Гинофобия
Гинофобия (гинекофобия) — жігіттер арасында айтыла бермейтін әңгімелердің бірі. Қыз бен жігіттің бір-бірін әңгіме қылатыны жасырын емес. Жақсырақ білгісі келеді. Жалпы, адам баласы құпия ашуға құмар ғой. Дегенмен, дұрыс түсінгісі келетіндер көп емес.
Гинофобия деп ер адамның әйел алдындағы қорқынышын айтады. Бұл қорқыныштың себебі көп. Жо-жоқ, бұл аурудың түрі емес. Бұны жеңуге болады.
Интернеттен гинофобияға қатысты кітап таба алмадым. Ал ер мен әйелдің табиғатын түсіндіретін еңбектер толып жатыр. Әрине, авторлар тәжірибеге сүйеніп жазады. Айырмашылық көп. Әрбір автордың өз тар жол тайғақ кешкені бар.
Белгілі бір деңгейде мен өзімді гинофобпын деп санаймын. Гинофобтың мынадай белгілері бар екен:
1. Әйелдің қасында себепсіз қорқыныштың пайда болуы. Менде де қорқыныш пайда болады. Гинофобтардың өзі де мұндай құбылысты түсінбейді. Әйтсе де, қорқынышым ұялшақтығым болуы мүмкін. Себебі бейтаныс қызға үйренісіп алсам, әңгіме айтып, миын ашытатыным бар. Рас, жасқаншақтық деген қорқыныш болуы да мүмкін. Басқа ортаға тез сіңісіп кете алмаймын.
2. Әйел бірінші боп сөйлегенде өзіңді жоғалтып алу. Мен сасқалақтап қаламын. Кейде қыздың манипуляциясына ұшыраймын. Ал қолы денеме тисе, бойға тоқ ұратыны бар. Рас!
3. Жүкті әйелдерді көргенде мазасыздану. Жоқ, менде бұл жағдай қалыпты. Кейбір гинофобтар эмбрионы бар әйелден жиіркенеді екен. Жоқ, мен жиіркенбеймін. Бірақ жақындай алмайтын шығармын. Келесіде байқап көру керек екен.
Бала кезден тыныш, қарны тоқ, көйлегі көк боп өскен жігіттер гинофоб болуы мүмкін дейді. Балалық шағында қыздармен ойнап өскен, төбелесіп көрмеген жігіттер де осы фобияға жақын болуы мүмкін дейді. Ғалымдардың дәлелімен айтылмаған соң сену қиын. Иә, жалғыз бала боп өскен соң еркеліксіз болмады. Қиыншылық көрмей өстім. Қолдан жасап алуым керек пе еді?
Жігіттермен футбол ойнап өскем. Футболдан бөлек ләңгі, атыспақ, тығылыспақ, шило, асық, чиканка, т.б. ойындардың үздіктерінің қатарынан болғам. Мектеп бітіремін дегенше футбол ойнадым. 10-сыныпта жігіттер қыздарға бара бастады. Мен балақайлармен доп қуып жүре бердім. Шилоны қолдан жасап алатынбыз. Жерге қадап, домалақ сызып, жарысып ойнайтынбыз. Мұрным бет болған төбелес болған емес. Қорқақ болдым. Бірақ ойынның қызуымен конфликтілер болып тұратын. Төбелестің көбісі жаға ұстасып, күресуден басталатын. Әжептәуір салмағым болған соң күресте жығыла қоймайтынмын. Мендегі төбелес — сол.
Гинофобияға жақын жігіттер сыныпта момын, өзіне сенімсіз бала болған екен дейді. Алайда сабақ үстінде аты-жөнім аталмаса екен дейтін оқушылар көп болды ғой. Ал сенімді-сенімсіз деген әңгімелер айтылмайтын. Мектепте психологтың жұмысы жай ғана анкета толтырып алу болды. Өз-өзіне сенімсіз адам екенімді кеше ғана білдім. Мойындау да қиын екен. Иә, қыздарға сенімді жігіттердің ұнайтынын білемін.
Гинофобтар достармен кездесіп, қыдырудың орнына үйде отырғанды, кітап оқығанды, оңашада болғанды ұнатады екен дейді. Кітап оқитыным өтірік. Жалқаумын. Бірақ үйде отырғанды, көпшіліктен алыс болғанды ұнататыным рас. Виртуалда көп уақыт өткізетін болған соң қай әлемде жүргенімді өзім де ұмытып қалғандаймын. Психология мамандығында оқитын студенттерге керемет зерттеу объектісі болар едім.
Ер адамның тәрбиесі жетіспеген, өзін қызға лайық көрмей, әрдайым өзін төмен бағалайтын жігіттер де гинофобияға жақын екен дейді. Осы жазбадан-ақ өзімді қанша жерге төмен түсіргенім белгілі ғой. Мақтанған тұстарым да жоқ емес. Қыздардан қорқатынымды мойындаймын.
Гинофобияның шипасын психолог беретіні түсінікті. Дегенмен, өзім де әрекет жасап көруім керек. Өмірлік тәжірибесі мол қолданушылар не дер екен?
Мен тпжеккөрушімін, яғни тп қызды я ұлды көрсем жыным кеп кетеді)
аТПист
Суда жүзуді үйрену суда жүруі керек.
Ал ол үшін завышенный идеалдарды наққа жіберіп, барлығына как есть қарауды үйрену керек.
Айталық, құлағы ұзындау қыз Эльфийка емес, жай ғана құлағы ұзындау қыз. Әрине, оны бетіне басудың қажеті шамалы.
Ануптафобия — бойдақтық өмір салтынан қорқу
Андрофобия — еркектерден қорқу
Секстен қорқу — генофобия, коитофобия, эротофобия
Копрофобтар тышпайтындар болса керек
Кейбіреулері тіптен біртүрлі.
Андротиколобомассофобия — еркектердің құлағынан қорқу
Аутофобия — өз-өзінен қорқу
Аутоассассинофобия — өз-өзін өлтіруден қорқу