"Ө"-ден оралу

Сегізінші тамыз күні биылғы өтпіскім аяқталады екен. Қатардағы көп қазақтар секілді ауылыма барып, туған-туыстарды көріп бір жасап қалдым. Ауылда шөп шабу науқанына өзімше көмектесіп, ата-әжемнің, әке-шешемнің үйлерінің шатырын сырласып қайтудың өзі демалысымның босқа өтпегендігін білдіретін секілді өзіме. Қайын жұрт жақты да ұмытпай, ол жаққа да машина ізін салып қайттық. Өтпіскімнің соңында Астанадан келген керекшілермен өткен кездесудің өзі бір қаралық. Бұл жайлы сәл кейінірек
Әрі қарай

"Ө" значит өтпіскі

Дүйсенбі, яғни тамыз айының 8-інші жұлдызынан бастап менде кезекті еңбек демалысы. Сіздер "Әбіләкім кетіп барады" деп қатты қуанбай-ақ қойыңыздар, себебі мен қатты қайғырып отырғаным жоқ. "Қалайша, біздің сектадан қайғырмай кету мүмкін бе?«деп ойлауларыңыз мүмкін. Әрине,»Керекинфоны" уақытша болса да тастап кету оңай емес.
Әрі қарай