15- сәуір Ғашықтар күні.

Бүгін 15- сәуір білесіздер. алдында осы күнді ҒАШЫҚТАР КҮНІ қылып белгілегенін.


Сонымен, өзіміздің қазақша ғашықтар күнімізді кереметтей ғып атап өтейікші. 14- ақпанның әсерінен құтылып, осы күнді өзімізге мейрам күні қылайық. Басында өз мейрамымыз жоқ деп едік, енді белгілі дата берілген соң 14- ақпанмен санасы уланғандардан да кереметтей қылып тойлайық та.

Сонымен бәрлеріңізді бүгінгі ғашықтар күнімен құттықтаймын!!!

Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
— деп ақиық ақынымыз Мұқағали айтқандай шын ғашық болып, ғашықтарыңыздың амандығын тілеп, оның жанарының ішінен өзіңізді ғана көріп, сүйіктілеріңіздің сүйіктісі болып жүре беріңіздер!

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі!
-деп Мұхтар ағамыз айтқандай адал ғашық болып ерліктерге жол бастай берейік.

Сонымен бәрлеріңізге бақыт тілеймін!!!

Қырқып қой: осы мейрамға қазақша сипат беріп тойласақ қандай керемет болар еді иа. Мысалы: бұрынғыдай қыздар кесте тігіп сүйіктісіне сыйласа. Тағы да қандай қазақша сипат беруге болады? ойларыңызды ортаға салсаңыздар? Әйтеуір 14- ақпанның жұрнағы болмау үшін не істеуге болады?
Бөлісу:

5 пікір

edige
бір нәрсе қосып соны дамытамыз деп мән-мағанасын құлдыратпауға әрекет жасаған дұрыс ау.
ken
Jan'a EkspressK gazetinen Den' svyatogo Tolegena degen maqalany korip edim.
boztorgai
15 сәуір — бесқонақтың кіретін күні:)
Delvara
Уйге 14 ақпаннан қалған открыткалар болса, соған жазып бере салуға болады. )