БАРАК ОБАМА: Келесі жылы осы менің орнымда басқа адам тұрады, ол келіншектің аты кім болады екен?

Мамырдың 1-нде АҚШ қазіргі президенті Барак Обама жыл сайынғы тілшілер қауымдастығымен соңғы салтанатты кешін өткізді.
Бұл қауымдастыққа тек қана журналистер емес, сонымен қатар танымал саясаткерлер, Голливуд жұлдыздары, басқа да елдің көзіне түсіп жүрген белгілі кісілер қатысады. Ол жиында президент құрғақ шөппен баяндамамен тойғызып қоя бермей, керісінше, барынша ашық, жайдары, тіпті көңілді сөз сөйлеуі керек. Биылғы жиын ерекше болғанға ұқсайды. Саясаткерлер, журналистер, әсіресе пиаршылар мен спичрайтерлер ауыздарының суы құрып талқылап жатыр.
Жарты сағаттық сөз сөйлеуінде Обама ағай ішекті армансыз қатырыпты.
Сайлауға түсіп жатқандарды, қазіргі әкімшілігіндегілерді, өзінің отбасын, өзінің қаранәсілділігі туралы әзілдері енді… Жиналғандар іштерін ұстап, аунап жатыр ғой. Өзінің қалай жұмыс іздейтіндігі туралы да айта кеткен. Ол үшін арнайы ролигін де жасапты.
Сонымен, әзілдерін аздап аударып ұсынып отырмын. Мүмкін жымиярсыз )

— Айтпақшы, Трамп қайда? Соншама не тындырып жатып, келе алмай қалды? Бірақ, біздің кешкі асымызды ол менсінбейтін де шығар. Оның орнына Ангела Меркельге тиісіп, твиттерде отыруды жөн көрген болар. Трамп-стейктерін қылғытып отырған шығар үйінде.
— Кешігіп келгенім үшін кешірім сұраймын. CPT-де сөз сөйлеп едім (қара/қоңыр нәсілділердің каналы). Онда ақ адамдардың естуіне болмайтын әзілдер айтылды.
— Келесі жылы осы менің орнымда басқа адам тұрады. Ол келіншектің атын айтайын ба?
— Осы Мишель (әйелі) қартаймайды ше! Осыдан 8 жыл бұрынғы түрімізді қараңдаршы (екеуінің суреті көрсетіледі, ол жерде Обама жастау). Кейін не болып кеткенін көріңдер енді (басқа суретте Мишель сол қалпы, ал Обама шашы ағарып кеткен). Мынау — осыдан екі апта бұрын (суретте Обама — скелет)
— Менен осы барлығы қашады… кеше естіген шығарсыңдар, біреу дуалдан өрмелеп кеткенін. Бірақ секьюритиім мақтауға лайық — Мишельді ұстап алып, өзіме қайтарды.
— Осы Берни ше (қаржыгер, демократтардың беткеұстары және әмияны сияқты бір керемет) — түрі құдды миллион бакс. Әлде қалай еді… сенің тіліңмен айтқанда — 27 доллардан жиналған 37 000 адамның садақасы сияқтысың.
— Бернидің сайлауалды слоганы күшті болды — FEEL THE BERN (естілуі — ЖАЛЫНДЫ СЕЗІН — дегенге келеді) — жастарға жақсы өтті. Ал Хиллари не істеді? Оның жастарды өзіне қаратқысы келген әрекеті — бір егде туысқаныңыздың фейсбукте сізге жазылғаны сияқты. «Менің түрткенімді (подмигивание) алдыңыз ба?», «Менің жазғандарым көріне ма?».
— АҚШ екіпартиялы жүйесі туралы: Мүмкін сіз етті де, балықты да жек көретін шығарсыз. Бірақ біреуін таңдап алуға тура келеді.
— Трамп туралы: Барлығы соның сыртқы саясатта дым қақпайд деп айтады. Далбаса сөз ол. Мен білем ғой, Швеция миссімен, Аргентина миссімен, Әзірбайжан миссімен де кездескенін оның.
— Енді бір жарты жылда мен ресми түрде бейбақ атанам. Республикандықтардың лидерлері менің қоңырауыма жауап бермейтін болады.
— Президенттік мерзім аяқталған соң не істеймін. Мишель екеуміз осы Колумбия жағалап тағы 1-2 жылдай жүреміз деп шештік. Қызымыз мектебін бітіреді. Мишель өзінің сәбіздеріне кірісетін болдым деп мәз. Ал мен болсам сіздердің мені LinkedIn-дегі (жұмыс берушілер мен іздеушілердің отыратын әлеужелісі) достығымды қабылдауларыңызды күтем.

