Кесенелер тарихына қарай отырайық...

Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін Тараз жерінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Олардың барлығы да көне заманның бүгінгі куәгеріндей күмбездерін күнге сүйгізіп, өңірдің атын асқақтатып тұр. Олардың арасынан бірінші тілге тиек болатыны – атақты Айша бибі кесенесі. Ол ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болып саналады. Әулиелі Әулиеата өңіріне аяқ басқан адамның бәрі ең алдымен осы кесенеге келіп, тәу етпей кетпейді.

Бүгінде бұл кесене ЮНЕСКО тізіміне алынған. Сан ғасырлар соқпағынан аман өткен кесененің тек батыс бөлшегі ғана сақталып қалған болатын. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесенені қайта қалпына келтіру үшін Түр­кіс­тан филиалының қайта жасаушы шеберлері тер төк­ті. Қолы ұсынақты шеберлер үш жыл бойы ескі тех­но­логиялы пештерді пайдаланып, 72 түрлі белгі са­лынған плиткалар дайындады. Кесененің іргетасын қа­тайтып, қабырғаларын көтеріп, алғашқы кейпіне кел­тірді. Күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөн­деу де ұзақ уақытты талап етті. Көнеден жеткен ке­се­ненің бұрынғы қалпын бұзбай, бүгінгі күнге үй­лес­тіру де асқан шеберлікті талап еткен-тін. Ақыры сеніп тап­сырылған ауқымды жұмыс ойдағыдай ат­қа­рылып, ха­лық игілігіне ұсынылды.

Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш ең кереметі болып саналады. Ескерткіштің сыртқы бетіне қаланған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таңғалдырарлықтай… Аңыз бойынша, Айша бибі асқан сұлулығымен қатар, ақылдылығымен де елге есімі жайылған ару болған деседі. Ол әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Сұлу Айша мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббат та осы күнге аңыз бойынша жеткен. Айша бибінің кім екені жөнінде ғасырлар сорабынан жеткен аңыз болмаса, тарихи деректер жоқтың қасы. Айтулы аңызға құлақ түрсек, Айша бибі киелі Түркістан жерінде жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік қосақ болуға уағ­даласады.

Жан-жақтан жау анталаған за­ман­да елін, жерін қорғаумен жүрген Қара­ханның айтқан уағында Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Араға айлар түседі, жылдар жылжиды. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені – Тараз жеріне өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже (кей жазбаларда Бабаджа хатун) қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол азабын тартып, Таразға да жетеді. Жарты күндік жол қалған кезде өзеннің жағасына демалуға тоқ­тайды. Күтушілері ас қамдауға кіріседі. Суық суға шомылып алған Айша сұлу демала тұрмақ болып қисаяды. Сүйгенінің ауылын алыстан көріп, енді сәл уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, ұйықтап кетеді. Сол кезде улы жылан Айша бибіні шағып алады. Бүкіл тәнін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу сүйгені Қараханға ат шаптырады. Қарахан емші-тәуіптерін алып жеткенде ару қыз ісініп, талықсып жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» – деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Ғашығынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады…

Бүгінде Айша бибі кесенесі бір шаранаға зар болып жүргендердің тәу етіп келетін қасиетті жеріне айналған. Әрине, тілектің қабыл болуы бір Алланың қолында екені рас. Әулиелі жердің топырағын ба­сып, кесенеге ізгі ниетпен келгендердің тілегі қабыл болып жататындығы да таң­ғалдырады… Жаңадан шаңырақ көтерген жастар ескерткіш басына келіп, тағзым етіп жатады. Кесененің алды бос болған кезі жоқ. Үнемі туристер мен алыстан ат арыл­тып келетін қандастарымыздан боса­майды.

Кезінде Әулиеата уезінің бастығы бол­ған В.Каллаур Айша бибі мен Қарахан арасындағы шексіз махаббат туралы ел арасындағы аңыздың бірнеше нұсқасын жинаған көрінеді. Сондай-ақ археология үйірмесінің мүшесі В.Панков: «Айша бибі кесенесінің төрт бұрышында жуан баға­налары бар. Әр фасадының ортасында жоғары және сүйірлеу аркамен бітетін кішірек қуыстар бар. Барлық қабырғасы мен бағаналарының беті тұтастай қыш тақталармен қапталып шыққан. Кесененің ішкі беті кірпіштен, сыртқы беті күйдірілген құйма балшықтан қаланған. Кірпіш пен құйма тастардың арасы әк қосылған балшықпен жымдастырылып, арша ағашымен ұстатылған. Мұндай әдістің жер сілкінгенде қабырғалардың құламай сақталып, бүгінге дейін жетуінің айғағы – осы», деп жазып қалдырған екен.

