Қайдан шыққан мереке?

Алдын-ала ескертіп қойғым келеді. Бұл жазылғандар менің пікірім. Ұнаса +! Ал,ұнамаса қуырылған жұмыртқа лақтырып әуре болмаңыздар!:)

Шынымды айтсам, кешелі бері, махаббат күнімен құттықтағыштар көбейіп кетті. 15 сәуір ғашықтар күні деп қашан бекітілген еді өзі?!

Меніңше бұл мерекенің 14 ақпаннан ешқандай да айырмашылығы жоқ. Жай ғана датасы мен аты ауыстырылған. Ашық айтқанда День Св. Валентинаны заңдастырып қоя салған! Әйтпесе, элементтері дәл сол қалпы!

Бүгін ғашықтар күні! Қалғандар сағат түнгі 12:01ге дейін өмір сүрмесін:)

Біраз, кейіндеу ақпанда болған факттарды жазам! Аурухананың гинекология бөлімінің бір дәрігерімен сөйлесуге уақыт таба алмай жүрмін…

Еліктеуден туған мейрам болғандықтан ғұмыры ұзақ болмайды деп ойлайм!!!

Былайша айтқанда:
14 ақпан — у іш…
15 сәуір — уды нанмен қосып іш деген нәрсе сияқты (басқа ешнәрсе кеп тұрған жоқ)

p.s. Мені құттықтамаңыздар! Мен ешкімге ғашық емеспін! Кейбіреулердің «мерекелік» көңіл-күйін бұзғаным үшін тізерлеп отырып кешірім сұраймын нақ:))))))
Бөлісу:

88 пікір

Abilakim
Осы күні бір молда жасырын түрде Қозы мен Баянның некесін қиыпты-мыс…
a63a1
Жарайды болсын, мереке артық болмас, бірақ опитсәлні демалыс берсе жақсы болар еді! Ғашықтар күні… тіпу, итте көктемде уйығады, мен үшін жылдың 360 күні махаббатқа толы) Көктемде махаббат оянады деген қауесетті қай есерсоқ шығарды екен Кім шығарса да көкетемде ұйығатын жануарлардан еш айырмашылығы жоқ тәрізді ғой. Ендігі жұма Ләйлімен мәжнүн одан арғысы Жібекпен Толегеннін күні құтты болсын ыыххххххх
Abilakim
Махаббат оянады ма білмейм… Юбка қысқарған кезде соқыр сезімдер оянады әйтеуір…
a63a1
уәәәәқ қәәәәә қә қә, Қарагер айғырдың инстингі, Жаман негізі қиналеееееп кетесің)) Кісіней алмай отырмын
qisyq
Дегенде Қарасақал, Қарасақал,
Бұл өзі бұра тартқан дара сақал.
Оянып жатса елде сезім біткен,
Не дейді бұл ақсақал — бала сақал!?

Ғашықтық сені бар ғой жұлмаласын,
Сезімдердің патшасы құламасын,
Тарс та тұрс жазба жазып, у ішкізіп,
Бір мейрам үшін, Сәке, жыламашы:))))))))))))))))
blackbeard
Қабыл етпен, жаттың салт дүбарасын
Шынымен ұлттық болса қуанасын
Мен жылайын, бірақ та осы күні
Қазақ қызы алданып, жыламасын!
Abilakim
Қалайша жөн демейсің аталы ұлды
Жоғалтпа тура осы мақамыңдың
Осы сақал өзіңе жарасады
Ұзартпа, бит басады сақалыңды
blackbeard
Сөзі оқ, өзіңдей нар, жас адамның
Кеңесіңнен қалайша аса алармын
Patick-те шашын алып тастады ғой
Биттері көтеріліс жасаған күн
Олардан құтылам деп сақалды алсам
Тосып тұр шабуылы масалардың:)
Abilakim
Масаға шағам десе жер жетеді
Артық жүн қолтықты да терлетеді
Қазақтар қырықтан асып сақал қойған
Сәл кейінірек қойсаң нең кетеді?
blackbeard
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай © Махамбет
Abilakim
Тырнақ өспей ме нәскійді теспей ме?
Abilakim
Сақал шығу мен сақал өсіру екі бөлек әңгіме)))Қазақ қырыққа дейін қасқыр ішік кимеген, сақал қоймаған халық негізінде… Сақалың өзіңе жарасатыны да рас.
blackbeard
Діни көзқарасы екен деп ойлама, Әбеке! Өзіме ұнайды! Әке-шешеме де ұнайды! Саған да ұнап тұр:) Ендеше проблема жоқ шығар деп ойлаймын!
timurrr
Unaidy, unaidy! Unamasa da jurttyn sakalynda jurttyn sharuasy jok dep bilem!
qisyq
Алаң ойсыз аталы сөз елеңдемес,
Біздің басқа бұйырды кезең-егес.
Қарасақал, қазақ та сүйе білген,
Махаббат тек батыстың сезімі емес.