Ары қарай Обама байсалдылау сөзін сөйлейді — алғыстарын, тындырғанын айтып, тілектерін жеткізеді.
Обаманың мерзімі 2017 жылдың қаңтарында бітеді.

Біздің қатысымызда осы шара, отырыс туралы не айтуға болады?
Өкінішке қарай, біздің президент егде кісі болғандықтан олай істемейді деп ақталмақ болсақ та, жастау келген министрлеріміз жасына жетпей кісі болып қалғандар. Олар өзі туралы да, әріптестері туралы да әдемі әзіл айтып үйренбеген, ондайды елестете де алмайды. Сосын видеодан көре аласыз — Обама журналистердің атын атап, солармен де әзілдеседі (оның аудармасын тым түсініксіз болып кетеді деп ойлап, жасамадым). Біздің басшылар тек казправданың бас редакторының атын білсе рахмет. Қазақ журналистері туралы тіпті де сөйлемей-ақ қояйын.
Екінші жартысында Обама өзі туралы түсірген ролигін көрсетеді — жұмыс іздеп жүргені туралы қиялы. Ал енді біздікілер солай істеп көргенін елестетіп көріңіз :) МҮМКІН ЕМЕС!

Осындай күнді армандап… сол…
Осы блогты бір министр әлде басқа шенеунік көрсе, айтарым: күліңіздер, әзілдеп үйреніңіздер!

Әрі қарай

Стақан соғыстыратын "бәжөк" керек (кәрі қыздарға көөп көңіл бөлінеді)

Оқу бітіруге таяған сайын жеңгелер баяғы әдетімен күйеу бала бар ма дей бастайды, ал жезделер «бәжөк» қайда стақан соғыстыратын деп қоймайды. Қайдағыыы,,,, ешкім жоқ. біреуі тым оқымысты, біреуі футбол ойнай алмайтын лох, біреу щешесс ден басқа сөз білмейтін мияу. Оларға қайдан қарайсың, ЖОО бітіріп алып щешесс деп жүрейін сол. Жә, оларды қойшы. Қоғамда негізі кәрі қыздарға көөөп көңіл бөледі. Олар кіріп келсе бәрі жалт қарайды, күлімдеп, мейірлене қалса біреуді тапты ма екен деп, ватцабына намек видео, фотолар жібереді, құрбы, құрдастары тек соны ғана әзілге тығып, күлдіріп отырады. Тағы сондай нәрселермен кәрі қыздарды «жұлдыз» қылып қояды. Содан кейін сол «жұлдыз» борлып ырбиып жүре бергің келеді, әрине. Мысығымен бірге мияулап жүріп, уақыт қалай өткенін білмей қалады. Сөйтіп, көзіне жас алып, мысығын жерлеп, заттарын жинап, өзі қарттар үйіне қарай асықпай аяңдайды.
Ал былай болса ше, кәрі қыздарға обращение азайтсақ ше, (олар да адам) бірақ отбасы болып, бала туғаны жақсы ғой. Достарыма айтып қойдым, отырып қалып жатсам менімен араласпай кетіңдер, сонла күйеуге тиіп кетем, ең болмаса араласатын орта табу үшін деп ))))) «КӘРІ ҚЫЗ» атану тағдыр емес, ол диагноз!!!Блог - Nura: Стақан соғыстыратын бәжөк керек (кәрі қыздарға көөп көңіл бөлінеді)
Әрі қарай

