15- сәуір Ғашықтар күні.

Бүгін 15- сәуір білесіздер. алдында осы күнді ҒАШЫҚТАР КҮНІ қылып белгілегенін.


Сонымен, өзіміздің қазақша ғашықтар күнімізді кереметтей ғып атап өтейікші. 14- ақпанның әсерінен құтылып, осы күнді өзімізге мейрам күні қылайық. Басында өз мейрамымыз жоқ деп едік, енді белгілі дата берілген соң 14- ақпанмен санасы уланғандардан да кереметтей қылып тойлайық та.

Сонымен бәрлеріңізді бүгінгі ғашықтар күнімен құттықтаймын!!!
Әрі қарай

“Менің атым Кола”


Вест КЗ Блогерс фильм усынады!
Б Сокпакбаевтың “Менің атым Қожа” повесті желісімен тусірілген.
Сценарии жазуды бастаған Аршат Оразов, Техносиндром, Алмас деген біреу
Басты ролді сомдагандар Вест КЗ Блогерлері:
Массовка КЗ Блогерлері
Режисер Квентин Тониұлы Торантино

Кіріспе
2031 жыл. Нұр-Техас штаты. Евразияның ірі алпауыты Қазақстанның Бұрынғы Американ Құрама Штаттарын басып алып, Қазақстан Құрама Штаттары деп атағанына 5 жыл болды. Негізі 16 жылдай осы елдің ықпалында болып, тіл, мәдениет қазақшалана бастаған екен, біз мән бермегенбіз. Сонымен өзімді таныстырайын:
Менің атым Кола, Колаберген. Мен туған жылы біздің елде үлкен экономикалық революция болып, барлық Кокакола, Пепсиколаларға тыйым салынып, Таң, Тандем деген сусындар қаптаған екен. Кола фанаты болған әкем атымды сол сусынның атының құрметіне Колаберген деп қойған. Әкем 45 жасына келген кезде әке болған екен, кола оған күш берген деп сеніп келген. Мектепте бәрі мені Қара Кола деп мазақ қылады. Тек Джейн Эйр ғана мазақтамайды, өйткені мен оған Қазақ тілден шығармаларда көмектесемін. Сұмырай Джон Тасс деген пәле бар, мектептің көкпар құрамасында ойнайды. Біз де спортпен айналыссақ та қыздар оған қарағандай бізге қарамайды. Сонда не тоғызқұмалақ спорт емес пе? Қысқаша айтқанда мен лузермін, бұл жақта лузер болу ол адамның тағдыры. Бұдан құтылыс жоқ. Тездетіп мектеп бітіріп, универге түссем екен…
Әрі қарай

Махаббат мүшәйрасының сайты ашылды



Көптен бері «15 сәуір — Махаббат мейрамы» деп ұсыныс айтылып келе жатқанымен, нақты бір акция көргеніміз жоқ. Бұл тұрғыда тек «Жас қазақ үні» газеті ұйымдастырған Махаббат мүшәйрасын атап өтуге болады. Мүшәйраның жеке сайты ашылды. Бәріңізді сол сайтқа шақырамын. Махаббат мейрамыңыз құтты болсын Керекшілер!

http://mushaira.qazaquni.kz/
Әрі қарай

Қуанышты хабар, жама'ат!!!

"Құдайға барғанда, бірінші:«көршіңмен қалай болдың?» деп сұрайтын көрінеді ғо" © Әмөштің тостынан.

Уа Исаның өсиетін аттамаған ізгі кришнаит бауырлар! Бүгін мен 8 айдан бері… бір қабатта тұратын көршімді көріп қалдым!
Әрі қарай

Мұстафа Шоқайдың өзін болмаса да, тарихи тұлғасын тірілтуге болады

Мәжілісте 13 сәуір күні Шалатай Мырзахметов бастаған 20 депутаттың тәуелсіздіктің 20 жылдығында депутаттық сауал беріп Қазақстан тәуелсіздігінің символ тұлғасы Мұстафа Шоқайға тиісті орнын беруге шақырғанын тебіреніс толқумен қарсы алдым.
Әрі қарай

Рәбфақ Стром. "Жұмыс"

«Сырттандар көп ғо, ДОСтар, » ©СаянҮш

Бұрынғыдай емес: жанарлары суалып, көмескіленуге қарапты, тәлібтің мүшелері. «Бірақ мынадай жайсаң өмір үшін тағы бір-екі жыл шыдай тұруға болады, солай емес пе!» деп, ол айнадағы сұлбасының иығын қағып-қағып, өзін өзі демеп қойды.
Ваннадан ас бөлмеге өтіп, қара уылдырық, қазы мен жұмсақ бөлкеден, өзі де
Әрі қарай

Жақсылық vs Жамандық

Аудармалардан:

Қаскөй диктатор, жалмауыз Муамар Каддафи оппозицияны басып-жаншылаймын деп 10 мың ливиялықты қырып салды. Ал мейірімді генерал Картер Хэм Каддафиді тобасына түсіру үшін 12 мың ливиялықтың көзін жойды. Жақсылық жамандықты осылайша жеңді.

Түпнұсқасы:
Әрі қарай

Қош бол, Интер!

Сонымен, чемпиондар лигасы ақтық бәске бір табан жақындай түсті.
Ақтық жұп Реал-Барселона және МЮ-Шальке төрттігі арасынан іріктеледі.
Испандық эль-классико жеңімпазы финалдық доптебістің фавориті болады деген ой бар.
Әрі қарай