатып келді. Білім және ғылым министірілігіне келген жаңа басшы әдетінше жаңа реформалармен келетіні анық. Жаңа бір үрдіске енді үйренісе бастағанда тағы бір өзгеріс күшіне енеді тиісінше зардап шегуші түлектер, мектеп оқушылары.
Биылғы жылы мектептен 136 мың жас түлек қанаттанғалы отыр. 6300 бітіруші алтыннан төс белгі тағуға үмітті. Түлектер алаңдаулы, қобалжу басым, себебі биылғы жылы ЖОО-на түсі жеңілдетілгенімен, екі бірдей сыннан өтуі керек: қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу. Бұрынғы жүйеден айырмашылығы шектік балды жинай алмай қалса да талапкер ақылы негізде ЖОО-на түсуге мүмкіндігі бар және өз балына көңілі толмаған жағдайда 2017 жылдың тамыз, 2018 жылдың қаңтар айларында ҰБТ-ны ақылы түрде қайта тапсыра алады. Бұл өзгеріс күшіне енерде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағдиев: «Біздің ойымызша сұрақтар онша қиын емес, биылғы жылы барлығы дұрыс болады деп сенеміз» деген болатын. Нәтижелерге қарап білім жүйесіне енген биылғы өзгерістің қаншалықты «дұрыс» болғандығын көріп отырмыз. Қынжылтатыны мектептен түлеп ұшып, енді ғана үлкен өмірге аяқ басқан жастардың, арманыны мен болашағына дәнекер көретін ҰБТ өмірмен қозштасуға себеп болып бара жатқандай…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше