Астанада алғашқы рет "Мамандық қаласы" кең ауқымды жобасы іске асырылады

«Мамандықтар қаласы» әлеуметтік жоба болып табылады, коммерциялық емес. Жобаны Астана қаласы әкімдігімен халықаралық Community журналымен бірлесе отырып іске асырады. Халықаралық Community журналы 4 жыл қатарынан Украина елінде аталмыш жобаны сәтті жүзеге асыруда.

Жоба бойынша балалар түрлі мамандықта өздерін байқап көре алады.

— Мен әр баланың бала күнінен өзінің қалауымен бағытын таңдап, болашаққа ұмтылса деймін. Бұл тұрғыда мен адам өз ісін сүйіп іске асыратын болса, кәсібінде ең үздік маман болады деген ойдамын. Соған орай жасаған жұмысының сапасы да жақсы болады. Біздің мақсатымыз өз кәсібін сүйетін, жұмысын сапалы жасайтын адамдардың санын көбейту. Сол арқылы біздің өміріміздің сапасы жақсарады деген сенімдемін, — дейді ұлттық «Мамандықтар қаласы» жобасы туралы өз ойымен бөлісті идеолог Татьяна Люлька.

Жобаның 3 негізгі бағыты бар. Біріншісі – болашақта таңдайтын кәсібі туралы, сол сала туралы ақпаратқа қанық болу үшін мамандыққа бейімделу. Екіншісі – балаларды еңбекке баулу, еңбегіннің жемісін көру, ақшаның құндылығын сезіну. Үшінші бағыт статистикаға байланысты, онда қазіргі кезде адамдардың көбісі алған мамандықтарымен жұмыс істемейтіндері туралы айтылады. Бұндай үрдіс ТМД мемлекеттері аумағында әлі күнге дейін сақталуда. 2016 жылы жобаға Украинаның 25 қаласында 326 675 бала қатысты. Бір күн ішінде елордалық балғындар ересектердің кейпіне еніп, мамандыққа бейімделіп, ақшаны «өздігінен» табуды үйренеді.

19 тамызда сағат 11.00-ден «Арай» саябағында интерактивті қалашық іске қосылады. Саябаққа кіруде әр бүлдіршін еңбек кітапшасы болып табылатын құжатқа ие болады, әрі қарай «жұмысқа орналасу» сюжет көрсетіледі. 2-18 жас аралығындағы әр бала ойын түрінде шеберлік сабақтарына қатысады.

100-ден астам мамандық ұсынылады, оның ішінде құтқарушы, өрт сөндіруші, кинолог, дәрігер, мұғалім, криминалшы, агроном, құрылысшы, шаштараз, банк қызметкері және т.б.

3-4 сағат аралығында әр бала әр салада өзінің қабілетін көре алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл баланың қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін жақсы бастама.

Кішкентай «қызметкерлер» түрлі сувенирлер мен тәттілер дүкенінде өзінің қалағанын сатып ала алатын қаржы — «жалақы» алады. Ол дүкен «Мамандықтар қаласы» аумағында орналасқан. Бұл дүкеннен қалағанын сатып алу үшін әр бала 15-20 мамандықты «игеру» керек.
Әрі қарай

Астана әкімдігі азық-түлік өнімдерінің бағасын тексеруде

Астанада азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны реттеу бойынша күн сайын тексеру жүргізілуде.

Атап айтқанда, қала билігі «Астықжан», «Магнум» және «Шапағат» базарлары сияқты қаланың сауда орталықтарында бағаны тұрақтандыру бойынша бақылау жүргізуде.

Статистикаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің бағасы ай басынан 98,4 пайызды құрайды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында мамыр айынан бастап 30-дан астам өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, 11660 т өнім іске асырылды. Салыстырып алғанда 2016 жылы 12 мың т өнім іске асырылды, олардың 3660 тоннасы тек көкөніс өнімдері, олардың ішінде: картоп шамамен — 800 т, орташа бағасы — 110 тг/кг (Астана қ. бойынша орташа баға 160 тг/кг), қырыққабат 900 тг/кг (орташа баға – 109 тг/кг), пияз – 120 тг/кг (орташа баға 154 тг/кг), сәбіз – 150 тг/кг (орташа баға 140 тг/кг). 5-6 тамызда Атырау және Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Ірі отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар аясында сиыр етінің сатып алу бағасы бекітілді (1300 тг/кг), сатылымға сүйексіз жұмсақ еттің 1 келісі 1350 теңгеден шығарылады.

«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ «Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО-на жалпы көлемі 300 млн теңге (әрқайсысына 150 млн теңгеден) сомасында несие берді. Қазір бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түлік өнімінің 49 түріне өздерінің бағасын бекітті. Атап айтқанда: тауыр еті, сүт өнімдері, гастрономия, сусындар, жартылай фабрикаттар, сұйық май, нан және тоқаш өнімдері және т.б.

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тексеру жүргізілуде. Қанттың бағасы 260 тг/кг болып бекітілген.

«Астықжан», «Кеңмарт», «Магнум», «Шапағат», «Апрель», «А2» желісі, «Встреча», «Алма» супермаркеті, «5 минут» сауда жүйесі секілді 33 сауда нысанында азық-түлік өнімдері іске асырылады.
Әрі қарай

Британдықтар "Астанадағы бақыт сыйлайтын жерлер" картасын құрады

2-3 тамыз аралығында Astana Music Hall-да британдық InvisibleFlock ұжымы еліміздің астанасы туралы «Бақытта адамдар Live» музыкалық қойылымын қояды.

Қойылым ең бақытты сәттерді сезінген қаладағы жерлер туралы Астана тұрғындары мен қонақтарының естеліктеріне негізделген. Шілде айында «Керуен» ОСО-да кез-келген тұрғын интерактивті тақтайшаға өзінің арман-мақсаттарын жазып, ұмытылмас естеліктермен бөлісе алу мүмкіндігіне ие болды.

-Астана біз үшін – әрдайым шабыттандыратын бірегей қала. ЭКСПО кең ауқымды шарасын сапалы өткізіп жатырсыздар. Керемет әсер алдық, — деді InvisibleFlock өкілдері.

Қойылым ЭКСПО-2017 үшін британдық FutureCreative мәдени бағдарламасы аясында өтеді.

Invisible Flock — интерактивті арт-студия, ол 2009 жылы Лидс қаласында Бен Итон, Виктория Пратт және Ричард Уорбертон есімді үш суретшімен құрылған.

«Бақытта адамдар Live» қойылымына билеттерді www.biletiastana.kz. сайтынан сатып алуға болады.

«Астанадағы бақыт сыйлайтын жерлер» картасы:

www.invisibleflock.com/bringthehappy/newMap.html

Толығырақ жоба туралы: www.britishcouncil.kz/ru/programmes/arts/bring-the-happy
Әрі қарай

Алматы облысында «BlogCamp Alakol summer school» өтті

Алматы облысында  «BlogCamp Alakol summer school» өтті

Жетісуда өткен 28-30 шілде аралығында «BlogCamp Alakol summer school» шарасында бүгінгі күннің трендті болып тұрған электронды БАҚ пен әлеуметтік желінің жілігін шашқан мамандар масстер-класс өткізіп, өз білімдерімен бөлісті.
Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылар Алматы облысының Алакөл жағалауында екі күн бойы сабақ алып, білімдерін жетілдірді.
Жазғы мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Артур Нығметов, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры әрі «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбек және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы, еліміздің белгілі журналистері мен блогерлері бас қосты.
Алматы облысында  «BlogCamp Alakol summer school» өтті
Басқосуда алғашқы сөз облыс әкімінің орынбасары Омар Мұқашұлына беріліп, әлеуметтік желідегі мәдениеттілік пен интернет журналистикасы жайында сөз қозғалып, «BlogCamp Alakol summer school» жазғы мектебінің жұмысына сәттілік тіледі.
«Қазақстан Республикасының статистика комитетінің мәліметінше, 2008 жылы әлеуметтік желі қолданушылары Алматы облысында небәрі 7,3 пайызды құраса, 2016 жылғы статистика 88,2% болғанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының ғаламтор мүмкіндіктерін жақсы меңгергенін көрсетеді», — деп атап өтті Жақсылық Омар.
Екі күнге жалғасқан шараға еліміздің медиа тұлғалары Айдос Сарым, Әлішер Елікбаев, Яков Федеров пен Өркен Кенжебек сынды азаматтар қатысушыларға мастер-класс өткізді. Көл жағалауында өткен бұл шарада көптеген қызықты ақпараттар берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желі белсенділері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған бағыттарды қолдай отырып, Қазақстанды жаңа кезеңге алып шығу жайын талқылады.
Алматы облысында  «BlogCamp Alakol summer school» өтті
Жергілікті атқарушы органның БАҚ-пен байланысы жөнінде мастер-класста Әлішер Елікбаев Қазақстанның түрлі мекемелері мен компанияларының әлеуметтік желідегі артықшылығы мен кемшіліктерін нақты кейстер арқылы көрсетіп, қандай жағдайда қандай амалдар істеу керектігін жеткізді.
Ал, мастер-класстарын тандеммен өткізген Яков Федеров пен Өркен Кенжебек аудиториямен жұмыс істеу арқылы практикалық тәжірбие жинауға көп мүмкіндік берді.
Электорондық БАҚ пен әлеуметтік желіні тиімді қолдана білуді үйрететін «BlogCamp Alakol summer school» шарасында еліміздің барлық өңірінен келген желі белсенділері мен аймақтардағы Өңірлік коммуникациялар қызметінінің өкілдері, жалпы саны 70-тен астам адам қатысты.
Әрі қарай

Жасөспірім айтады: Үлкендерге керек

Қазіргі уақытта, яғни, 21 ғасырда бала тәрбиесі «психологиялық қиындықтар» тақырыбына етене сіңгені белгілі. Бала тәрбиесімен айналысу көп ата-аналарға қиындық тудырып отырғаны жасырын емес. Бұл тұста ата-аналар кінәні баланың айналасынан, яғни, бала өмір сүріп жүрген ортадан іздейді. Бірақ,өздерінен емес. Бұл кезде көпшілік ата-аналар психологқа жүгінеді. Бұл, жалпы тұрғыда, дұрыс емес шешім.

Мен де баламын. жасым 15-тің соңында тұрса да «бала» деп аталып келемін. Қазіргі уақытта, жасөспірім кезеңде, мен де «мінезі қиын бала» қатарына ілігіп үлгергенмін. Дегенмен, мен психологтан бас тартуды жөн көретін жасөспірімдердің арасында көш бастап тұрмын десем де артық емес. Сол себепті, мен сіздерге бірнеше кеңес ұсынғым келіп отыр. «Бала» деп көзге ілмесеңіз, қатты қателесесіз. Менің ойым мен сіздің балаңыздың ойы сай келуі ғажап емес.

БАЛАНЫҢ МІНЕЗІ ӨЗГЕРГЕН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?

Балаңыздың мінезі өзгеріп жүргенін байқасаңыз, оған жақын болуға тырысыңыз. Бала сізден тек уақыт пен көңілді талап ететінін білуіңіз керек. Балаңыздың мінезі өзгеріп жүрген уақытта сіз оның «анасы» немесе "әкесі" емес, «досы» болуыңыз керек. Яғни, онымен бір рет болса да серуенге шығыңыз; аптасына бір рет сырттан тамақтануды ұсыныңыз; телефон ойындарын бірге ойнаңыз; екеуіңізге ортақ зат алуды немесе қолдан жасауды ұсыныңыз; балаңызға ол білмейтін бір құпияңызды айтыңыз; оның ойын бөліп жүрген нәрселер туралы біліп, онымен ашық сөйлесіңіз. (Аталған кеңестер сізге міндетті түрде көмек береді!)