Санасы бар ел туын құлатпайды.
Нәтиже анық: бөтен пиғыл жырақтайды.
Ұлтым деп іс жасаған құры жатпай,
Қазақ қызын, бауырым, жылатпайды.
edige
Өй! деген екен
blackbeard
Қазақтай ойы әркімнің терең емес,
Ғашықтық әр сәт мейрам, ерен егес.
Сондықтан ғашық болған жандар үшін
Белгілі бір күн жасап керек емес.
qisyq
Қарасақал, сақалыңмен көріктісің,
Сөз тауып, айтыс жасап "өліп тұрсың".
Көңілге жылу берер, сезім сыйлар,
Осы күннен не жамандық көріп тұрсың?!

Сезімге өзге кез де аса лайық,
Оның рас, басқа күні де жасанайық.
Бірақ, бір күн ырысты түгесімес,
Түймедейден түйедей іс жасамайық.
Abilakim
Қисықжан, сенің де ойың дұрыс
Бұрылса осы іске мойын дұрыс
Қонақ үйден табылса ғашық жандар
Бұл меркеке болады "қойым" дұрыс?
a63a1
Дат ақындар!!! пікірім меніңде бар
Еліктеуші бір мінез елімде бар
болса болсын мереке бырттар-ау
Неқыласың, тақияға келдіме тар?
a63a1
Тақырыпты тереңнен шолған дұрыс
Шулатарлық халқымды болды-ау бір іс
Мәні жоқ мерекелер қаптап кетті
Мейрамныңда астарлы ойы болған дұрыс
qisyq
Дегенде Әбіләкім, Әбіләкім,
Сатыбалды жиі айтатын "Әбіл" атың,
Ұлттық күн деп мейрамды белгілепті,
Жөн бар ма сол үшін кеп даурығатын?!

Әрине, пікір сендік, ойыңыз да.
Негіз жоқ сызып айтқан "қойыңызға".
Әбеке, қонақ үйге тарту-тартпау,
Мереке емес, біз бен сіздің қолымызда.
blackbeard
Қисықжан ойың неткен еркін еді
Сондықтан сөзің қырға тентіреді:)
Ұлтжандылар үшін де күн атайық
Қоғамға «Жаным», «сүйдім», "өлемдерден"
"Ұлтын сүйген" пайдасын келтіреді!
Abilakim
"Ұлтымды сүйемін!" деп айту оңай
Төс ұрып, мақтан естіп қайту оңай
Бос айғай бұл қазаққа пайда бермес
Құр сөзбен семіреді халқың қалай?

Қара қазақ бұл күнде қалтылдап жүр
Тесік нәски, өкшесі жалтырап жүр
«Ел үшін» деп билікке жеткен жандар
Елбасының маңында жалпылдап жүр
a63a1
Сөзіңде бір ұшқын бар ақын аға
Қазақ деген намыс ол «бағың» аға
Елбасының жанында жансыздар бар
Айқайлап айт естілмейді, сахынада.
qisyq
Сендік сөз де кетті-ау дейм айға жырақ…
"Ұлтжандылар күнін" жаса, айда, брат!
Әй, бірақ, құрғақ сөзбен ұлт «сүйгенше»,
Қазаққа әйелімді сүйгенім пайдалырақ:)

Ойдан-қырдан өлеңіңді құрадың ба…
У іш деп мені боқтап, сыбадың ба:)
Қарасақал, көп сөзді таста былай.
Жауап берші жоғарыдағы сұрағыма.
Abilakim
Жүрсін Ерманов "Қойыңдар, нақ!" деп жатыр…
blackbeard
Ой әжесс! Бүгін бір серезный тақырып бастап едім! Соны да көп-көрдің бе сәулем ай! Жаным Жамила! Қайда кеттің? Ой шешесс, ішіме Тука кіріп кетті ма не болды өзі!

