@Altygradus Жанна ханымның сыйлығы

Керекте әр кезде әр түрлі тақырып мода болады Эстафеталар, балалық шақтағы суреттер немесе айтыс деген сияқты… Енді кезек қолөнер болып тұр
Мен өзімнің ешқандай дүниеммен мақтана алмаймын еді, қолдан келмеген соң сол ғой. За то маған Жанна күшті сыйлық дайындап қойыпты. Сыйлық болғанда қалай енді, өзім напросилась. Суретін сіздерге іліп жатырмын.


Міне, осындай шедеврлар жасайды құр қарап жүрмей біздің @Altygradus

P.S. Сыйлық өзіме жетпеді әлі, Жаннаны қатты күтіп жүрмін
P.S.S. Сыйлық алған керемет қой, әсіресе, ол саған арналып жасалған болса Осыдан біраз бұрын @Erkekyz спец. заказбен тоқымасын сыйлады. Оның суретін келесі серияда көресіздер
Бөлісу:

46 пікір

madlen
Жанна, өзің суреттерді ілем дегенше қай заман
Erkekyz
Жанна, ваай күшті ғой. Бисер ме? Менің үйренгім келіп жүрген еді осы бисерді, бірақ түк түсінбей қойдым. Уақытың болса үйретсенші деген ба.
Мадлен, тезірек сыйлық жетсін деп тілеймін.
Altygradus
рахмет Еркеқыз. Инш көрсетемін. Схемасын іліп, сосын поэтапно тізгенімді суретке түсіріп Инш жамамақпын. Видеоға дейін дами қоймадым әлі
Aizhantabyn
хехе, бір апта өтті, жаным)))))))))))
Altygradus
хахаха сенің шантажың іске аспай, әнііі-міні деп жүргенде Мадлен қатырды.
ии қайдасың өзің, сағындым
Пікір түзетілген: 25 маусым 2011, 08:50
VKM
Күүүүшті!)Жанна-искусница)
Altygradus
бұлар сүйтед енді
өзімше мақтанып ілейін деп ем
қолөнер эстафетаға жақсы болд Рахмет Мадлен жақында ілмес едім
размерін жөндеу керек, тым үлкен ғып жіберіппін саусаққа дәлдеу керек Инш, қаз уақыт болмай кетті. Өткенде стартты жақсы бастап едім, ол кезде бисер болмад дені дүрыс. Инеттен заказ бергем, келді олар, тұр. Енді уақыт жоқ. Арғы апта кірісермін
Сосын фотигім ұнамай қалды. Зумы жақсы емес екен, ұсақ схемасын көрсетейін дегенге онЧа емес сияқты, әрі бері түсірдім де ұнамады
satibaldi
Фудзияма етегінде пәтер жалдап тұрғаныңыз текке кетпепті, енді намысым мен сегуным Сізге қызмет етпек, қабыл ал, сушисстің.
Altygradus
Фудзияма етегінде пәтер жалдап тұрғаныңыз текке кетпепті
 "құлап жатқан суретім"
VKM
аха, сондай сөзді қайдан алады екен… в тему)))
AKY
Уаааау! Жанна! Мен… Сендікпін!