ЖАСӨСПІРІМ БАЛАҢЫЗДЫҢ «ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ» ПАЙДА БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?

Жасөспірімдердің көпшілігі үлкендердің «кездесуін» жасайтыны туралы шындықты дұрыс қабылдай біліңіз.


Егер балаңыз «махаббат» кезеңінде болса, оған ұрысып сөйлеудің қажеті жоқ. Ең алдымен, оның расымен де кездесіп жүрген жігіті немесе қызы бар екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Нақты көз жеткізген соң балаңыздың өзінен сұраңыз. Қатал үнмен сұраудың қажеті жоқ. Әрине, ол сізге бірден мойындамауы мүмкін. Сіз одан күліп сұрау арқылы, танысқыңыз келетінін айту арқылы немесе басыңызда сондай жағдай болғанын айту арқылы дұрыс жауап ала аласыз. Балаңызға ашық, жақын сөйлеу арқылы сіз оның қорқынышы мен сенімсіздігін жою аласыз. Егер балаңыз кездесіп жүрген адамы бар екенін мойындаса, сіз оған бірден «запрет» қоймаңыз. Бірден тыйым салғаныңыз балаңыздың сізге деген сенімін жояды. Оның кездесіп жүрген адамымен қаншалықты жақын екенін, не туралы сөйлесетіндерін, бір-бірін қалай атайтынын, кездесуге қаншалықты жиі шығатынын, кездескенде не істейтінін нақты болмаса да шамамен біліп алғаныңыз жөн. Қазіргі жасөспірімдердің барлық әрекетке бара алатынын ескеріңіз. Ол әрекеттер болашақ үшін қауіпті болуы мүмкін. Балаңызды жаман әрекетке бармауға жай сөзбен үгіттеңіз. Оның эмоцияларына қарауды ұмытпаңыз. Сіздің айтқаныңызға құлақ аспай жатса, еркіне қойыңыз. Балаңыз өз басынан өткізбейінше, сізге де, сіздің сөзіңізге де иланбайды. »Махаббат не істетпейді". Әрі қарай болып жатқан жағдайға қарай балаңызды өз сөзіңізбен тоқтата аласыз.

БАЛАҢЫЗ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ КӨП УАҚЫТ ӨТКІЗЕТІН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Қазірге кезде төрт баланың үшеуі интернет желісіне байланған. Сіздің де балаңыз интернет торынан шыға алмай, көп уақытты телефон, планшет, компьютер ішінде өткізетін болса, оған ұрысып, мобильді байланысты немесе вайфайды үзіп тастаудың қажеті жоқ. Балаңызды зиян әрі мағынасыз әлемнен шығару үшін байланыстарды емес, өзіңізді пайдаланыңыз. Балаңызды барынша адамдармен бірге уақыт өткізуге бағыттаңыз. Балаңыз өзін жалғыз сезінген жағдайда интернет әлемінде өмір сүруді дұрыс көретінін ескеріңіз. Достарымен серуенге, пикникке, сауықкештерге баруына үгіттеңіз. Кешкі уақытпен балаңызды ертіп қала аралауға шығыңыз. Күндіз бос болсаңыз балаңызбен бірге кино қараңыз. Балаңыздың қалауы интернеттен алыстамай жатса да, өзіңіз бала болып, ерке қылықтар жасап, көндіруге тырысыңыз. Егер қаражатыңыз жеткілікті болса балаңызбен бірге дүкен аралауға шығыңыз. Дүкен аралау барлық жасөспірімге жағымды әсер қалдырып, интернетсіз уақыт сыйлайтынын ұмытпаңыз. Сіз осылай ғана балаңызды интернет желісінен алыстата аласыз. Мобильді байланыстарды істен шығара салуыңыз балаға кері әсерін тигізетінін ұмытпаңыз.

