"Мен қалай елу келіге арықтадым"

«Ет-май комбинаты»
Он төрт-он бес жасыма дейін 100 келіден аса салмақ жинап алыппын. Жақындарым мен достарым бетіме келіп қатты сынамағанымен, көрші немесе көшедегі мүлде бейтаныс адамдар мен өте шыққанда естілер-естілмес түрлі кемсітулер айтып жататын. Әсіресе, сыныптастарымның асханада «Ет-май комбинаты», "Іркілдеп бара жатқанын қара" деген келемеждері көңіліме тиетін. Бүкіл тамақты жеп кетеді деп қорқатын болар…
Блог - merekeee: Мен қалай елу келіге арықтадым

Алғашқы қадам. Алғашқы қателіктер
Оқушы бала диета, спорт туралы ойлана берсін бе? Сол өмірімді сүре бердім. Өзіне көңілі толатын адамдай жүре бердім. Ішімдегі күй өзіме аян, өзгелер үшін мықты Таня болатынмын. Мектеп бітіру салтанаты таяп қалған шақта таразы тілі 104-ті көрсетіп тұрды. Бар уайымым — көйлекке сыю.
Тамақ жеуді тоқтатсам арықтаймын деп ойладым. Күніне бір рет сорпа, кейде алма ғана жеп жүрдім. Төрттен кейін тіпті нәр татпадым. Тым әлсіреп, жүрегім сазып кетсе айран ішетінмін. Әлбетте, қажет мөлшерде калория жетіспегендіктен, бұлшық ет семіп, сырт көзге «кішірейе» бастадым. Ең бастысы — көйлегіме сыйдым.
Блог - merekeee: Мен қалай елу келіге арықтадым

Денсаулық жайындағы білімім сол кезде болған болса, мұндай қателікке жол бермес едім. Асқазан ауруы не басқа да дертпен дәрігердің алдынан бір шықпағаныма өзім де таң қаламын.
Бір проблемаға тап болмағанымда бәлкім сол әдіспен жүре берер ме едім. Оқуға түскен жылдары салмағым тоқтап қалды. Не өспейді, не кетпейді. Былай қарасаң, өмір салтым еш диетаңнан кем емес: күні бойы жүрістемін. Тамақ жеуге кейде уақыт жоқ, кейде тамақтың өзі жоқ. Сабақ пен жұмыс, қарбалас тіршілік. Сөйте тұра, салмақ кетер емес. Себебін іздей бастадым: кітаптан, газеттен, интернеттен.

Жаңа өмір
Неден бастау керек? Ең әуелі өзіңді кешір. Сонша салмақ қосып алғаныңды, өзіңе, денсаулығыңа немқұрайлы қарап келгеніңді кешір. Кінәлауды қой.
Мақсат қоя біл. Арықтағың келе ме — қазір бастап кет. Дәл қазір. Бұған себеп те жоқ емес: сырт көздің сыны, кедергі, ауырлық, комплекс. Жай ғана жүгіріп келу немесе спорт залға жазылу үшін де ұяласың, мазақ боламын ба деп қорқасың — арыл. Өмір сенікі, оны сүретін сен. Қоршаған ортаны, табиғатты, жағдайды өзгерте алмайсың — өзің өзгер!"
Блог - merekeee: Мен қалай елу келіге арықтадым
Бір кездегі қарапайым ғана бұйығы қыз Таня қазір табысты кәсіпкер, танымал видеоблогер, дипломды диетолог — Татьяна Рыбакова. Мұндай сәттілікке әкелген жетістігі — елуден аса артық салмақтан арылғандығы.
Қалай басталды?
Әлеуметтік желіге жариялай салған суреті жарқын болашақтың бастауы еді:
Блог - merekeee: Мен қалай елу келіге арықтадым
Содан бастап Таняның өмірі күрт өзгереді: бағдарламалар, сұхбаттар, тренинг, консультация. Өзгелерге көмектесу, тәжрибесімен бөлісу мақсатында «Он екі аптада арықта», «Саламат өмір салты айы» сынды арнайы #rybakovakurs жүргізеді.
Блог - merekeee: Мен қалай елу келіге арықтадым
Танядан экспресс-кеңес:
1.Асықпай тамақтан. Жаймен шайнап, байыппен жесең жиырма минутта тоқтық сезімі пайда болады.
2. Порцияны азайту. Аз-аз жеу — атам заманнан таныс әрі оңай арықтау жолы. Бірден немесе мүлде бас тартуға болмайды, ал азайту керек.
3. Әр тамақтануды көкөністен баста. Әдеттегіден аз тамақ жеп тез тоясың.
4. «Тойға барсаң тойып бар» ) Туған күн, той, отырыстарға аш барсаң не болатыны айтпай түсінікті.
5. Күйгелек болма. Солай. Адам қатты күйгелектенгенде өзі де байқамай «опырады» (ылғи емес, кейде әрине), ең қауіптісі де — осы.
6. Жазып жүр. Не жедің, қанша және қашан. Өзің үшін. Шын көмектеседі.

Блог - merekeee: Мен қалай елу келіге арықтадым

Таняның негізгі бағыты — дұрыс тамақтану және спорт. Бары сол ғана. Ғайыптан тайып 50 келіні бір аптада тастай салған жоқ, есесіне бес жылдан бері бір салмақты ұстап жүр. Қалай қызықпассың?..

Блог - merekeee: Мен қалай елу келіге арықтадым
Танядан рецепт:
Тауық етінен фарш — 450 гр.
Орамжапырақ — 400 гр.
Жұмыртқа — 1 дана
Сәбіз — 200 гр.
Тұз, бұрыш, аскөк.
Аскөк пен орамжапырақты турап, сәбізді үгітеміз. Жұмыртқа мен фаршты қосып араластырамыз. Котлет жасап, силикон қалыпқа салып, 200 градуста жарты сағат пісіреміз. Буға пісіруге де болады. #tanyacooking

Бұл рецепт дт-ның (пп яғни) бір мысалы. Тек түскі асты тоя жеуге болады (абайлап). Қалған тамақтардың жеңіл болғаны дұрыс. Күніне бес рет тамақтанатын болғандықтан ашырқап үлгермейсің де. Тек 1,5-2 л. су ішуді ұмытпау керек.

Әзірге осы.
Ақпарат: tanyarybakova, @tanya_rybakova, tanyarybakova.com
Блог - merekeee: Мен қалай елу келіге арықтадым
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше