BarCamp пен BlogCamp.

Өздеріңіз білетіндей 15-17 сәуір аралығында Алматыда Орталық Азия елдерінің блоггер, системчик, сайт жасаушылар яғни интернетке жақын адамдардың жиналысы немесе бас қосуы болды.

Көптен көргім келіп жүрген. Осы аптада оған да қол жеткіздік. Фильмнің берерінен алары көп секілді. Бүкіл энергияңды алып, түсініксіз үрей туғызады. Денең тітіркеніп, сан түрлі сұрақтар туғызады.
Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін Тараз жерінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Олардың барлығы да көне заманның бүгінгі куәгеріндей күмбездерін күнге сүйгізіп, өңірдің атын асқақтатып тұр. Олардың арасынан бірінші тілге тиек болатыны – атақты Айша бибі кесенесі. Ол ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болып саналады. Әулиелі Әулиеата өңіріне аяқ басқан адамның бәрі ең алдымен осы кесенеге келіп, тәу етпей кетпейді.