«Жарқын болашақ» олимпиадасының 42 жүлдегеріне еліміздің жоғары оқу орындарының білім гранты табысталды

Блог - asaubota: «Жарқын болашақ» олимпиадасының 42 жүлдегеріне еліміздің жоғары оқу орындарының білім гранты табысталды

«Жарқын болашақ» олимпиадасының 42 жүлдегеріне еліміздің жоғары оқу орындарының білім гранттары табысталды. Бұл туралы бүгін «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалі барысында «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте айтты.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі ғажап тіл, тек біз оны насихаттай білуіміз керек», деген сөзін ту етіп, жыл сайын «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өтіп келеді. Бұл олимпиаданы өткізудегі басты мақсат — мемлекеттің мәртебесін көтеру, қазақ және өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, оларға ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, тарихымызды бойына сіңіру арқылы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру болып табылады», — деді ол.

Оның атап өтінше, биыл 8-ші рет өткізілген «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына еліміздің түпкір-түпкірінен 5 мыңға жуық дарынды жастар қатысып, 172-сі жеңімпаз атанған және олардың 42-сіне жоғары оқу орындарының білім гранттары табысталған.

«Осы жолы олимпиадаға бірінші рет Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Алтай өлкелерінен келген қандастарымыз қатысты. Кіндік қаны тамған жерге келген бірқатар қазақ баласына да жоғары оқу орындарының гранттары бөлініп, оларға Атажұртында білім алуға жағдай жасалды», — деді Д.Өте.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Жерге қатысты 9 сұраққа - 9 жауап

