Баспаналы болдым!

Баспаналы болдым! Бұрын пәтер жағалап жүруші едім, енді 1 бөлмелі үйлі болып жатырмын. Жұмыс орным қарамағындағыларға осындай көмек көрсетіп жатыр. Жұмыстың дәл жанынан қызметкерлерге арнап жатақхана салған еді. Енді соны бүгін тапсырды. Аты жатақхана болғанымен үйден еш кемдігі жоқ, асхана, дәретхана-ваннасы ішінде, шкаф, үстел, асхана гарнитуры, кір жуу машинасы бәрі бар. Өзімнің жеке үйім болмаса да пәтерақыдан құтылып, осындай жағдайға жетіп отырмын. Енді дұрыстап жұмыс істеу керек. :)



ЮНЕСКО-ның өлшемдері бойынша адамдардың оқыған кітап санына қарай бөлген екен:


Қысқы Азия ойындарындағы шайбалы хоккейден жоғары дивизиондағы ерлер командаларының тартысы басталып та кетті. Кеше біздің құрама командамызбен Қытай елінің құрама командасы өзара бақ сынасты. Ойынның қалай өрбігінін өздеріңізде байқаған боларсыздар.Есеп 14-1, Қазақстан құрамасының пайдасына.