Өзім күнделікті қолданатын бағдарламамен таныстырып өтсем деп едім. Сұрақ-Жауап және Керекинфо сайтының қолданушылары қолданатын бағдарлама болуы да мүмкін, егер осы бағдарламалар туралы білмейтін кісілер болса, сол кісілерге өте пайдалы бағдарлама екенін таныстыру видеосын түсірген жайым бар еді.
Бұл бағдарламаларды мына жерден жүктеп ала-алсыздар.
1) punto.yandex.ru/
2) www.piriform.com/ccleaner/download/standard
Осы жұрттар қызық. Агентке «мазаламаңыз», «орнымда жоқпын» деп жазсаң да, мазалай береді ғой. Өшіріп қоюға тағы келмейді. Бұ күні туысыңның да, досыңның да қалын агентпен сұрайтын дәрежеге жеткенбіз. Оған қоса, қызметтен бөлек, тұрақты түрде үш қаладан жарнама агенттіктері орыс тілінде аудиороликтер жіберіп тұрады, мәтінін қазақ тіліне аударып, қолма-қол өздеріне агентпен қайта салуым қажет. Соның бәріне кедергі дерсің… Сонда да, соңғы үш күннен бері «халқым» қояр емес.
Презентация жасайтын болсаңыздар, лажы болса ертеңге дейін, максимум ертең кешке дейін Өркеннің поштасына (jas_orken@bk.ru, orkend@gmail.com) жіберсеңіздер.
Осы сайтта баннері ілулі тұрған блогтар байқауына қатыссаңыздар! Мақпалдың айтуынша, астаналықтардың белсенділігі алматылықтардан қалып тұр екен!
Әліштің «Құлап жүр» деген әңгімесін оқығаннан кейін, өзімнің балалық шағымда басымнан өткізген мына қызық оқиғаны жазуды жөн көрдім. Сегізінші бітірген жазғы каникул кезі болатын. Ойынды азайтып, өзімізше «жігіт» атандық. Гитара үйреніп жүргенмін. Туыс ағамның ініме сыйлаған керемет гитарасы болды. Жұрттың бәрі сұрайтын. Көшеміздің шет жағында Нұрлыбек деген 74-жылғы керемет «гитарис братан» болған. Ол гитара тартып, әндеткенде жанына жиналып қалатынбыз. Қолыма гитара тиісімен сол «братанға» бұрауын келтіріп бер деп алып баратынмын. «Тастап кет, келтіріп қоямын» деп алып қалады ол. Сосын екі-үш күнсіз гитара жоқ, барып сұрасам ертең келмен қайтарады. Сүйтіп өтіп жатырды күндер.
Қызық болды…
Жаңа ғана осындағы Гүльчін мен Аршаттың романтикасынан соң, менде де бір «идея» туғаны…
Кездесіп жүргенімізге күні ертең 6 ай болатын сүйікті қызым Мәдинамен түнде болмаша ренжісіп қалған едік… Аршаттың жазбасынан соң, маған да ой түсті, идея аршатовский, бірақ форматы өзгешелеу…
Менің Мәдинам Сәкен Майғазиевтің «Мен сені қаладым...» деген әнін кереметтей жақсы көретін еді. Ендеше, сүйікті әнін орындайтын әнші телефон соғып тұрса, керемет емес пе?! Осы ой келген бойда іске кірістім, инеттегі достарымды іске қосып, айналайын агент арқылы Сәкеннің телефон нөмірін тауып алдым. +7 701 *** ** ** ке соғып ем, әңгіме әрі қарай былай өрбіді:
Алматы. Наурыздың бірі. Әр күнгідей аялдамада көп адам. Сығылысып ілініп автобусқа кіріп алдық әйтеуір. Аяғымыз үш аялдамадан соң жерге түсті. Студенттер, егде адамдар, оқушылар басым көпшілігі. «Бүгіннен бастап жүру құны барлығына бірдей 50 теңгеден» деп жүргізуші көңілді күйін танытып жарияға жар салып жатыр. Адамдар: — Студенттер мен пенсионерлерге 25 теңге гой.
Бір. Атыңнан айналайын, Астаналық блогшылар осы жұмаға дейін Блог құрылтайда жасар презентацияларыныздың тақырыптарын нақтылап жіберсеңіздер. Асекеңнің я Өркеннің поштасына. Сөздің реті келген соң сүйкеткеніміз емес, өте-мөте маңызды өтініш. Екі. Бекболат ағамыз өзінің екінші қара сөзінде, кешіріңіз жазбасында жалпыастаналық блогкерлерді шаңғы жарысына шақырған болатын. Бұйыртса, ерекше басқосуымыз болғалы тұрған жарыстың датасы белгілі болды. Ол – 7 наурыз, сағат – 15.00. Сондықтан, астаналық блогшымын деген атты көтеріп жүрген қыз бен ұлды жарыстан қалмасын дейміз. Аса сенімді ақпарат көзінің айтуынша, жарыс үшін Есіл өзенің үстіне, тура Кенесары хан ескерткіші тұрған жағалау емес, қарсы бетіне жиналады екенбіз.
Ерімбетов деген көкемізді сыйлаушы едім, сырттай. Бірақ сол кісі бүгін бір нәрсені құртты-ай. Абай кз-ға президентпен болған кездесуі туралы сұхбат беріпті. Біраз нәрсені теріпті. Басқасын басқа әңгіме мына сөзі ұнамады. «Менің ойымша, қазір исламды модернизациялау керек сияқты. Бүгінгі өмірге, жағдайға бейімделу керек. Себебі, исламда көп нәрсе догма. Қатып қалған. Үзілді-кесілді. Бірақ, өмір өзгеріп жатыр. Әрине, әлеуметтік, мәдени, геосаяси жағдай бәрі өзгеріп жатыр. Біздің осындай қағидамыз бар деп қатып қалатын жай жоқ»,-дейді сұхбаттың арасында ағамыз. (http://www.abai.kz/content/nyrlan-erimbetov-nazarbaevka-dauys-beremin-dep-sheshtim) Сонда қалай исламды модернизациялауға бола ма? Бұл Қазақстанның экономикасы емес қой, бағдарлама қабылдап кеп жіберіп, модернизациялап тастайын. Әлде, ол кісі басқа бірдемені гөйтіп отыр ма? «Бұрын қалай болды? Тек қана ислам бізді құтқарады. Ислам бізде жақсылыққа алып барады. Каддафи болсын, басқасы болсын ол құдайдың жердегі өкілі дегендей айтылды ғой. Бірақ, халық қарап отыр»,-дейді ары қарай. Сөзінің астырында Араб елдеріндегі қазіргі лаңға исламның қатып қалған қағидалары кінәлі дегендей бір нәрсе жатыр. Мен бұл кісінің пікірін дұрыс түсінсем, бұл кісі мұсылман емес сияқты. Өйткені исламды модернизациялау тіпті түгелімен құрту қазір АҚШ-та отырып әлемге бұйрық беріп отырған, Араб әлеміндегі бүліктің барлығын ұйымдастырып отырған еврейлердің өмір бойға арманы емес па? Олар Ерімбетовтің сөзін естісе ескерткіш қояды.