Қойыңдарш нақ! Үлгере алмай кеттім ғо kirikpishagyndyssss:)
Тойласаң тойла! Маған не дейсің нақ:))))
Айтқандай бүгіндікке пландар бар ма:)))))))
Abilakim
Сол… Патик пен Қисық 5-6 қыз тартамыз деген -деп қуып кетсең, я?
blackbeard
Ліібәәәә! Оларға не жоқ махаббат күнін тойлап! Тәлібтер екеуінің де кемпірлері бар ғо, әбіл хан!
Abilakim
ана қыздардың да күйеулері бар екен-деп қуывотсаң, я)))
qisyq
Садықжан, Садық ақын, Садық-аңыз,
Бойдақсыз, қыз іздеп Сіз сабылмаңыз.
Патикжан, біз екеуміз бүгінгі түн,
Жарқыраған қонақ үйден табылармыз…

-Өөй, не деп кеттім!.. Тфә! Тфә! Алас, шайтан, алас! Изыди, сатана!!!
AKY
Патикжан, біз екеуміз бүгінгі түн,
Жарқыраған қонақ үйден табылармыз…

Ніқұя себе. Осыдан кейін күйеуге шығып көр)))
qisyq
Тәубеме келдім ғой артынан, неге жаман жағын байқайсың, ақын қыз?
AKY
Қылатындарыңды қылып ап, тәубеге келгендеріңнен не пайда))
qisyq
Ойбу, қылдық деп жазғам жоқ қой, қылармыз дедім де тәубаға келдім ғой. Сен, конкурент, бәле іздеп отырсың-ау осы...)))
AKY
Конкурент демеЩ)))))
Abilakim
Сенің болашақ күйеуіңе, тіпті қыздарға не қатысы бар бұл жазбаның?! Патик екеуміз деп анық жазылып тұр ғой))))
AKY
Ия, негізі, Әбіләкім, Патик, үшеуміз деп жазу керек еді.
blackbeard
Үйлену керек! Уқалай-уқалай қолдан ұят боп кетті © ДінИса Түзу
qisyq
Айтыс давай! Тұрысатын жеріңді айт!!!)))))
Кешке соғамын, амиго. Маған ренжіп бүк түсіп, телефонды көтермей жатып қалма)))))
a63a1
Бір-біріңді не болды итше жұлып
Танытпаңдар шалдар-ау жаман қылық
Тойлай бер, бір мереке артық болмас
Жатпақсыңба үйіңде иіскеп шұлық уәқққ қа қа қа
ken
Osydai areketterge karap «mambet» deidi da
qisyq
Қандай әрекет, кімнің әрекеті?
ken
Jan'adan velik oilap tabu areketi
qisyq
Махаббат күнін айтасың ба?
ken
Hotya by «mahabbat tuni» dep atau kerek edi. Sonda kishkene bolsa da Valentik kuninen ozgesheleu bolar edi.
edige
«mahabbat tuni» деген не ол
Басқа түндер не «Махаббаттан дәнеңе жоқ ӘШЕЙІН » түндер ма сонда?
ken
Basqa kunder ne «Mahabbattan danen'e joq ANSHEIIN» kunder ma sonda?
TOTY
Мен де соған таңмын. Айна-қатесіз көшірме сияқты, мағынасы жоқ.
Onlasyn
не оригинально дейсіз ғо
ErNur
Ептібайымайыттарау, мейрамнан қашасындар ма?!.. Мейлі болса бола берсін мейрам… :))))))
edige
Соны айтам гой «мағынасы жоқ» дегенді, сонда біреу өлу керек па мағана болуы үшін? /көріп жүрміз 16 желтоқсан күні сылқия тойып алып «Атағаның бар ма, бүгін мереке ғой деп» жүргендерді. Ал негізі сол күні тәуелсіздік құрбандарын еске алып, дұға оқу күні…
1-маусым «Балаларды қорғау күні»… сонда басқа 364 күн қорлау емес қой… Ол белгіленген дата болады
blackbeard
Онсыз да қазақ ғашықтарының тарихында нормально адам сияқты қосылған жұптар аз кездеседі. Бірақ мен алі көрмедім! Біресе, өліп кетеді, немесе өлтіреді! Әрине, біреу өлмесе қызық емес болған ғой:)
VKM
Соны айтам.Валентин күні ұнамайт,қазақша ғашықтар күні-ол да ұнамайды. Қыздарыңа үйленгендер жолдастарыңызға гүл әперуді ұмытпаңыздар!
