Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...

Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
Адам адамға сыйлық жасағысы келсе, бағалы бұйымдарды ойлай бастайды. Қалтасындағы теңгетайларға қарап, жете алмаған затына қамығады. Кейбірі қымбат ұялы телефон алғысы келіп, ата-анасына ауыртпашылық салып бес жылдық кредитке бірақ салады. Пенде болғандықтан айтылған мәселені құр оқығаннан басқа түзетуге қадам баспаймыз ғой. Маған кішкене кезімнен біреуден қарызға ақша алуға немесе қарыздар болуға тыйым салып келген. Егер қалаған нәрсені алуға қаражат жетпеген кезде, өзімше қор жинаймын. Жеткілікті мөлшерде болғанда ешкімге масыл болмай, мойныма кредит қанжыламай, қалаған затыма қол жеткіземін. Адамның қиялы ұшқыр болып келеді. Бірде-бір ақша шығармай, ешқандай сөрелерден сатып алмайтын, ешкімде болмайтын заттарды жасап шығаруға болады. Сіздерге мен жасаған сыйлықтар топтамасын ұсынғым келеді. Мүмкін, пайдам тиер!

1. Купон. Ағамның туған күніне бергенмін. Қашан жасағаным есімде жоқ. Аздап, ұялып тұрмын. Бірдеңе орысша жазыппын ғой. Оқыған сайын күлкім келеді.
Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
2. Ине мен жіпті ермек қылу. Негізі тоқу білсеңіз, тіпті, керемет болады. Өзімше, жүрек пішінді ине қадағышты тігіппін.
Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
3. Оригами. Қағаздан неше түрлі пішіндерді жасау. Көбіне хобби ретінде ұнайды.
Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
4.Мотоцикл. Ер балаларға арналған сыйлық. Жап-жаңа ғана жасадым. Қолдан-қол қалмады. Қиын екен. Қайта көмекке көкем келді. Бірігіп шаруаны тез тындырдық.
Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
P.S.: Негізі сыйлықтың көлеміне, бағасына назар аудармаған жөн. Адамның көңілі шынайы шын ықыласпен тарту еткен заты әрқашан жылы қабылданады. Кешеден бері бойымды бір сұрақ кернеп барады. Ал қазір өз қолымен жасаған заттарды адамдар бір-біріне сыйға тарта ма? Әлде нарыққа кіргеніміз соншалық сыйлықты ақшаға сатып алғанды жөн көреміз бе? Ал сіз өз қолыңызбен сыйлық жасап көрдіңіз бе?
Әрі қарай

КерекИнфо - Халықтың сүйіктісі!

Блог - asaubota: КерекИнфо - Халықтың сүйіктісі!

Қазақстан Блогерлер Ассоциациясының президенті Ғалым Байтоқтың ұйымдастыруымен биыл 5-рет өткен «Халықтың сүйіктісі» байқауында Kerekinfo.kz сайтымыз "Үздік сайт" номинациясын жеңіп алды. Финалға қалған 4 сайтқа оқырмандардың берген дауысы бойынша үздік деп танылды.

Бұл біздің бәріміздің жеңісіміз. Жеңіс құтты болсын, керекинфолықтар!
Әрі қарай

Бұл халықты жеңу мүмкін емес! Гене мен Қанаттың қайсысы "Үздік спортшы" атануға лайықты?

