Жұмыртқадан кім жаралды?


Астанада жүріп, Азиаданың ашылу салтанатына бара алмадым. Билет алғанымен, басы ауырып, амалы қалмай, ақыры қалып қойған адамдай айттым-ау :-)Қайтемін, спортқа қызықпаймын. Бірақ, Азиаданың ашылуында журналистпін дегенге нетбуктан шүлен таратынын білгенде, шауып барар едім. Сүйіп тыңдайтын Лара Фабианның сахнаға шығарын білгенде, жетіп барар едім. Әзіл ғой, әңгіме сол теликтен телміріп көрген айшықты, алау-жалау көріністердің көңілімнен шыққанында болып тұр.
Бұл турасында Тотыдан бастап Айкоға дейін тәптіштеп жазды ғой…. қосарым – безендіру, жарық түсіру, арнайы әсер, декорация жағынан анау-мынау Олимпиаданның ашылуынан кем түскен жоқ. Режиссер Сеченов та бір жарым жыл бойы бізде тегін жүрмепті. Қазақтың тамырын қазбалап, әу бастағы тарихымызға үңілуге тырысты, әй… Оғыз батыр мен Қарлығаш, жібек қауырсындардан пайда болған Ұлы Жібек жолы, Тайқазан, киіз үй, Алтын адам (кәментшілер оны комикстегі “ Темір адаммен” шатастырып, қанды ішті), арба дөңгелегі, Бәйтерек (“ Аватардағы” әулие ағаштан аумай қалған), бәрін-бәрін қамтығандай болды. “Қазағым, Қазақстаным” үшін мақтаныш сезімі маздап, шыт майкамды айыруға шақ қалғанда, бір көрініс настройымды быт-шыт қылды. Әлгі жұмыртқаның аспаннан салбырап келе жатқан сәті ше?… Мм, сол тұс сценарий бойынша солай болды ма, әлде “ как всегда” кәментшілер қуып кетті ме, “ бұл жұмыртқа тәріздес дүниеден, жо-жоқ жұмыртқадан қазір Тәңір туады” деп сүйінші сұрай бастады. Тусын ал деп мен отырмын. Жұмыртқаның ішіндегі қуыршақты (бала ғой) сақалы беліне жеткен ақсақал қолына іліп алды. Стоп: сонда бұл адамзат баласы тәңірінен бұрын туып-дамып, қартайып-өліп қойған ба? Барып тұрған әділетсіздік қой бұл :-)Олай деп ойламайың десең, құлағынның түбінен “ кәмент” триосы “ Тәңір дүниеге келді” деп азан-қазан қылды. Бәрі дұрыс-ау, бірақ сонда жұмыртқаны кім жіберді бұл Жерге? Келесі көріністе оқыстан Мәдина әнші “ Міне, алдарыңызда Құдайымыз – Ұмай ана” деп қуанғаннан жылап жібере жаздады. Онысы қызыл көйлегі жер сызған қыз болып шықты. Обалы не, ол (Тәңір) онымен (Ұмай ана) бірге, тура Зевс пен Герадай жұптасып жүріп, жаратылыстың төрт рухын (дала, су, орман, шөл) “ жаратып тастады”. Осы мәментте кәментші Досхан көке біздегі тәңіршілдіктің тарихынан біраз сыр ақтарып тастады. Теликтің бер жағында отырып, тақиялы, сәлделі, орамалды қонақтардың көңілінде “Құдай-ау, мыналарың қып-қызыл тенгрист қой” деп түкірмесе екен екен деп қыпылдадым да қалдым.
Мүмкін, Бекболат Тілеухан ағамдай “ асыра сілтеп” те қоятын шығармын. Иә, тәңіршілдік біздің тарихта болған шығар, ата-бабамыздың прототиптері осыған нанған-сенген шығар. Бірақ, дәл осы көріністер үшін өз басым ұялдым…




Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/01/%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%80%d1%82%d2%9b%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d1%96%d0%bc-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b/
Бөлісу:

8 пікір

Abilakim
Бір пайғамбардың бала кезінде (аты есімде жоқ, Исмайыл пайғамбар секілді болып тұр меніңше) сол ел пұтқа табынатын болған екен. Баланың әкесі пұт жасайтын шебер болыпты. кішкене бала әкесінен, "Әке бізді кім жаратты?«деп сұрайды.Әкесі „Перғауын (мүмкін патша деген болар?)жаратты“ деп жауап беріпті.»Ал, патшаны кім жаратты?",«Оны ҚҰДАЙ жаратты балам». Баланың сұрағы таусылған ба "Құдайды кім жаратты?«деп сұрайды. „Құдайды мен жараттым“. Осы кезде бала „Қалай Жаратушы жаралушыдан жаралған?“деп сұрайтыны есімде.
Bekjan
Өркен өте орынды бір мәселеге көңіл аударыпсың, мен де азиаданың ашылуын қарап отырып, сол жеріне келгенде мырс мырса күлдім, комментшілердің діни сауатсыздықтарына :) Досхан аға біраз жасқа келіп қалды ғой, ол хабардар болу керек қой енді деп күйдім ішінен..:)
Abilakim
Досханды аяқ астынан коментші қылыпты деген не сөз?
omarbirat
Опшым, «Айзаданың беташары» біраз уақытқа дейін ел аузынан түспей айтылып жүретін той болды.
"Қазақтар" КВН-нен кетті деп жабырқау боп жүрген көңілді біраз көтеріп тастаған жүргізушілерге рақмет :)
Zilola
текстті кім жазып берген екен бұл кәментшілерге?
И ващще Мадинаны экраннан алыстату или аластату жасау керек, сөйлей алмаса ауызын жауып отырмай ма? тікелей аударма жасаған түріне болайын, фуууу сондай жиеркенішті адам!!!
TOTY
Обшым, бір айлық "әңгіме" табылды… айта жүретін…
kuat
бір орыс қазақша қателесіп сөйлеп қалса бүкіл интернет бұлай шуламас еді. ал бір қазақ орысша қателесіп қалып еді, мазақ қылып жатыр, исчо өзіміздің қазақтар…
меніңше оларды емес, оларды сол шоуға жүргізуші қылып бекіткендерді кінәлау керек. өйткені олар қазақтар ғо, олар миына келген ойды қазақша ойлайды, сосын оны орысшаға аударып айтады. ондай кезде қате кетпейд емес, кетед. Мадинаның орнына таза орысша сөйлейтін біреуді қою керек еді. сонда Диас тек қазақша, әлгі орыс тек орысша, Досхан көке анда санда аңыз әңгімелерін айтып отырар еді.
Basic
Содан бері Мадина көрінбей кетіпті