Блог - asaubota: Жерге қатысты 9 сұраққа - 9 жауап

— Жердің тиімсіз пайдаланылуы деген не және ол қалай бақылауға алынады?
– Ауылшаруашылық жерлерін тиімсіз пайдалану жердің оның топырағының құнарлылығының біршама төмендеуіне әкелетін тәсілдермен пайдаланылуын немесе жердің мүлдем пайдаланылмауын білдіреді. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерді тиімді пайдалану Ұлттық эко­номика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекі­тілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ере­желері арқылы реттеледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер­лерді ұтымсыз пайдалану деректері жерлерді пайдалану мен қорғауға мем­лекеттік бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталады. Мұндай фак­тілер анықталған жағдайда бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға жер­ді алып қоюға дейінгі әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.
Ауыл шаруашылығына арналған жерлердің тиімсіз пайда­ланылуы анықталған жағдайда мемлекеттік органдар тарапы­нан қандай әрекеттер жасалады?
– Егер бір жыл ішінде жерді пайдаланушы жер телімін тиімсіз пайдаланатын болса, онда оған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарым жіберіледі. Егер жыл өткен соң жағдай өзгермесе, онда жергілікті атқарушы органдар сотқа аталған жер телімін қайтарып алу туралы талапарыз жібереді.
Аукционға қатысуға кімдер құқылы? Сауда-саттыққа шетел­дік инвесторлар қатыса ала ма?
– Аукционға ел заңнамасында қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мен заңды тұлғалары қатысуға құқылы. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің сауда-саттығы бойынша аукциондарға қатыса алмайды. Шетелдік инвесторлар, сонымен қатар, шетелдік азаматтар тек ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер телімдерін 25 жылға дейінгі мерзімге жалға алу құқығы ұсынылатын конкурстарға ғана қатыса алады. Шекара маңы аумағында шетелдіктерге қандай да бір жер телімін сатуға мүлдем тыйым салынған.
Неліктен шетелдіктерге жерді жалға беру мерзімі 25 жылға дейінгі уақыт аралығы деп белгіленді?
– Себебі, ауыл шаруашылығы табиғи факторларға тәуелді көп салымды қажет ететін өндіріс болып табылады және оның өндірісі маусымдық сипатқа ие. Өнеркәсіптік өндірістен айырмашылығы, жермен жұмыс істеу оған салынған қаржы салымдарының орнын аз толтырады және алғашқы 15 жыл оған жұмсалған шығындарды ақтауға кетеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер телімдерінің жалға берілу мерзімі 25 жылға дейін деп белгіленді.
– Әрбір нақты жер телімінің құны анықталды ма?
– Әрбір нақты жер телімінің құны жер телімдері үшін базалық төлем ставкаларына сәйкес анықталады. Базалық ставкаларға жер телімінің сапалық жай-күйіне, оның орналасуына, сумен қамтылуына, қызмет көрсетілетін орталықтардан қашықтығына және т.с.с. байланысты түзету коэффициенттері (оны төмендететін немесе жоғарылататын) қолданылады. Мәселен, жер телімі елді мекеннен, инфрақұрылым нысанынан неғұрлым қашық болған сайын, оның төмендететін коэффициент соғұрлым төмен болады.  Бұлайша есептеу әрбір жер телімі бойынша жеке жүргізіледі.
Аукцион арқылы сату кезінде жер телімінің құны бірінші кезекте жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын көтеруді қарастыратын аукцион арқылы анықталады. Мұндайда егер екі аукцион қорытындылары бойынша жер телімі сатылмаған жағдайда, ол жер телімінің бағасын кадастрлық құнынан белгіленген ең төменгі шекке дейін (кадастрлық құнынан 50 %-на  дейін) төмендетуді қарастыратын аукционға қойылады.
– Жер телімдерінің сатылуынан түскен қаражат қайда келіп түседі және олар қалай жұмсалады?
– Мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер телімдерін жекеменшікке сатудан түсетін қаражат Ұлттық қор есебіне аударылады және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында, яғни бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
– Адал тер төгіп жүрген жалға алушының жерін бай инвесторлар тартып алып жүрмей ме?
– Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер қазақстандық­тарға 49 жылға жалға беріледі. Егер жалға алушы жалға алған жер телі­мін сатып алғысы келсе, онда ол бұл жерді сатып алуға ең бірінші кезек­те құқылы болады. Мұндайда жерді сату аукционсыз – жеңілдікпен (50%-ға)  және оның құнын 10 жылға бөліп төлеумен жүргізіледі. Алайда, бұған жерді жалға алушы оны өз мақсатында пайдаланса ғана жол беріледі.
– Сатуға нақты қандай жер телімдері қойылады?
– Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар жекеменшікке сауда-саттық арқылы бүкіл республика бойынша 1,7 млн. гектар ауылшаруашылық жерлерін сатуға шығаруды жоспарлауда. Тек Астана және Алматы қалаларында бұлай емес, себебі, аталған қалалардың бас жоспарында ауыл шаруашылығын дамыту қарастырылмаған.
Қазіргі кезде барлық аймақтарда 1 шілдеден бастап ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жерлерді жер заңнамасына енгізілген жаңа түзетулер бойынша сатуға шығару үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Шетелдік азаматтың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін жекеменшігіне алуға мүмкіндігі бар ма?
– Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін шетелдік азаматтардың жекеменшігіне иеленуіне жол берілмейді. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24-бабының 1-тармағына сәйкес шетелдіктер, сондай-ақ, жарғылық капиталындағы шетелдік­тердің үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруаш­ы­лығы мақ­сатындағы жер телімдерін 25 жылға дейінгі мерзімге жалдау шарт­тарымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иеле­не алады.
Әрі қарай

Астанада 1 мамырда өтетін мерекелік шаралардың кестесі

Астана жаңалықтары: Астанада 1 мамырда өтетін мерекелік шаралардың кестесі

1 мамыр

10.00 «Татулықтың тал бесігін тербеткен» концерттік бағдарламасы
«Атамекен» Қазақстан Картасы»этно-мемориалдық кешені

