Барселона Реалдың рекордын қайталады



Испания Ла Лигасының соңғы турында Эркулесті 3-0 жеңген Барселона қатарынан 15 ойынын ұтып, Реал Мадридтің 50 жыл бұрынғы рекордын қайталады. Атақты Ди Стефано ойнаған 1960-1961 маусымынан бері келе жатқан еді бұл рекордтық серия. Алдағы турда Барса Мадридтің Атлетикосымен ойнайды. Егер осы матчты да жеңсе серия 16 матчқа созылады және бұл жаңа рекорд және қайталануы қиын рекорд болады.
Әрі қарай

Азиада алауы!


Көптен күткен ҮІІ қысқы Азиаданың салтанатты ашылуы да келіп жетті. Кеше кешкісін миллиондаған жанкүйер халықтың бірі есебінде үш сағат бойы тапжылмай теледидар алдында отырдым. Ашылу Рәсімінің бағдарламасы, қатысқан баленбай мың әнші, биші т.б. өнер иелері көрермендеріне сүйсінтерлік қойылым көрсетті. Шындығында, кезіндегі Қытай елінің ашылуынан аспаса, кем түскен жоқ деуге болады. Сонау көк Тәңірден бері тарих қойнауының төрт бұрышын қамтыған бейнекөріністер, қосымша пайдаланған экрандар, жарқырауықтар, сомдалған образ-бейнелер көздің жауын алды. Қойылым барысында операның жезтаңдай әншісі Нұржамал Үсенбаева, эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева мен Батырхан Шүкеновтің әндеріне де тәнті болдық.
Әрі қарай

Мола салудағы "мода"

Өлаа, не сұмдық мынау?
(Аққыз)
Біздің редакциядаЖанар Елдосқызы деген “жынды” журналист бар. Қорықпаңыз, жүйке дәрігерінде жеке кәртішкесі жоқ.“Ана тілінде” жүргенде,Шоқан Уәлихановтың сотыбыйын тауып алып, сұхбат алған (ретроспективалық), қызтекелердің ортасында болып, бет қызартатын мақала жазған. “Айқай”, “Шапалақ” секілді сериялы материалдардың аффторы жақында “өлілер аулына” барып, өріктей мақала жазып келді.



Әрі қарай

Фото. "По блату"

Ақысы төленгендіктен :-), амал который, мына бір азаматты алаңға алып шықтым. Еркін деген есімі, Қуатайұлы деген пәмілиясы бар. Бұл өзі хоккейден сәбет командасы канадалықтарды 6:4 есебімен жеңген, Тойота «Кәмриін» шығарып, Рубиктің кубигі танымал болғанжылы туған. Или туылған (енді ойлап табыңыздар,қай жыл екенін). "Красавчик" болғанмен, көлігі жоқ. Бірақ, сол көліктің бағасына парапар «Canon» деген құралы бар. Құралы болғанмен… келіншегі жоқ. Бірақ,болашақта болады.
Айтпақшы, Еркін " журналистикада өзіндік қолтаңбасы бар Еренғайып Қуатайұлының туған «брәтішкәсі». Мамандығы " әлеуметтанушы. Жұмысы " фотожурналист. Хоббиі де фотоөнер… Шәмшінің (Қалдаяқов емес) «Түркістанында» (қала емес) қызмет етеді. Очм, "қырағы көз фотожурналист болсын" деп осы блогымның атынан бата берейін дегенмін ғой. Ал, Еркін қолыңды жая бер, ал мұндағы жұрт өзің жіберген (мен таңдаған емес) суреттеріне сұқтала берсін :-)
 
Әрі қарай

"Ғажапсың, дүние, ғажапсың! Әттең, бірақ, аз-ақсың!"

-Бұл кім?
-Баяғы сортақ шал ғой…
-Сортағыңыз не? Қойыңыз…
-Жәәй, көз тимесін деп айтқаным ғой, ал былайша әлі де сері шалмын…

«Жүрейік жүрек ауыртпай...» драмасынан

Спектакльден кейінгі әсерімді жазбас бұрын, көп ойландым. Әр түрлі сезім мен сан түрлі ойлар… Бәрі де маңызды, бәрін де қамтығым келеді. Алайда жүректегіні түгелімен айтып-жеткізу ешкімнің де қолынан келе қоймаған шығар…
Әрі қарай

"Сенің мұндай ит боларыңды күшік кезіңде біліп ем!..."



Театр деген керемет қой… Түгелдей бір роман не пьеса «оқып» шыққандай күй кешесің. Осы жолы театр сахнасынан мен Гогольдің "Үйлену" комедиясын оқып шықтым.

Зал қыран-топан күлкіге айналды.

Негізі осымен де рецензияны бітіруге болар еді, алайда өз әсерімді, ойға түйгеніміді айта кетейін.
Әрі қарай

Көмек керек

Бейнелеу өнер саласында жүрген жастардын клубын құрмақ ойымыз бар еді.
Қағаз бетінде құрылыпта қойған… Енді соған жақсы бір атау керек еді, дәлірек айтқанда клубтын аты!
Соған енді өз ойларыңыз болса бөлісе отырсаңыздар… Құлаққа жағымды, есте жақсы сақталатын ат керек…
Әрі қарай

Автомобиль жылдымдығын жақсы көрушілерге

Мына видеоны көрген соң көлікті жылдам айдау былай тұрсын, көлік айдағым да келмей қалды.

Автомобиль апатынан жылына Қытайда-98470, Үндістанда-94970, АҚШта-43440, Бразилия мен Россияда-34000нан адам көз жұмады екен.

Осыдан біршама уақыт бұрын өз нағашым көлік апатына ұшырады. Үлкен жолдың бойында 160км/сағ жылдамдықпен келе жатып астындағы көлігі қотырдан секірген. Сол кезде нағашым көліктің есігін өзін-өзі ашып сыртқа лақтырған. Машина жол жағасына тұмсығымен түсіп, рөлде отырған досы сол мезетте қайтыс болды.



Ойлан! Біреудің обалына қалып жүрме!
Әрі қарай

Реттілік заңы

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Осы өлеңді білмейтін қазақ жоқ шығар. Абайды кім оқымады, Абай туралы кім жазбады десеңізші. Пікірлер күнде өзгереді, ал Абай сол қалпы.Мектеп жасында мен Абайды оқымаппын.Әйтеуір ұлы адам екенін білетінмін. Өзім оқымасамда басқаларға насихаттайтыным тағы бар еді)) Абаймен студенттік кезімде дос бола бастадым. Сөйтсем Абай өте терең дүние екен. Өзіде айтады ғой «мен бір жұмбақ адаммын, оныда ойла» деп!
Әрі қарай