Бішкек. Бірінші күн. Бірінші түн


Таңғы үште жатып, төртте тұрып, таксилетіп, Бішкек қайдасың деп тартып кеттік. Бір емес, екі емес, үш емес, бақандай он күн жатпақ ниет бар. Бауырлас ұлттың бұл қаласында бұрын болмаппын. Бүгін бірінші күн жайлап жатырмыз тайекемдердің (нағашы дегенді қырғызша осылай айтады-ау деймін қателеспесем) төрін. Мамам “қырғыздың Сарыбағыш руы бізге туыс” деп отырушы еді, соны сылтауратып, жиен болып қырық серкешімді қайтарып алайын деп жүрмін:)
Әрі қарай

А. озыпты, Қ. қуыпты

А. дегенім, Аршат, Қ.-сы қалғандары ғой… “ Ел-Жұрт” сөйтіп жатыр. Тұспалдап сөйлейтін Мұрат екеуміз жұмыстан босап келгенше, жарыс та тамам болды. Марапаттау рәсіміне қатысқанға мәзбіз.
Әрі қарай

Бешікташтың нәзік жынысты жанкүйері Трабзонспор жаттықтырушысына бәтіңке лақтырды


Бәтіңкені тек жорналшылар емес, фотомодельдер де лақтыра алады. Тек Бушқа емес… Шенол Гүнешке. Өткен аптаның жексенбісінде Бешікташтың стадионында ойналған Бешікташ-Трабзонспор матчында Менекще Гүнгор атты фотомодельдің лақтырған аяқкиімі Шенол Гүнешті «адаспай тапты». Трабзонспорлық жанкүйерлердің 88-минутта соғылған Бурак Йылмаздың голынан кейін қатты қуанғанына шыдамаған Бешікташ жанкүйері Менекще Гүнгор аяқкиімін лақтырып кеп жібереді. Қызық қылғанда онысы төреші шешімімен трибунадан орын алған басқа емес, Трабзонспор жаттықтырушысы Шенол Гүнешке барып тиеді. Аяқкиімді лақтырған өзі екенін мойындаған модель оны әдейілеп Шенол Гүнешке бағыттамағанын айтып ант су ішті. Түркияның әлем чемпионатында үшінші орын алуына еңбегі өлшеусіз сіңген, түрік футболындағы қадірлі есім Шенол Гүнешке деген құрметінің өлшеусіз екенін, сондықтан ол кісіге аяқкиім лақтыру дегенің таза ақымақтық болатынын, алайда екінші голға қатты қуанған жанкүйердің айқайынан соң өз-өзіне есеп бере алмай қалғанын, сосын осындай әрекетке барғанын жайып салды.
Әрі қарай

Наурыздағы оқиға



Ұлыстың ұлы күні де жақындап келеді. Осыған орай, бір кездері "Ұлан" газетіне жарияланған "ірі" туындыларымның бірі — «Наурыздағы оқиға» атты өлең ертегімді ұсынғым келіп отыр. Аршаттан қалыспайын деп скәнірленген нұсқасын да салып қойдым.

Наурыздағы оқиға

Үйрек-қалпында емес ©

Аязды ақпан кетті де,
Наурыз келді күлімдеп.
Күн сәулесін төкті кеп,
Аямады нұрын көк.

Сақылдады сауысқан,
Бар тіршілік оянды.
Жар салуға Арыстан,
Жұмсады сұр Қоянды.

Шарлап Қоян тоғайды,
Деді:
— Асыр сап ойнаймыз.
Алаңда ең қолайлы
Наурыз тойын тойлаймыз.
Әрі қарай

Қазақтың жүз әнінің сайты



http://100an.kaztrk.kz

Қазақтың 100 әні жобасының жеке сайты ашылыпты. Сайтта жоба туралы ақпарат, әндердің видеоларын, дауыс беру мәліметтерін, фотоларын таба аласыздар. Тек көрерменмен интерактив жағы қарастырылмапты, сауалнама, форум немесе пікір жазу алаңы болса жақсы болар еді. Сосын әр көрсетілімнен кейін тез жаңарып тұрса деген тілек айтқым келеді. Әзірше тек алғашқы көрсетілім ғана берілген.
Әрі қарай

Барселона мен Шахтер ширекфиналда (видео)

Фото: REUTERS/Gustau Nacarino
Фото: REUTERS/Gustau Nacarino

Кеше түнде Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының реванш матчтары ойналды. Камп Ноуда Барселона Арсеналды 3-1 есебімен ұтып, алғашқы ойындағы 2-1 есебінің қарымтасын қайтарды. Донецкінің Шахтеры Романы өз алаңында да жеңді, есеп 3-0. Осылайша ширекфиналға өткен алғашқы командалар белгілі болды. 1/8 финал матчтары бүгін жалғасады, Шальке өз алаңында Валенсияны, ал Тоттенхем Миланды қабылдайды.
Әрі қарай

Киіз үй

Қазақтың кең даласының құдіретін бойына сіңіріп, көзбен көріп өскен соңғы ұрпақ біз шығармыз бәлкім. Сар далада ақ бауыр ақбөкендердің табынымен жайылғанын, шаңырақтап түскен күн сәулесінің танауды қыттықтай оятатынын сезінген де біз болармыз мүмкін. Түңлікті түріп, керегенің киізін көтеріп қойып самаурынның шайын сораптай ішіп сорпа-сорпамыз шығып терлеген біздің балаларымыз бұл әсерді ала алады ма екен?Әй, қайдам…

Жердің домалақ екенін киіз үйдің формасымен дәлелдеген көшпенділер ұрпағына киіз үй туралы аз-маз мағлұмат.
Әрі қарай

Жамбы ату

Қазақтың көне ойындарының бірі. Шауып келе жатқан аттың үстіндегі ойынға қатысушы садағымен нысанаға тігілген жамбыны атып түсірген. Жамбы ретінде күміс немесе алтыннан жасалған тайтұяқтар немесе теңгелер тігіліп отырған.Жамбыны атып түсірген жігіт сол жамбыны сый ретінде өзіне қалдырып отырған. Бұл ойынға жігіттің жігіті қатысқан екен.Кей ертегілерде хандар жамбыны атып түсірген жігітке қызын берген делінеді.
Кейінгі жылдары бұл ойын сәл өзгеріп шауып келе жатқан аттың үстіндегі жігіт белгілі сызықтың тұсына келгенде қолындағы найзаны ілулі шығыршықтан өткізуге тырысатын болды. Жезқазған қаласындағы Жамбылдың 150 жылдық тойында осы нұсқа ойнатылған еді.
Әрі қарай

Бір бала... Керемет

Айтсаң өстіп айт! Бәрекелді. (Садық Шерімбек 08.03.2011)

Бүгін Youtube-ты қыдырып жүргенімде мына бір видеоға көзім түсті.

Feryal Başel атты түрік әншісі өте шебер орындады деп айта алам.
Әрі қарай