11.00 А.Хайт «День рождения Кота Леопольда», ертегі
М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

12.00,14.00 «Біз бәріміз, бір елміз!» концерттік бағдарламасы
Қуыршақ театры

18.00 «БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА!» мерекелік концерті
«Астана Опера» МОБТ

18.00 А.Цагарели «Ханума», музыкалық комедия
М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

19.00 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Саят Медеуовтың “Отаным менің” концерті
Конгресс-холл

Халықтық серуен форматындағы ашық алаңдарда өтетін шаралар


10.00-20.00 Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт пен халықтық серуен
«Қазақ елі» монументінің алдындағы алаң

10.00-23.00 Ашық алаңдарда өтетін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар
Қалалық алаң

10.00-23.00 Ашық алаңдарда өтетін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар
«Бәйтерек» монументінің алдындағы алаң

10.00-18.00 Ашық алаңдарда өтетін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар
«Студенттік» парк

12.00-15.00 Ашық алаңдарда өтетін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар
Есіл өзенінің жағалауы

2 мамыр

09.00 «Сәлем Астана!» балалар шығармашылығының республикалық фестивалінің гала-концерті
«Жастар» сарайы
Әрі қарай

Керек-Ринг ойынан фотобаян

Астаналық фотограф Саламат Аязбай түсірген суреттер.

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Ойын басталды

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Жүргізуші Мерей Ермұхановқа командалардың жауабы ұнап жатыр

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Бақсы командасы қарсыластарының жауабына риза

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Түрлі ұлт өкілдерінен құралған Интер командасы сұрақты талқылауда

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Қыздардан құралған команда соңына дейін таласты 1-орынға

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Ерлан Оспанның командасы қызу талқыда

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Ая мен Райымбек қиын сұраққа шешім іздеуде

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Қатаң ұйымдастырушылар

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Бақсы командасы — жеңімпаз!

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Интернационал!

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Ойын күні танысып, команда құрған жаңа достар

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Админ

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынан фотобаян
Достық жеңді әлбетте! ;)
Әрі қарай

Көңілдестерім. Cыныптасым Ержан

Блог - Juka: Көңілдестерім. Cыныптасым Ержан
Алдыңғы жылы мектеп бітіргенімізге 15 жыл толуына орай ауылға барып, сыныптастар болып бас қосқанбыз. 15 жылда кім неге қол жеткізгенін айтқызбай-ақ сыртқы түрлерінен сезіп жатырмыз. Мектептен әріп танып, жазуды үйреніп шыққанына ғана шүкір етіп шыққан кейбір тақтай ми сыныптастардың кейбірі ат тізгінін қолға алған маңызды адамдарға айналған. Бүгінгі күні ескіріп, сарғыш тартқан ескі суреттер секілді өз бояуын жоғалтып алған бір кездердегі сұлу қыздар да кездесіп жатты. Соңғы парталардың бірінде өз-өзімен бейғам отырып, елеусіз сыныпқа кіріп, елеусіз күйі шығып кететін, мыңқ етпей отыра беретіндігін қызық көріп шашынан тартып қалған балаларға жабайы мысықтарша шарылдап, көзі шапыраштанып кететін сүйкімсіз қыз сол күйі бір жігіттің мейіріне бөленбестен, жігіттен хат алып жүрек шымырлау секілді тәтті сезімдердің не екенін білместен мектеп бітіріп, мүлдем алыс қалаға бәрінен жырақтап кетіп қалған еді. 15 жыл өткеннен соң да бітіріп келген шаруасы жоқ, не күйеуге тимеген, не бала тумаған – соқа басы сопайып Жука өзі келді.

