"Ө" значит өтпіскі
Дүйсенбі, яғни тамыз айының 8-інші жұлдызынан бастап менде кезекті еңбек демалысы. Сіздер "Әбіләкім кетіп барады" деп қатты қуанбай-ақ қойыңыздар, себебі мен қатты қайғырып отырғаным жоқ. "Қалайша, біздің сектадан қайғырмай кету мүмкін бе?«деп ойлауларыңыз мүмкін. Әрине,»Керекинфоны" уақытша болса да тастап кету оңай емес. Менің көңіліме желеу беріп отырған бір нәрсе, ол бұл сайтқа менің кіріп тұруымның шектелмеуінен. арасында екі-үш күн кірмей қалатын кездер болар, тіпті бір апта. Бірақ, мен ұзақ жоғалып кете қоймаспын Алла жазса(Біз әлі сіздермен Қадыр түнін күтеміз). Қазақтың көбінің өтпіскісі сол ауылға барып көмектесу, тойларға барумен өтетіні белгілі ғой. Алла жазса бір апта Балқашқа демалып қайту бар жоспарда. Тек, келіншегімнің өтпіскесі менікінен он күн кейін басталады, сол шамалы кедергілер келтіріп тұрғаны…
Біздің жұмыстың бір жақсы жері, барлығымыз тек жазда шығамыз демалысқа.«Былтыр қыста демалдым, биыл жазда алайыншы»деген базыналар болмайды бізде. Концерттік маусым жабылып, барлық ұжымдар мен әртістер демалысқа кеткен кезде біз де өз кезегімізбен демалысқа шығып қайтамыз.

Мен де ертең Ақтөбеге кетем. Выторник қайтып келем ужы, аса қуанбаңыздар.))
Өтпіскі дегенім болмаса жиі кіруімді тоқтата қоймаспын «Керекке». Ауылға,қайын жұртқа барған кездерде бір сәтке жоғалатұрармын)))