Бұл не Карл? немесе сен білмейтін "Қазақстан-Семей"

Блог - kozildirik: Бұл не Карл? немесе сен білмейтін Қазақстан-Семей

«Талант ауылда туады, Алматыда өледі». Енді пензес қылып ауылда туып, өлер кезімде Алматыға көшкелі жатқан талантпын, яки, осы ғаламат сөзді өзім ойлап таптым деп айтпай ақ қояйын. Маған бұл ғақлия сөздің авторынан көрі «Түсінесің бе Карл?!» деген афоризмнің авторы жақын болып тұр. Хотя мен екеуінің де авторын білмеймін…


… Жазуға алғашқы қадам Семейдегі «ТВК6» арнасында басталды. Жақсы телеканал. Айлығы аз болмаса. Сапасы нашар болмаса. Контенті енді. Темекі шегуге шыққанда базардағы қойлардың қасында тұрмасаң… Жалпы ол каналға өкпем жоқ. Фундамент сол жерде қаланды. Менің ғана емес, осы медиасферада жүрген біраз адамның. Өздері де мойындайтын шығар…
Сосын "Қазақстан Семей" арнасы болды. «Сен білесің бе қандай элитаның ортасына түскеніңді?». «Бала, сен жөргекте жатқанда мен тікелей эфир жүргізгенмін!». Жақсы арна. Тәртіпке үйретті. Темірдей. Сайра апайым шырақ алып түскенде ренжіуші едім, қазір алғыс айтамын…
Бірақ… (Сцуко, қазақты құртатын осы сөз ғой… Бірақ...) Есімде. Алғаш рет мен маған бухгалтерия қырық төрт мың (44 000) теңге айлық санап берді. Мен бақыттымын. Қайда жұмсарымды білмей алақтап жүгіргенім есімде. Мен «элитаның ортасына» түскенімді сонда ғана түсіндім. Сен түсінесің бе Карл? Семейде! 44 000 теңге!!!
Өстік. Жетілдік. Қанат қағып кеттік. Үлкен қаланың үлкен айлықтарының дәмін таттық. (Қандай әдеби сөз ия? Сол жерде үйренгенмін!) Бірақ… (Сцуко осы сөз кейде қазақ тарихын жандандырып жібереді) Мен аштықта жеген құйқамның дәмін ұмытқан жоқпын. Мен үшін бүкіл әлемнің байлығы сол қырықтөртмыңның маңайында ғана еді…
Жақында өсек шықты. Ия, басында өсек, артынан реально угроза ғой. "Қазақстан Семей" жабылады екен. Күйредім. Күрсіндім. "Қалайша менің материалдық идеалым жабылып қалады?" Сцуко… Ер жеткен кезде Аяз атаның болмайтынына көзің жетеді ғой. Сол кездегі сенің ішіңде болатын спазм ештеңе емес екен. Менің шыққыр көзім келесі мақаланы оқыды

"Қазақстан Семей" арнасының жылдық бюджеті 138 млн теңге Карл! Түсінесің бе? 138 млн теңге! Онда 70 адам жұмыс істейді. Кеңес кезінен жұмыс істеп, артынан келген шибұттар (то бишь біз) олардан артық айлық алып жүргенімізге күңкілдейтін апалардың есебімен алсақ арнада ортақ айлық сол 40 мыңның маңында. Қарапайым есеп:
40 000*70*12=33 600 000 теңге.
Қалған 100 000 000 теңгеге жасалған контент пен алынған құрал жабдық… Он жыл өзермеген декорация. Тіптен ешқандай жаңа бағдарламалардың шықпауы. «Сенің ұсынған жобаларың жақсы әрине, бірақ бізде оған ақша жоқ...», «Жаңа нәрсе жасаймын деп онсыз да қайыршы каналға қол жая бермей өздерің бірдеңе тапсаңдаршы...», «Бағдарламаға лимузин жалдайтын 15 мың теңге бізде жоқ!»…
Менің жылағым келді. Өзімнің өткенім, қанағаттанбай қалған амбицияларым үшін емес. Мүмкін сол үшін де шығар. Алдымен ауылда жатқан таланттар үшін. Бұл Семейдің, "Қазақстан Семейдің" ғана соры емес. Бұл "Қазақстан ..." деп басталатын барлық филиалдардың соры. То есть бақыты. Басшылардың. Онда істейтін журналистердің соры. Олардың қанағаттанбаған амбициялары, іске аспаған жобалары (хуле онбесмың теңге табылмайды) үшін жыладым…
Қазсаң шығатын шығар. Талай нәрсе. Типі менікі дұрыс емес. Мен басқа да шығындарды есептей білмеймін. Шындығында ол олай емес. Айтайын. Бұл ашық ақпараттан алынып қарапайым есеппен шығарылған нәрсе. Жалпы "Қазақстан" арнасы қалған он бес филиалын жауып тастаса да қарсы емеспін… Бірақ… (Сцуко осы сөз үшінші рет бір постта) Сол әрбір филиалдан үнемдейтін дүзотыз милионның да орталықта қалса қай қалтаға кететінін біліп отырсыңдар ғой. Одан да мен сияқты ақымақ журиктерге стимул болуға жұмсала берсін ия? Сондықтан сен еңсеңді түсірме Карл!
Бөлісу:

6 пікір

Marco
Мықты аудит жүргізілу керек екен. Бірақ… (йопты, мына сөз...) сен корпорацияның жалпы бюджеті қанша екенін білесің бе?
berik
Ахуеть! қанша жылдар бойы белгісіздерді асырап, байытып келген железный кормушка жабылып қалған, мына журналисттерді қойшы…