Уай, Аттан

Бір аптадан асты Сағынның «ұрылармен соғысына» куә болып жатырмыз. Бүгін Сағын сотқа арыз беріпті. Бірақ, Қарасақалдың әпшелері не шешім шығарып береді, ол тағы белгісіз. Өзім біртүрлі күмәнмен қараймын. Оның үстіне интернеттегі ұрлық туралы олар бұрын іс қарамаған да шығар. Күлкісі кеп, сағыз шайнап отырып қарайтын шығар.))) Жалпы Сағыннан бөлек интернеттегі елдің еңбегін ұрлау қашанғы жалғаса бермек? Сосын қашанғы жалғыз-жарым күресе бермекпіз? Жалғыздың үні шықпайды. Айтпағым, бірігіп, осы істі соңына дейін жеткізсек. Ол үшін не істеу керек?
Әрі қарай

ӨЛДІ ДЕУГЕ БОЛА МА АЙТЫҢДАРШЫ, ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНДА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН

Мәдениет – мемлекет құрушы факторлардың бірі, сондықтан осы салаға көңіл бөлмеу, ел болашағын елемеумен тең. Тарихы тереңге тамыр жайған қазақ халқының мәдениеті мен өркениеті не бір сырлар мен жұмбақтарға толы, арғы жағы дүниенің пайда болуы туралы мифологиялық аңыз-әңгімелерге келіп тірелсе, бергісін бүгінгі күннің жарқын да, жас ақындар Ақберген Елгезек, Бауыржан Қарағызұлдары сынды азаматтар жалғастыруда. Аты аталмаған ағалар өкпелемесін, өйткені менің айтпағым бүгінгі ақындардың сыры мен мұңы емес, күні кеше келмеске кетіп, өлеңдері арқылы қайта тірілген, Хан тәңірінің мұзбалағы – Мұқағали Мақатаев жайлы болмақ болмақ…

Әрі қарай

Ақтөбе - Алания. Фоторепортаж



Біз ұтылдық. Бірақ @asaubota айтпакшы пенальти — лотерея, лотереядан ұтылдық. Ақтөбе бәрібір — чемпион! Осы ойын ақыры емес, болашақта бізде әлі талай жеңістер тойланады деп сенейік! Енді ойыннан фотосуреттерді ұсынамын ағайындар:
Әрі қарай

Бастау — маған сын, қоштау — сіздерге сын

Бірнеше күндік уақытымды сарп етіп, Шымкенттің 40-тан жоғары ауа температурасында әрлі-берлі сабылып жүріп Интернеттен мақала ұрлайтын газеттердің бірі саналатын "Әйел денсаулығы" газетін сотқа бердім. Уақытым өте тығыз болды. Бірақ бастаған істі соңына жеткізбей тастап кету ол газеттің битін семіртіп жібермесін, қалай да бір істі істейін деген оймен сотқа арыз тапсырдым. Соттың барысы мен шешімді уақыты келгенде біле жатармыз.
Әрі қарай

Футболға бардық



Ия көптен күткен футбол мерекемізде өз алаңымызда жеңіліспен аяқталды өкінішке орай
Ұлым папа телебезерден көре береміз бе? Стадионнан барып көрейікші деген баламның өтінішін орындауға мәжбүр болып билет алған едім. Онымен кеше нағыз футбол болатын күні аяқ асты шаруа шығып келіншегіммен балам нағашыларына кететін болып еді. Пойызға билет болмай қалып баламның жолы болып қуанып қалды футболына бара алатын болып. Жеңіс бар жерде жеңілісте болады ғой барғанымызға өкінбейміз. Тамаша демалыс болды. Біздің жанкүйерлердің ерекше ықыласының арасында болу деген ғажап сөзбен жеткізу мүмкін емес. Футболды көбіңіз көрген шығарсыздар әңгімені көп созбайын енді, шамалы суреттермен бөлісейін:

Әрі қарай

Диагноз

Бір кісі ойнап-күліп жүріп, денсаулығына шағым айтпастан ана дүниеге кете барыпты. Көз шырымын алып алмақ болған, содан оянбай кете барған. Мәйітті дәрігер келіп тексеріпті. Марқұмның бала-шағасына мемлекеттен көмек көрсету үшін тексертпесе болмайды. Содан еш аурудың белгісін таба алмапты. Әйелінен " соңғы кезде денсаулығы бойынша шағым айтып жүр ме еді?" деп сұрапты. Анау «Жоқ» деген. Сондағы дәрігердің қойған диагнозы, заключениесі «Аңдамай сөйлеген, сондықтан да ауырмай өлген» болыпты
Әрі қарай

Соткаңыздың заряды біткен жағдайда....

«Адамнан айла артылмаған» деген бір сөз бар еді ғой. Соны сіздерге бір рет дәлелдеп берейін, егер бұны дәлел ретінде қабылдасаңыздар. Қазіргі заманда адамды ұялы телефонсыз( қалтафон) елестету мүмкін емес. Кейбірімізде қос-қостан бар. Қалтаңыздағы бір телефоныңыздың заряды өшіп қалды делік, екіншісінің заряды жеткілікті. Бірақ сізге отырып қалған телефон өте қажет.Екіншісіне ауыстырып салайын десеңіз Джиесем мен сидимейдің симкалары бір-бірін қабылдамайды. Зарядкаңыз үйде.Батарейка алайын десеңіз ақшаңыз жетпей тұр, алдын ала есептелінбегендіктен. Бұған бола еш уайымдаудың қажеті жоқ. Бұрыштан да шығуға болады жолын таба білген адамға.
Әрі қарай

"Ө" значит өтпіскі

Дүйсенбі, яғни тамыз айының 8-інші жұлдызынан бастап менде кезекті еңбек демалысы. Сіздер "Әбіләкім кетіп барады" деп қатты қуанбай-ақ қойыңыздар, себебі мен қатты қайғырып отырғаным жоқ. "Қалайша, біздің сектадан қайғырмай кету мүмкін бе?«деп ойлауларыңыз мүмкін. Әрине,»Керекинфоны" уақытша болса да тастап кету оңай емес.
Әрі қарай

науырызга дайындық

<img

бұл туындым 2003 жылы мектеп тауысқан кездегы хортынды туындым, бұнда қазақ айелдерынынг науырызга дайындалып келы мен бйдай тұйып жатқан бейнесы, ал ана ортадагы келы сап ұстаган менынг шешем еды, ол кысыны ортасына мангызды орынга қойуды жон кордым,
бұл сурет сол жылы құлжа қаласында ұнйуерсйтетте сақталды, ары бұл суретты атаулық азамат асқар деген жыгыт 2007 жылдары айқын газетынде жарйалаган еды, бұгын сыздерге коруге ұсындым,
менынг керылше жазганым қандай екен, қате арып болса айтынгдар,,
Әрі қарай