Алдыңғы жылы мектеп бітіргенімізге 15 жыл толуына орай ауылға барып, сыныптастар болып бас қосқанбыз. 15 жылда кім неге қол жеткізгенін айтқызбай-ақ сыртқы түрлерінен сезіп жатырмыз. Мектептен әріп танып, жазуды үйреніп шыққанына ғана шүкір етіп шыққан кейбір тақтай ми сыныптастардың кейбірі ат тізгінін қолға алған маңызды адамдарға айналған. Бүгінгі күні ескіріп, сарғыш тартқан ескі суреттер секілді өз бояуын жоғалтып алған бір кездердегі сұлу қыздар да кездесіп жатты. Соңғы парталардың бірінде өз-өзімен бейғам отырып, елеусіз сыныпқа кіріп, елеусіз күйі шығып кететін, мыңқ етпей отыра беретіндігін қызық көріп шашынан тартып қалған балаларға жабайы мысықтарша шарылдап, көзі шапыраштанып кететін сүйкімсіз қыз сол күйі бір жігіттің мейіріне бөленбестен, жігіттен хат алып жүрек шымырлау секілді тәтті сезімдердің не екенін білместен мектеп бітіріп, мүлдем алыс қалаға бәрінен жырақтап кетіп қалған еді. 15 жыл өткеннен соң да бітіріп келген шаруасы жоқ, не күйеуге тимеген, не бала тумаған – соқа басы сопайып Жука өзі келді.
11 пікір
Тек тіркелген және логинімен кірген қолданушылар пікір жаза алады
Кейіпкерлерді айтпаймын, жазушылық қабілет-керемет! %)