Сәкен Майғазиевпен "сұхбат"

Қызық болды…
Жаңа ғана осындағы Гүльчін мен Аршаттың романтикасынан соң, менде де бір «идея» туғаны…
Кездесіп жүргенімізге күні ертең 6 ай болатын сүйікті қызым Мәдинамен түнде болмаша ренжісіп қалған едік… Аршаттың жазбасынан соң, маған да ой түсті, идея аршатовский, бірақ форматы өзгешелеу…
Менің Мәдинам Сәкен Майғазиевтің «Мен сені қаладым...» деген әнін кереметтей жақсы көретін еді. Ендеше, сүйікті әнін орындайтын әнші телефон соғып тұрса, керемет емес пе?! Осы ой келген бойда іске кірістім, инеттегі достарымды іске қосып, айналайын агент арқылы Сәкеннің телефон нөмірін тауып алдым. +7 701 *** ** ** ке соғып ем, әңгіме әрі қарай былай өрбіді:
А: — Ассалаумағалейкүм, Сәкен Майғазиев?
С: — Огалейкумассалам, иә, Сәкен…
А: — шынымен Сәкен ба?
С: — шынымен Сәкен… Кім екен?
А: — Аға, Маңғыстау, Ақтаудан Азамат деген ініңіз едім!
С: — Қуаныштымын, айта бер, Азамат!
А: — Бір көмегіңіз керек боп тұр, аға, (осы жерде болған жайды баяндап шықтым)
С: — Қиын емес қой, алайда, сен шынымен менің соққанымды қалайсың ба?
А: — Иә, иә, аға! Сіздің әніңізді қатты жақсы көреді…
С: — Жарайды, інім, нөмірін бере ғой…
А: — (мен айттым, екі рет қайталадым, байланыс нашар екен Алматымен...)
С: — басқа не айтуым керек… Қызық болды ау бұл, атың азамат па еді?
А: — Иа, Азамат, аға! Әннің бір шумағын айтып жібірерсеңіз, қатып кетер еді(еркіси бастадым...)
С: — Жақсы, қыз баламен ұрыспау керек, ол болашағымыз ғой (қарапайым екен, әңгіме жоқ)
А: — иа, аға, тырысамыз ғой…
С: — жақсы, мен қазір соғам, 30 минуттан кейін хабарлас…

**************************

… Он минутқа жетпей "ұялым" шырылдады… Экранда «Мадинам Менін» деген жазу тұр!
Сәкен Майғазиев, Аршат Оразов, Керек Инфо.кз, Мэрл, М-агент, Кселл рахмет сендерге!
Бөлісу:

47 пікір

Nurgisa
Қалың бес! Азамат екенсің! :)
Zere
Мдәә, енді Сәкен ағамыздың телефонына маза болмайтын шығар ))
aza
Ептііі… Үшеуімізден басқа ешкім білмесін деп еді. Ұятын ай!!! Оны ойламаппын ғой…
asaubota
қуаныштымын Азамат. тек ана номерін шығарып қойғаның болмады (номерін алып тастадым)
omarbirat
Азаматқа +5! Сәкенге РЕСПЕКТ!
TOTY
Азекең де, Секең де жарады!
Delhi
рахат шығар. маган Киркоров звандаса… :))
patick
Маған Боб Марли амиго хабарласып, шөп шегейік десе ғой, шіркін.
edige
-Ало бұл кім?
-Таминамина э э уака уака э э…
-Болды ғой енді, түннің жарымында…
monti
малдес аза! жарайсың :)
patick
— Алло?
— Саламатсыз ба, мен сіздің жігітіңіздің өтінішімен хабарласып тұр едім. Хм-хм… Айтшы жаным тек шыныңды…
— Кешіріңіз, бұл кім екен?
— Алтынбек
— Кетнақ, Алтынбек! Урод мля — сен де, сені маған жіберген жігітім де!
qisyq
— Алло?
— (сондай бір сексуалды, тамақтың тереңінен шығатын дауыспен) Сәлем… Мен Мейрамбекпін ғой… Беспаев…
— А-а-а-а…
Дың-дың-дың…

Кешкі жаңалықтардан: Іс-шара өткізілген екі күндік қорытынды бойынша интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзудың (ҚР ҚК 184-бабы) х жәйті, порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз таратудың (ҚР ҚК 273-бабы) х жайты анықталды.
ushkin
Респект! Сәкеннің інісімен сөйлесетін едім))) деп авторитет көріп тұр дей ма?))) Әзіл ғой. Жазбаға +1!!!
Gastarbaiter
Ақыры шыдай алмадым десейш:))))
saken
Сәкен мен Мейрамбектің бүгін менің ауылымда (Байқоңырда) жүргенін жазып, менде бір мақтанып қояйын )))
Gastarbaiter
Ол еще ештеңе емес, Сәкен мен Мейрамбекті менің бір досым, почти туысқаным Алматыда жүргенде клубта көріп қап, амандасыпты.
Gastarbaiter
Аршат ерлеген екен.
konvict
Өткенде Мейрамбекті алғаш рет жақыннан көріп едім. (Таразға олимпиада алауы келген кезде). Құдай сақтасын! Мейрамбек естіп жатса ренжімесін құсып жібере жаздадым. Қыздар оның қай жеріне ғашық болып жүр. Таң қалам. Жауабын жазыңдаршы соның!
sammita
еркек айтатын сөз бе мынау…
konvict
Солай шығар деп жазған едім!
sammita
қыздар ер жігіттің қай жеріне ғашық болуға тиіс сіздіңше?
konvict
Мені біліп тұрып сүрайтын мұғалім деп ойладыз ау шамасы. Білсем жазып нем бар!
sammita
ендеше сұрағыңа жауап бердің өзің.
konvict
Шынын айтсам менің басымдағы асқабаққа ештеңе кіріп шықпады.
alisha
бұрын тартымды болды ғой негізі… сырқатынан соң көзі шарасынан шығардай боп, өте өзгеріп кетті. Әдемілікке бола сүйетіні рас болса… не басымызды ауыртайық… онда махаббат деген нәрсе де жоқ!
MARGAU
дауысына ғашықпыз ғой. Қоңыр тембры қайталанбас тартымдылық береді. ал түр сипат ол маңызды емес.
KILYZAMAN
Сәкен қателескен екен
Ептііі… Үшеуімізден басқа ешкім білмесін деп еді. Ұятын ай!!! Оны ойламаппын ғой…
екеу білген сырды үшеу біледі, ал сендер үшеусіңдер — арифметикалық содан кейінгі геометриялық прогрессиямен күреспей ақ қойыңдар енді… :-)
asaubota
Азаның керектегі алғашқы жазбасы бұл емес сияқты еді ғой, бұрынғыларын өшірген бе?
Daniar-Alan
неғо… архив ақтаратын күн деп қай күн ед белгіленген?
aza
Өшіріп тастауға болатын ба еді, Арчи?!
Aldeken
Мамасынан қорқып отырсың ба? )))))))))))))
asaubota
болатын еді ғо
aza
Өткен жұма күні қарап шыққам, «жә, жәрәйді, тұра берсінч» дегем. Жақсы ғой…