Қалай сонда, моншақ құсатып тізе ме? Анау кигізетін жері металл ма әлде не? Арнайы қаңқалары бола ма әлде?
Пікір түзетілген: 10 маусым 2011, 01:06
Altygradus
жоқ қаңқасы жоқ. Схемамен тізіп шығасың, жіпті айналдыра айналдыра.
Еш металл жоқ, тек моншақтар мен нейлон жіп қана.
Екі қабат мында моншақ, астында бір қабат бар тағы. Бірі түссіз, үстіне көгілдір түсті жібердім
AKY
Аа. Қатты болып тұра ма? Әлде бос па сақина? Былай-былай иіле бермей ме?)))
Altygradus
қатыруға болады негізі арасында сым кіргізіп.Бірақтан да қазіргісі де жаман емес. Үсті түзу келіп тұрса болғаны. арасын бос қылмай дәлдеп тізіп шықса, сонда өрнегі жақсы шығады.Петля(?)ларын дұрыс алып отырса қиын емес. Қаттаға жақын боп шығад өрнек жері.
Ал қолға киетін жері менде жұмсақ боп шықты.Мүмкін қолданған моншағым (бисер)сәл үлкендеу болғасын шығар, негізі кигізетін жеріне 1 мм ұсақтарын пайдаланатын сияқты мендегісі 2 мм, содан біраз саусақтан шешкенде қолға тағатын жері біркелкі боп көрінбит. Ұсақ бисер болса, онда шешкенде де біркелкі көрінетін шығар деп ойлайм.
AKY
Мм, рахмет, толық жауапқа. Не де болса, керемет дүние екен. Петля — ілгек шығар.
konvict
Уаааау! Жанна! Мен… Сендікпін!
Бесіншіден?
Dinara
Жанна күштіііі, Мадленнің арманы жоқ қой  
Бір жүзік қанша күнде дайын болады?
Altygradus
бисер бәрі болып, бір отырып жасаса, 2-3 сағат көлемінде жасап тастаса болад негізі
asaubota
мақаланың жалғасын каттың астына салсақ?
madlen
қанша жасап көрдім, менде ешқашан дұрыс шықпайды, шынымды айтам.
Aikona
Жанка өнерін тығып жүріпті ғой
Zilola
өнер деген маржан ұқсап жатыр екен ғо тереңде
өнерлерің болса көрсетіңдер, көрейік, үйренейік, бағалайық
TOTY
Жаннаның сегіз қырлы, бір сырлы екенін білмедік қой...әйтпесе, өткенде көргенде тапсырыс берер едік… бижутерия деген слабость менде...
Zilola
әсіресе моншақтан жасалса деси
manfan
Қандай әдемі… менің осындайларға дым икемім жоқ қой (((((((((((((((
patick
әдемі… саусақтар
Dzhuli
әдемі… саусақтар 

келісемін!  әдемііі сақинасы бар, әдемііі саусақтар!
Makhabbat
Жанна «дым істей алмаймын»- деп журіп,өзің шебер екенсің гой…

Әр турлі бисерден әр турлі сақина жасап алып, көйлектің туріне қарап тагуга болады екен…
Dinara
Жанна еще салпылдақ ұзын сырғалар да жасайды  істемейтіні жоқ ол қыздың
TERISKEI
бравоооо! Әне, менің қайынбикемнің қолынан не келетінін қараңдар! сіңлісі, үйренівал, артықтық етпес Ризамын, еңбегіңізге сәттіліктер, Жанна ханым!
AKY
Әне, менің құдағиым қандай!
Altygradus
мя, осы керекте талай туыс таптым, сестренка бар, бірнеше баурым бар, күйеу бала да пайда болып,қайынбике де болдым Енді міне сол арқылы құдағи да, не деген керемет
qisyq
Тәәәк, күйеубала, жөнге келе бастаған сияқтысың…
VKM
Мына тақырып әбден қызықтырып болды, Жанна.Наборға тапсырыс алшы,ұзын сырға мен жүзік+ браслетке.Бірінші сатып алушың болайын)
Altygradus
МЯЯЯЯ Чынмен ба??? қатты қуанып жатырым, біреулерге мұндай нәрселер ұнағанына
«супееер мупееер қуанып жатқан суретім»
жүзіктен бұдан басқа тағы 5-6 қана модель жасай алам әзірше…
сырғадан 1-2 түрін ғана, ал білезік жасап көрмедім әлі, өзім аса көп тақтпағасын, мен тағы біраз мащықтанайын онда
кейін қызыққан моделің, сосын түсін таңдасаң болады Инш
VKM
Жанна,өзің қарашы: жазғы ұзын сарафанмен осындай бижутерия келеді.Түсін ойланамын, сосын жазамын ғой жекеге
Erkekyz
мен де, мен де берейінші, ұзын сырғаларды жақсы көрем Түсін бірден айта кетейінші, қара немесе көк. Екеуі де болса бола береді
Altygradus
хихи ок
VKM
Жанна, ана Фудзияма жақтағы пәтерінде© перестановка жасап жатыр, себебі бижутерия шығаратын цехты қай жерге орналастыратынын білмейді.
Altygradus
ой бар ғой шынымен ұсақ бисерді шашып ит болдым
Makhabbat
менде әр турінен 5-6 сақинага тапсырыс берем
madlen
Жанна, саған жарнама жасап жіберіппін ғой