Жапырақ тағынған генералдар

Бір военком өзінің әскерге бармаған туысқанын күзетші етіп жұмысқа алыпты.Бір күні түскі үзілістің кезінде военкаматты тексеруге генералдар келеді.Өмірінде генералдарды көрмеген, онымен қоса әскери шенді ажырата алмайтын күзетші оларды ішке кіргізбей қояды.«Бастық әбедке кетті сыртта тоса тұрыңдар»-дейді."Өй сен не деп тұрсың бізді танымайсың ба не?"-деп сес көрсетпекші болған бір генералға.«Ей лесник бастық келсе сенімен қоса мені де оңдырмайды бар ары»- деп сыртқа қуып шығады.Бастығы келіп сыртта тосып тұрған генералдарды көріп әбден сасады.Оларды бөлмесіне кіргізіп жайғастырғанда сонда біреуі "Әлгі күзетшіңді шақыршы бізді неге лесник дегенін білейік" десе керек.Сонда ештеңеден саспаған күзетші «лесник болмасандар онда неге жағаларыңа жапырақ тағып алғансыңдар» деген екен
Әрі қарай

Тағы да жиналайық

Қайырлы таң, керекинфолықтар!

Жаздың соңғы айында бәріміз жиналып Қиял Әлемі саябағына барайық деген ұсыныстар түсіп жатыр! Қалай ойлайсыздар? Жақсы идея сияқты. Былай ааааа деп айқайлап, тағы да адреналин бөлеміз
Әрі қарай

Нәби Аймұратовтың соңғы әні... Әттең

Нәби Аймұратовтың орындауындағы соңғы әні. Қазіргі кезде МузАрт тобының орындауында естігенім бар еді. Әттең әннің өзінде барлығымен қоштасып бара жатқандай, тым ауыр, тым жүрекке әсерлі еді. Бұл ән Нәбидің орындауындағы соңғы ән болады деп кім ойлаған…



Әрі қарай

Корей асханасынан: Кимпап (үй жағдайындағы)


Корей сериалдарын көретіндер кимпаптың не екенін біледі, қазір қалалардағы тамақтану орындарында да жиі сатылады. Мен сіздерге үй жағдайында өзімнің жасайтын кимпапымды ұсынамын, оңай әрі тез. Негізінде оның ингредиенттері әр түрлі, әркім өзі қалағанын қосады. Біздің отбасымызда ешкім ащы тамақтарды ұнатпайтын болғандықтан, мен де ешқандай ащы соустарсыз өзімше істедім. Жалпы қалай істеуді корей тобында оқитын құрбымнан үйренгенмін. Кимпаптың мағынасы: ким – теңіз балдыры, пап – күріш. Осы үй жағдайындағы кимпапқа керекті заттар:
Әрі қарай

Аудиокітаптардың жағдайы қандай?

Күннен-күнге аудиокітаптар кеңінен қолдануда. Ол әрине негізсіз емес. Көзбен оқудан шаршаған, тыңдау арқылы жақсы қабылдайтын адам аудиокітап арқылы біраз ақпараттарды біле алады. Түрлі аудиоспектакльдерді тыңдауға болады. Мысалы мен, жақында «Над пропастью во ржи» кітабының аудио нұсқасын тыңдадым. Өте ұнады.
Интернетте ағылшын, орыс тілдерінде аудиокітаптар өте көп. Онда көркем әдебиет, тілді үйрету, ғылыми кітаптар т.б. толып жатыр.
Аудиокітап арқылы шет тілдерін әжептәуір меңгеріп те алуға болады дейді мамандар.
Жалпы аудиокітап деген бұрынғы кездегі пластинкалар деп те айтуға болады. Бұрында осы пластинкалар арқылы ертегі тыңдауға болатын. Жас бала осылай есту арқылы есте сақтауды (слуховая память) дамытады.
Ал қазақ тіліндегі аудиокітаптардың жағдайын қарастырайық. Он шақты ертегіні жүктеп алуға болады екен. Дүкенде Абайдың қарасөздері, «Абай жолы», бар дейді. Одан басқасы жоқ.
Бірақ өкінішке орай, мынадай ағымдар бұл жұмысты ертерек қолға алған екен. Мысалы, мына сайтты қарап көріңіз.
Табысқыңыз келсе
Әрі қарай