Астанада алғашқы рет "Мамандық қаласы" кең ауқымды жобасы іске асырылады

«Мамандықтар қаласы» әлеуметтік жоба болып табылады, коммерциялық емес. Жобаны Астана қаласы әкімдігімен халықаралық Community журналымен бірлесе отырып іске асырады. Халықаралық Community журналы 4 жыл қатарынан Украина елінде аталмыш жобаны сәтті жүзеге асыруда.

Жоба бойынша балалар түрлі мамандықта өздерін байқап көре алады.

— Мен әр баланың бала күнінен өзінің қалауымен бағытын таңдап, болашаққа ұмтылса деймін. Бұл тұрғыда мен адам өз ісін сүйіп іске асыратын болса, кәсібінде ең үздік маман болады деген ойдамын. Соған орай жасаған жұмысының сапасы да жақсы болады. Біздің мақсатымыз өз кәсібін сүйетін, жұмысын сапалы жасайтын адамдардың санын көбейту. Сол арқылы біздің өміріміздің сапасы жақсарады деген сенімдемін, — дейді ұлттық «Мамандықтар қаласы» жобасы туралы өз ойымен бөлісті идеолог Татьяна Люлька.

Жобаның 3 негізгі бағыты бар. Біріншісі – болашақта таңдайтын кәсібі туралы, сол сала туралы ақпаратқа қанық болу үшін мамандыққа бейімделу. Екіншісі – балаларды еңбекке баулу, еңбегіннің жемісін көру, ақшаның құндылығын сезіну. Үшінші бағыт статистикаға байланысты, онда қазіргі кезде адамдардың көбісі алған мамандықтарымен жұмыс істемейтіндері туралы айтылады. Бұндай үрдіс ТМД мемлекеттері аумағында әлі күнге дейін сақталуда. 2016 жылы жобаға Украинаның 25 қаласында 326 675 бала қатысты. Бір күн ішінде елордалық балғындар ересектердің кейпіне еніп, мамандыққа бейімделіп, ақшаны «өздігінен» табуды үйренеді.

19 тамызда сағат 11.00-ден «Арай» саябағында интерактивті қалашық іске қосылады. Саябаққа кіруде әр бүлдіршін еңбек кітапшасы болып табылатын құжатқа ие болады, әрі қарай «жұмысқа орналасу» сюжет көрсетіледі. 2-18 жас аралығындағы әр бала ойын түрінде шеберлік сабақтарына қатысады.

100-ден астам мамандық ұсынылады, оның ішінде құтқарушы, өрт сөндіруші, кинолог, дәрігер, мұғалім, криминалшы, агроном, құрылысшы, шаштараз, банк қызметкері және т.б.

3-4 сағат аралығында әр бала әр салада өзінің қабілетін көре алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл баланың қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін жақсы бастама.

Кішкентай «қызметкерлер» түрлі сувенирлер мен тәттілер дүкенінде өзінің қалағанын сатып ала алатын қаржы — «жалақы» алады. Ол дүкен «Мамандықтар қаласы» аумағында орналасқан. Бұл дүкеннен қалағанын сатып алу үшін әр бала 15-20 мамандықты «игеру» керек.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше