Фотоаппараттың флеш-жадындағы суреттер

Қолыма фотоаппарат тисе, не болса соны түсіре беретін әдетім бар еді. Сонда не үшін дейсіңдер ғой. Жай. Үйге келген соң, флешкісін ноутбукқа салып, суретке түсірілген заттардың ұсақ-түйек детальдарына қарағанды жақсы көремін да )) Бірдеңені ермек қылу керек қой енді

Мына шыршаны Медеу жақта түсіріп едім. Ұшындағы сары шошағы аурудан ба, әлде ағаштың өзінің тұқымы сондай ма, біле алмадым.


Әрі қарай

Видео қою кодтары жаңарды

Youtube-тағы видеоларды енді жаңа, қысқартылған сілтемесімен де қоюға болады және ескі коды емес жаңа, қысқа кодымен де қоюға болады.

Мысалы мынау қысқа сілтемесін қою коды:
<video>http://youtu.be/wLwZx1hyGL8</video>


Яғни video тэгының ортасына жаңа сілтемені де қоюға болады.
Әрі қарай

Балам екеуіміздің алғашқы өнеріміз (суретке түсу)

Микеланджелоның “Адам жаратылысы” атты (The Creation of Adam)

фрескасындағы қолдар орналасуындай етіп, суретке түсіп көрейік дедім.

Суретті түсірген жұбайым Әсел, қолдардың иесі Алихан және өзім.

Суреттер саны 5-еу, Алиханның іс-қимылдары әдемі болып шыққан сияқты.

+ + +

Фрескаға түсу сәтіміз
Әрі қарай

Ойын - Фотожұмбақ

Мына мешітті таныған адамның қалтапонына 1000 бірлік
Қайдан көргенін жазса болды, ешқандай көмек бере алмаймын, бірден танып қоюларың мүмкін.

мынау көрінбей қалған жағдайда
(2774.82 Kb, 4000x3000)
Әрі қарай

Елге барып қайттым... Жақсы және жаман...

Пазитив:
Той басталды ауылда, той басталды,
Тәтті тілек айтылсын ойлы-асқарлы.
Бұрын соңды болмаған Мақтаралда,
Гүрілдеген, дүрілдеген, той басталды.
Бәйге аттар ортадада ойқастады,
Сері жігіт сұлу қызға ой тастады.
Бұрын соңды болмаған
Әрі қарай

Алматыда автобуста жүру құны өсуі мүмкін

Бензин бағасының көтерілуі салдарынан Алматыдағы автобустарда жүру ақысы 100 теңге болуы мүмкін. Бұл жағымсыз жаңалықты 31 арна айтты.

«Есептеп көрдік. Жоқ дегенде 100 теңге болуы керек. Қазір «солярка» 88-90 теңге болып тұрғанда, жол ақысы 100
Әрі қарай

БҰТтан шықты


Елімізде ҰБТ басталғалы бері қызу пікірталастар болып жатыр. Біреулер арнау шығарып та үлгерді, құттықтаулар деген секілді.
Ал емтихан күндері біздер қызу жұмыста болдық. ҰБТның бір «бұтын» тіреп тұрмағанмен, барып кел, шауып кел қызмет
Әрі қарай

Қолөнер: кесте тігу:)

Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
АКА қыздың өнерін,
Тамашалап қарайық.
Қателігі болып жатса,
Дұрыс жолға салайық,
Өнері егер ұнап қалса,
Қолпаштап бір қояйық!  
Әрі қарай