Автор: Гүлжан Көшерова алынған жері
Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып, оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.
Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917 жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50 жылдардың бас кезінен, мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты еншілейді, төртінші кезең: мұражай мәртебесі өзгеріп, "Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, "Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр кезеңнің көтерер жүгі жеңіл емес. Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген көзқарасы танылатындығы сөзсіз. алынған жері
bk
Бөлісу:

55 пікір

KILYZAMAN
Бабалар өнерінің үнсіз айғақтарының біреуі…
Ojdan
Орыстар еклгенде талай көне ғимараттарды жойды ғой...(((
edige
Ия, тарихи құндылығы бар Отырар қамалының, кітапхананың табылмауы көңілді қынжылтады.…
Мына кездесудегі Сатыбалды синдромынан ба, «Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін» деген жерінде бір жымысқы әзәзіл күлкі қыстап қалғанын… астагфирулла
TERISKEI
атай, мақала тамаша екен, біраз сырға қанықтым. Дегенмен дейм ғой, Айша апамыздың кесенесіне Түркістандағы Ахметіміздің суретінің қатысы қаншалықты екенін аңғара алмай қалдым. "Қолы ұсынақты шеберлер" — ұсынақты деген не мағына екен? Бірінші рет естіп тұрмын, айта кетсеңіз екен…
Zilola
Соны айтам, Айша бибі жайлы жазып келіп, Ахмет Яссауи мен Арыстан баптың кесенесін неге ілдіңіз?
Zilola
және бұл жерде ешбір ұлттық өрнек жоқ, діни өрнек бар. Арка мен күмбез көбіне исламдыкі болып саналады, белгілі бір ұлтқа тиесілі емес. Және бұл ескерткіштердің қабырғасы қай ғасырда қаланған екенін біле тұра, бұл қазақтың сәулет өнері деп дөп басу қателік.
KILYZAMAN
Танымыңмен нанымыңды айта отырағой… Сәулет өнері жоқ болған десеңде, себебі бар шығар?
Zilola
белгілі бір ұлттың сәулет өнері деп жекеменшіктеп алуды қате дедім
KILYZAMAN
Қаңлылар жайлы біраз нәрселер оқып қатты таңданғаным бар… Қаңлыдан ұл туса ағашқа күн туады деген тұжырымның түбін іздеп отырып(қаңлы емеспін). Арка дегенің доңғалақтың — сынығы (секторы)…
Zilola
қазақтардың (жалпы көшпенді хаклықтың) сәулет өнері болмаған, біздің сәулет өнеріміз — киіз үй
KILYZAMAN
Таласым жоқ. Бірақ, келешектен үмітім бар! Бізге киіз үй қалды — біз не қалдтырамыз, қонақүйден басқалай?
Zilola
Қазақстан қонақ үйі Димекеңнің арқасында салынған, әйтпесе Кеңес үкіметінде сейсмикалық ауданда биік ғимарат салуға рұқсат жоқ еді. Сол кездегі сейсмикалық қауіпті ауданда ең биік ғимарат осы қонақ үйіміз болған. Байқасаңыз, қонақ үй бірнеше элементімен Алтын адамды еске түсіреді.
KILYZAMAN
Оның рас. Адамбек Қапановтың қатысы барма осы жобаға?
Zilola
Қапанов атам жайлы білмедім, қонақ үйдің бас сәулетшісі қателеспесем Ратушный деген ата. Ал конструкцияларының сейсмикаға беріктілігін қазіргі КазНИИССА-да жұмыс жасайтын Жүнісов деген жақсы ата есептеген (зейнеткер ата, әзір де жұмыс істеп жүр деп естігенмін).
KILYZAMAN
Шарнирлік бекітімді ұтымды қолданған деседі білем деушілер…
Zilola
негізі жобада қаланың тап орталығына саламыз деп жоспарлаған, бірақ сейсмикалық қауіпті ауданда салынамын болған соң, қазіргі орналасқан жері таңдалыныпты (геолог-геодезисттерге 1001 алғыс), ғимараттың астында бүтін тас бар екен, платформа іспеттес, жер сілкінген жағдайда ғимарат тастың үстінде таспен бірге қозғалып ғана қояды екен.
Gamk
Масқара екен!
Zilola
Біздің сәулет өнеріндегі единственный достижениеміз — Қазақстан қонақ үйі, оның өзінде де қазақы нақыштар жоқ
satibaldi
Арыстан баптың
Лева «Статья»…
Zilola
бап емей немене? баб демеймін ғо, баба екені рас бірақ жіктегенде б әріпі п болып кетеді
satvaldo
қудың апашка. Баб деген ахилардың тiлiнде ЕСIК деген cөз. әжем заманнан солай…
KILYZAMAN
Тақырыпты бастап алып ширатуға қол тим ей кетті… Түзелуге тырысп бағамын :-(
AKY
Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін
)))
satibaldi
Соны айтам, кез-келген адамды олай қинасаң жалғыз тарих емес, математика, физика, химияны тақылдап айтып беред.
JAKO
«Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін»-керемет айтылған сөз, Тараз қаласының өзінің тұрған жері 2000 жылдық тарихы бар ескі Талас шаһарының үсті.
KILYZAMAN
Саналы мақала жазбақ болған бейбақтың сөзінен Тас іздегенше неге санамыз мыжылып бара жатыр деп ойланайық — халайық… Жалпы: аллегория десеңде, Жатыпалдының сасып кеткен сарказмы десеңде — оларды қолдануды Уішіпөлгендіктер(дәруіш) онсызда шала тілімізді алалайтын арамшөпке айландыруда :-( Қалжыңның орны жоқ кезде — Бәдіктік
Ahi
Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін Тараз жерінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп.
Әулиелі екенін қайдан білдіңіз?
Әулиелі Әулиеата өңіріне аяқ басқан адамның бәрі ең алдымен осы кесенеге келіп, тәу етпей кетпейді.
А'узубилләһ! Тәу (тәуәф деген сөзден шыққан — белгілі бір нәрсені ұлықтап айналу) етпеймін мен оған! Және соны насихат етемін! Себебі тәу ету — құлшылық, ал құлшылықты Алладан басқа ешкімге арнауға болмайды!
Айтулы аңызға құлақ түрсек, Айша бибі киелі Түркістан жерінде жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік қосақ болуға уағ­даласады.
Түркістан киелі екенін қайдан білдіңіз?
Бүгінде Айша бибі кесенесі бір шаранаға зар болып жүргендердің тәу етіп келетін қасиетті жеріне айналған.
Ақымақтар бала береді деп келіп жүр-ау… Бала түгел бір масаның сынық қанатын да бере алмайды ол.
KILYZAMAN
Сәл ғана ойлансаң осыны жазбас едің… Мұндағы әңгіменің өзегі сәулет өнері жайлы. Жаратушының пендесінің қиялғада,қолөнерінеде шеберлігі. Сірә бақилықтан ешкім қашып құтылмаған. Бірақ, тіршілігінде алланың құлы бола жүріп өзінен кейінгілерінің жүрегін жаулап алған, өнеге болған бабаларды дәріптегеннің несі айып?
Олардың алланың сүйікті құлы болмағанаына дәлелің барма?
TERISKEI
«Алла дегенді үлкен әріппен жазыңыз» ©
KILYZAMAN
Жүрегімдегіні өзі көріп алады…
Ahi
Керісінше, сіз сәл-пәл ойланғаныңызда және Аллаға серік қосудың қандай ауыр күнә екенін түсінгеніңізде бұлай жазбас едіңіз!
Сосын белгілі бір тұлғаның әулие екенін бекітетін адам оған дәлел әкелуі шарт, әулиелігін жоққа шығарған адам емес.
тіршілігінде алланың құлы бола жүріп өзінен кейінгілерінің жүрегін жаулап алған, өнеге болған бабаларды дәріптегеннің несі айып?
егер шынымен тіршілігінде Алланың құлы бола жүріп, өзінен кейінгілерінің жүрегін жаулап алған, өнеге болған адамдарды дәріптегіңіз келсе, неге пайғамбарымыздан, сахабалардан бастамайсыз?
KILYZAMAN
Мен емес — дәріптеуші… Мен жеткізушімін(мақала менікі емес болсада). Ал кесененің барлығы-ол пенденің(қай-қайсысы болмасын) кезіндегі нарлығы. Ал енді оны жоққа шығаруға тырысуың күнә! Олай аллаға жағам деуіңнің орны түсініксіз. Уағыз айтудың да орны бар емеспе?
edige
Мен ол кісіні түсінуім қиын, рухани құндылықтар туралы айтылып отырған жерден де дақ тапқан соң тәйірі…
JAKO
Өз басым Қилеке, сіздікені дұрыс деймін.
Zilola
Вики апамның айтуы бойынша
Баба Түкті Шашты Әзіз әулие кесенесі Созақ ауданы (Құмкент ауылы) тереториясында орналасқан, құнды саналатын тарихи мұнаралардың бірі — Баба Түкті Шашты Әзіз мазары. Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ жерінде орналасқан Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі бүткіл қазақ жұрты қиын қыстауда табынатын, жауға шапқанда ұрандататын киелі әулие болған. Күш атасы Қажымұхан додаға түскенде: -«Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіздің рухы қолдай гөр»-деп сыйынған.