Осы біздің елімізде шенеунік дегеннің бәрі трайболист, барлығы өз туысқанның тарқыш деп жүреді адамдар. Жоқ, тек шенеуніктер емес, анау журналистер де, мына бизнесмендерді де сөйтіп айтады қара халық. Түбінде, өздері ақылды, өздері білімпаз, өздері әділ. Алайда, бұның олай еместігін дәлелдейтін бір айғақты көрсетейін сіздерді. Мүмкін, әрбіріміз ойналанармыз.
Қазақстан ұлттық арнасы «Жыл таңдауы» интернет сауалнама жүргізіп жатыр. Номинацияларының бірі — "Үздік спортшы". Ішінде Елдос Сметов те бар, Бейбіт Ыстыбаев та үміткер, Бауыржан Исламхандай аяқ доп шебері де, Головкин мен Арман Оспан да бар. Алайда, осындай тізімге қарамастан көш басында — Қанат Ислам. Қазіргі таңда кәсіби бокста 20 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен азамат. Сөзсіз, үлкен жетістіктерге ұмтылып жатқан спортшы.
Блог - ErnarSeytahmet: Бұл халықты жеңу мүмкін емес!  Гене мен Қанаттың қайсысы Үздік спортшы атануға лайықты?
Спорттың өзге салалардан артықшылығы — жетістіктердің бірден көрінуі. Титудар — сіздің жұмысыңызды бағалайтын бірден-бір критерий. Одан асқан критерий болу мүмкін емес. Халықтың ықыласы мен мақтанышы жағынан алып қарайтын болсақ та Қанат Генадийден (мына жерде Ильядан да) артық емес. Бірақ, Қанатқа берген дауыстардың көп болуы — қазақтардың объективті баға бере алмайтындығының нақты көрсеткіші.
Қысқаша анықтама:
Бокста 4 белбеу бар — Бүкіләлемдік бокс ассоциясы WBA, Бүкіләлемдік бокс кеңесі WBC, Халықаралық бок федерациясы IBF және Бүкіләлемдік бокс организациясы (ұйымы) WBO. Осылардың ҮШЕУІ Геннадийде. Ал Қанатта бірі де жоқ. Бар болғаны Кариб аймағының белбеуі ғана бар. Осыдан, кімнің жетістігі көп екенін көруге болады.
Блог - ErnarSeytahmet: Бұл халықты жеңу мүмкін емес!  Гене мен Қанаттың қайсысы Үздік спортшы атануға лайықты?
Ал енді 2015 жылы спортшылар қандай жетістікке жеткендігіне келсек. Қаржылай жағынан Гена алда әрине: бұл жерде ақылы трансляция мен Айфонның рекламасы да бар, бокстан басқа. Ал Қанат ондай жетістігімен мақтана алмайды. Спортқа бұның үлкен қатысы бар. Себебі, неғұрлым спортшы танымал болса, соғұрлым спонсорлық келісімі де жоғары болады.
Кәсіби спорт жағына келейік: Қанат 2015 жылы 2 кездесу өткізді. Бірі — наурыздағы Орландо Эстрада болса, екіншісі — Джонатон Батистаға қарсы қарашадағы (ұмытпасам) кездесуі. Сөзсіз, екеуінде де жеңіс. Қанат мықты екенін дәлелдеді. Алайда, Головкиннің өткізген жекпе-жек саны да көбірек (3), Головкиннің қарсыластары да, дәлелдеген белбеулері де анағұрлым салмақты. Демек, осы көрсеткіш бойынша да Гена алда тұр.
Жо-жоқ, мына жақта мен Қанатты жаман спортшы деп тұрғаным жоқ, (өйтіп, бұрмалар алатындардың санасына сәуле шашылсын). Айтпағым, Қанат қазақтың толағай сардары, алайда, 2015 жылдың "Үздік спортшысы" номинациясына Генадий Головкин әлдеқайда лайықты.
‪#‎GGG‬ әлдеқайда лайықты, елімізге әкелген атағы жағынан алып қарасақ та. Өзгелердің бәрінен. БІрақ, Қанаттың сауалнама бойынша көш бастап тұрғаны — біздің халықтың объективті жауап бере алмайтындығының дәлелі ретінде бағалап отырмын. Жүйрігіне тиісті бағасын бере алмаған ел ертеңіне дұрыс баға бере алар ма…
Блог - ErnarSeytahmet: Бұл халықты жеңу мүмкін емес!  Гене мен Қанаттың қайсысы Үздік спортшы атануға лайықты?
Әрі қарай

Бұл не Карл? немесе сен білмейтін "Қазақстан-Семей"

Блог - kozildirik: Бұл не Карл? немесе сен білмейтін Қазақстан-Семей

«Талант ауылда туады, Алматыда өледі». Енді пензес қылып ауылда туып, өлер кезімде Алматыға көшкелі жатқан талантпын, яки, осы ғаламат сөзді өзім ойлап таптым деп айтпай ақ қояйын. Маған бұл ғақлия сөздің авторынан көрі «Түсінесің бе Карл?!» деген афоризмнің авторы жақын болып тұр. Хотя мен екеуінің де авторын білмеймін…
Әрі қарай

Жыл қорытындысы: Әлеуметтік желілер

Блог - qisyq: Жыл қорытындысы: Әлеуметтік желілер
Осыдан шамамен екі жарым жылдай уақыт бұрын кәсіби SMM-ге бет бұрғанымда, «бұның не?», «жұмыс па, тәйірі» дегендер болды. Сол дегендерге қосылып кетуге шақ қалатынмын. Сөйтсем, SMM-маманның міндеті бір басына жетіп артылады екен. Әрине, шахтаға түсіп, тас ою емес, алайда көзің алайып, контент-планмен қидаласып отыру да жеп жібереді. SMM-шінің жұмысы ВК-дағы пабликке мысық пен күшіктің суретін салып отырумен шектеледі демеңіз, анализ бен жобалаудан бастап психологияға, партизандық астыртын іс-әрекеттермен айналысуға дейін жүзіп жүре береміз. Мәселен, мына жерде біз пақырдың 100 басты (тек басты!) міндеті көрсетілген екен. Жә, мұны «Аноним SMM-шілер клубы» мүшесінің маңқа езгілеуі емес, жәй, сөздің сірағасы деп білерсіздер. Клуб демекші, қазақ SMM-шілерінің басын қосып, бір жертөледе жылап-сықтайтын жер табамыз ба?

Кіріспенің парызы орындалған екен, негізгі тақырыпқа көшсек. Сағат сайын сан түрленіп, күніне қырық өзгеріске ұшырайтын салалардың бірі — SMM. Әне-міне аяқталғалы тұрған 2015 жыл да соушл медиаға, оның ішінде әлеуметтік желілерге біраз жаңалықтар алып келді. Соларға шолу жасап жіберсек.
Әрі қарай