ErNur
Гүл дегенің шөп қой,
Шөп дегенің көп қой… тағы бірдеңелері бар опщым :) Одан да оның орнына дүния болатын бірдеңе апарындар :))))
asaubota
махаббат сияқты позитив мейрамдардың көп болғаны жақсы ғой
patick
Бұны 14-ақпан — Христиандардан қалған махаббат мерекесіне деген тәуелділіктен арылудың бір жолы деп қарастырайық. Әрине, соның көшірмесі болуы мүмкін. Бірақ дәл Валентин күні емес қой. Сонысымен де ерекше. Және 15 сәуірде өзіміздің мерекеге ғана тән «фишкалар» (шырақтар ұшыру сияқты) ойлап тапсақ — Валентин күніне тікелей бәсекелес деңгейге де өсіруге болады.
AKY
Қарасақал, дабай, миды ашытпай мүшайраға қатыс))))))
blackbeard
Міндетті түрде қатысамын!
omarbirat
Осылай ойдан мереке шығарып алдандырып қоймаса, жыл сайын 14 ақпанға қарсы газеттер Валентина (Валентин деп те жазбайды ғой :)) күні туралы зарға толы мақалатураларын жаза бермек :)
Onlasyn
Өңшең ақындардың арасында отыр екенбіз ғой:))
edige
«Керекайтыс» деген «Кездесуайтыстан» бастау алған…
VKM
2-3 реттен оқып, былай түсініп отырмын. Ұрсыса қыза бастағандай ма...қалай?
Aikona
Мейлі не ойласаңыздарда мен Қисық жақтамын! 14- ақпанды сызып тастап орнына 15- сәуір деп жаза салыңыздар.
Abilakim
14-ші ақпанның керегі жоғы анық. Күдігіміз осы күнді дұрыс насихаттап жеткізе аламыз ба сонда ғой. Тойшыл халықпыз ғой, мерекенің көбі жақсы.
Zilola
А вдруг мен саган гашыкпын, сонда сени куттыктамай, еще озим де без настр отрам ба не? :)))
qisyq
Мә, shceshcesse, бүкіл қылқынған айтысымыз наққа кетті)))) Қарасақал, уіш))))
ken
Eger ogan gashyq ekenin'di sauirdin' 16na bilsen', sonda kelesi jyldyn' 15-sauirine deiin bez nastr juresin' ba? Wahaha))
Zilola
тап осы кун куттыктагым келетин шыгар даЧы :)))
blackbeard
Мен саған ғашықпын! Бірақ именно бүгін құттықтамайм:))))))))
Zilola
окиништи :(((
AKY
Ощм, «шын ғашықтар қосылмайды» екен)))
qisyq
Алда, Құдай-ай)))))))))))))))))))
Zilola
жынД айттын, очм даж озим ялкеттим :))))))))
zafar
Мынаны жеңшеге айтсам, сіздің сақалыңызды біртіндеп жұлады ғой Саке :)))
blackbeard
Екеулеп жұлса, уақытта екі есе үнемдейтінін айтып қой жеңшеңе:)
zafar
Жеңшешка сізге: «Келе берсін ауылға, КӨРЕРМІЗ» деп жатыр ғо:)))
Zilola
біздікі қалжың ғо, жеңешең уайымдамасын :)))
satibaldi
«Ажал келіп сенімен қалжыңдағанша қалжыңдасып қалыңдар, мүмміндер!» — деп қорс-қорс жылады Ол. ©Евангелие от Амандық, стих 18:3.
Zilola
сен де бір кірпіш болып қалщь :)
zafar
Негізі бұл мерекелерді заңдастырудың түп мағынансын қарайтын болсақ, некесіз жандардың қосылуын заңдастыруға ұқсап кетеді! Қай күні болмасын, қандай уақытта болмасын жақсы көретін адамдарыңызға сыйлық жасауға болады, ал мынау заңдастыру халық арасында зинаны заңдастырумен тең деп ойлаймын!
Ahi
Қателікті қателікпен ауыстыруға болмайды.
Daniar-Alan
лібәәә… әр пікір бір бір пост қой мынау…
VKM
иәәә… Керек бұрынғыдай болмайды.Өкінішті