Баба Түкті Шашты Әзіздің есемі «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Шора батыр» жырларында жиі айтылады. Алтын ордаға билік жүргізген Едіге би Шашты Әзіз әулиені өзінің түп атасы санаған. Сондай-ақ тарихи деректерде Баба Түкті Шашты Әзіздің есімі Орта Азия, Қазақстан жеріне Ислам дінін уағыздаушы болып саналатын Ысқақ бабтың замандасы, үзенгілес сереге ретінде жиі айтылады.
Алпамыс жырында Алпамыс дүниеге қашан келгенін білесіз бе? Әке-шешесі тап осы әулиеге түнеген соң
TERISKEI
Асыл туған жерім-ай! Сенің есімің Вики апамның аузына да ілігіпті-ау!!! Зилола ханым, сағынышымды ояттыңыз, рақмет!!!
Ahi
Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ жерінде орналасқан Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі бүткіл қазақ жұрты қиын қыстауда табынатын, жауға шапқанда ұрандататын киелі әулие болған. Күш атасы Қажымұхан додаға түскенде: -«Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіздің рухы қолдай гөр»-деп сыйынған.
баба түкті әзіз табынуға лайық емес, ол ешкімге көмек бере алмайды!
Zilola
көмек бермесе табынбас еді ғо. Демек септігі тиген да
konvict
Исаның басына түнеп көріңдер. Ол пайғамбар ғой. Көмегі өзгелерге қарағанда өтімдірек болар.
Менің моламды табынатын орынға айналдырмаңдар © Мұхаммед(с.ғ.с)
Zilola
Сосын талай ғасыр бұрын бақилық болып кеткен аталардың есміз үлкен әріппен жазып, олар жайлы жаман нәрсе жазуды доғару керек. Сөзіңіз ауыр тиіп кетеді, дүниеден өткен кісі ғо, тиіссеңіз бізге (тірілерге) тиісе беріңіз!!!
KILYZAMAN
Онанда Уәкаш ата жайлы аңыздың шын өтірігін айта отырсаңшы. Құдық неге соншама биікте тұрғаны жайлы дегендей…
Zilola
шабылған басы меккеден бірақ шыққан деген рас па?
Ahi
Анық өтірік!
Zilola
Укаш ата да исламды таратушы болған ғо (кәпір емес), неге өтірік?
Ahi
Мен оны кәпір дегенім жоқ қой. Басы Меккеге түскенін айтып жатырмын өтірік деп!
KILYZAMAN
Бұл мола — ал енді, өнерді қайда жібересің? Табынушылық деп саңғытпай, бақилықтарға жасалған құрмет деуге келмейме?
Ahi
Түктіден бала сұрау, тәу ету — оған деген құрмет емес, оларды қорлау. Түктіңнен де дәрежесі жоғары болған Иса пайғамбардың өзінен Алла Тағала Қиямет Күні оған табынғаны үшін сұраққа тартады. Ол туралы Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһ: “Әй, Мәриям ұлы `Иса! Сен адамдарға: «Мені және анамды Аллаһтан өзге екі тәңір етіп алыңдар», — деп айтқан ба едің?”, — дейді. Ол былай айтады: “Сен пәксің! Оған құқығым болмаған нәрсені мен қалайша айта аламын? Егер солай айтқан болсам, онда оны білетін едің. Сен менің жанымдағыны білесің, ал мен Сенің Жаныңдағыны білмеймін. Расында, Сен – көместерді Білушісің! Мен Өзің әмір еткен нәрсеңнен басқа оларға ештеңе айтпадым: «Менің де, сендердің де Раббыларың – Аллаһқа құлшылық етіңдер!» Араларында болғанымда, мен оларға куә едім. Ал Сен мені алып кеткеніңде, оларға Өзің бақылаушы болдың. Сен – әр нәрсеге Куәсің!”» (Мәида сүресі, 116-117-аяттар).
konvict
Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін Тараз жерінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп.
Бұған әулие деп те қосар едім.
Шын, мен отырмын ғой!!! ))))))))))))
qisyq
@Abilakim, бензині бар балаларды осында жібер, точно керек болады қазір…
konvict
Кімге боқ жағып берейін?
Arhun
Пай, шіркін неткен Айша бибі кесенесінің алдыңғы көрінісі сұлу еді! Керемет!
konvict
Хехе, мына жерге гугл арқылы келдім. бірінші бетке шығып тұр да ше