Досым деп сыр бөліскен бір қыздың болмағанына, сыныптасым деп біреуінің іздемегеніне қапаланғаным да жоқ.
Өзгеріп кеткенімді көбі айтып жатты, алыс қаладан келгеніме бола ма, әлде шынымен сағынғандары ма білмедім, қол-аяғымды жерге тигізбеді. Үйленіп ажырасып кеткен кейбір жігіттердің көздері мөлиіп мен жақты сүзіп жүргенін сездім. Үйленіп бала-шағалы болса да, мектеп кезіндегі гитаристігін әлі абырой көріп мені сындырып қалуға талпынып жүрген жігіттер де табылды. Қайта-қайта вальске шақырып, тершіп кеткен дымқыл бетін бетіме тақай жүріп, қара жұмысқа икемделіп кеткен күректей қолымен әр дене мүшемді түгендеп шыққан Ержанды бір бұрышта қызғаныштан салфетка тістелеп отырған семіз қатыны барына қарамастан өзіме жақын тарттым.

Мектеп кезінде тентектігімен қоса білімділігі де бар бұл жігіттің бейнесі сыңсыған әуен жүрсе талай қыздың көз алдынан кетпейтін еді, бір-біріне білдірмей ғана терең күрсінетін қыздар. Оның ауызынан өз атыңды естіп қалу өзі бір шала бақыт (себебі қыздарды фамилиясымен атайтын өркөкіректігі де бар еді).

Банкет біткен соң бәріміз Ержанның үйіне қонаққа бардық. Асүйде тыпыршып тұра алмай, мазасы кетіп әлсін-әлсін мені көзімен бағып жүрген әйелін аяу туралы ой да келмепті мен пақырға. Ашуы мен наразылығын ашық білдіре алмай жүрген әйелінің түрінен Ержанның отбасында мінезінің қатал екенін сезіп отырмын. Бойына ішімдіктің қызуы тараған Ержан енді ашықтан ашық мені қызғанып, білегімнен, белімнен ұстап қалғысы келіп айналшықтап жүрген еркектерді темекі шегуге сыртқа шақырып алып кетіп жүрді. Балалықтары әлі қалмаған.

Түннің етегі шала түрілген мезгілде, яғни таң алагеуімде үй-үйге тарастық. Шашылған үй мен жуылмаған ыдыстарға көміліп Индира қалды үйінде (Ержанның әйелі). Ержан қонақтарды шығарып саламын бізбен бірге ере шықты. Үйге дейін жеткізіп тастаймын деп мені бөлек алып кетті.

-Жука, мен сені негізі мектеп кезінде ұнатқам,-дейді. Сөзінің өтірік екенін өзінен гөрі мен анық біліп тұрмын. Ерінімнен сүйгендей болды. Сүйісуді ұмытып қалған шығар, ауылда әйелімен күн сайын сүйісіп жүрген кім бар дейсің? Компьютер сорып тастаған жұп-жұқа, жеп-жеңіл қаланың жігіттерінен жалыққан кезде осындай қара күштің құшағында уатылып кеткің келеді екен. Көгалдың дымқыл екеніне, үстіндегі ақ көйлегіне жап-жасыл шөптің бояуы жұғып қалатына қарамастан, жерге домалай кеттік. Өз тәжірибемде барымен қоса ойымда жүрсе де әлі қолданысқа түспеген махаббат әдістерінің барлығын жасап бағуға тырыстым. Сүюге болатын да, болмайтын да жерлерін сүйіп шықтым. Қолым жеткен жерінің бәрін аялай сипадым, бір уыс болып ықшамдалып, құшағына кіріп кетіп, ғажайыптың бәрін жасадым.

Блог - Juka: Көңілдестерім. Cыныптасым ЕржанӨзімшілдігінен, қатал мінезінен, бар қайратынан, ауылдағы дүрілдеп тұрған абыройынан, тіпті өз денесінен ажырап қалғандай күй кешіп бір-бірлеп күннің алагеуім сәулесіне сіңіп бара жатқан жұлдыздарға еш мағынасыз қарап жатқан Ержанның көздерінен бұл түннің есінен ұзақ уақыт кетпей, әлі талай мазасын алып, Алматыға қарай аңсары ауып тұратынан болжап та қойдым.
Әрі қарай