Жоғарыда аталған кеңестер психологтан емес, қарапайым жасөспірім баладан шыққанын дұрысынан ескеріңіз. Мен де жасөспірім болғандықтан, өз қалауымды сіздерге «кеңес» ретінде қалдырып отырмын. Бұл кеңестер сізге көмектесері анық. Не жағдай болса да, балаңызды өзіңізден алыстатып алмаңыз. Бұл жасөспірімдер үшін, біз үшін, тым ауыр. Балаңызға психолог болатын өзіңіз ғана. Аталған кеңестерді өз керектеріңізге пайдаланыңыздар!
Әрі қарай

Алматы облысында Коллекторлық агенттіктер қызмет көрсетуде

Алматы облысында Коллекторлық агенттіктер қызмет көрсетуде
Әділет министрлігнің ресми ақпараты бойынша Қазақстанда Коллекторлық қызмет көрсететін 59 агенттік жұмыс істейді. Соның ішінде Алматы облысында 12 агенттік бар. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
Ағымдағы жылдың 2 маусымында ғана «Коллекторлық қызмет туралы» Заң қолданысқа енгізілді. Бұл заң банк секторы мен микрокредит секторында проблемалық қарыздарды өндіріп алып, туындайтын құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.
«Коллекторлық қызмет туралы» КР Заңын қабылдануына дейін, қарыз алушылар үшін бірнеше негізгі тәуекелдер болды:
Біріншіден — талап ету құқықтары басқа тұлғаларға берілген кезде банктердің қарыз алушылары реттеу саласындағы уәкілетті органның қорғауын жоғалтады.
Екіншіден — нарықта қарыздарды жинауға бағытталған ұйымдар қызметінің заңды негіздері, және уәкілетті бақылау органы болған жоқ.Бұл коллекторларға ашық емес қызметі үшін жағдай жасады және қарыз жинаудың заңсыз және әдепсіз әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Ал, үшіншіден, қарыз алушыға қолайсыз шарттарда жаңа келісім шарттарды немесе қосымша келісімдерді мәжбүрлеп жасау қауіпі болды, аталған жайт кредиторға қолданылатын шектеулерді болдыртпау мүмкіндігі бар», — деді ҚР Ұлттык Банкінің Алматы облыстық филиалы директорынын орынбасары Сакенова Алия.
Заң, сондай-ақ борышкердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды көздейді. Борышкер өзінің коллекторлық агенттігімен байланыс жасауы тиіс.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

№50 және №105 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгертілді

Елордада қаланың бағыттық желісін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

29 шілдеден №50 бағыт қозғалысының сызбасы ұзартылды: «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аялдамасынан автобус мына бағыттар бойынша жүреді: Байтұрсынов көшесі – оңға Шарбақты көшесіне-солға Шалкөде көшесіне – жаңа соңғы аялдама «Промышленный» тұрғын үй массиві. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№105 жылдам бағытының қозғалыс сызбасы: соңғы аялдау пункті Нұрлы жол» теміржол вокзалы болады.

«Бал бала» балабақшасы соңғы аялдамасынан автобус Абылай хан даңғылы және Қобда тұйығына дейінгі қиылысқа дейін жүреді, ары қарай оңға мына бағыт бойынша: Қобда көшесі – Төлеубаев көшесі – Шарбақты көшесі – теміржол эстакадасы бойындағы жолмен – «Нұрлы жол» т/в».

Қалалық автобус бағыттарының өзгеруі жолаушылар ағынының өсуімен және жаңа қалалық нысандардың іске қосылуымен, оның ішінде тұрғын үй массивтерінің пайдалануға берілуімен байланысты.
Әрі қарай