Нәби Аймұратовтың соңғы әні... Әттең

Нәби Аймұратовтың орындауындағы соңғы әні. Қазіргі кезде МузАрт тобының орындауында естігенім бар еді. Әттең әннің өзінде барлығымен қоштасып бара жатқандай, тым ауыр, тым жүрекке әсерлі еді. Бұл ән Нәбидің орындауындағы соңғы ән болады деп кім ойлаған…





Әнді мына жерден жүктеп аласыздар!

Сөзі мына жерден алынды!

Мүмкін емес (Нәби Аймұратов) 

 Төніп тұрса төбемде күн,
 Демің бе деп елеңдедім.
 Қою түндей қара көздің,
 Мұң шықтарын сен емдедің.
 Бәлкім, сен де ойлайсың ба?
 Тұнық сырға бойлайсың ба?
 Айдан жолдап сәлеміңді,
 Бір серпілтіп қоймайсың ба?

Қайырмасы:
 Тыныштық бер жүрегіме,
 Құлақ аспа тілегіме.
 Сезім шоқты тығып қойғам,
 Жұмыр жердің жүрегіне.
 Күліп келем, күлкім емес,
 Тек әйтеуір сылқым елес.
 Сені ойдан арылтпақпын,
 Бірақ, әттең, мүмкін емес…

 Ару айдың қанатынан,
 Тұман мұңдар таратылған.
 Сәулем менің қайда жүрсің,
 Қарша бұлттан жаратылған?
 Самал желмен тербейсің бе?
 Ыстық күнмен емдейсің бе?
 Сені іздеумен тұншығамын,
 Желге мініп келмейсің бе?
Бөлісу:

9 пікір

sammita
осы Керекте алдын жарияланды бұл ән.
Қазіргі кезде МузАрт тобы орындап жүр
Ән авторының, Нәбидің ата-анасының келісімімен Нәбиді еске алуға арналған кеште бір рет қана орындады.
yerbol89
Аа айтеуір Музарттың орындауынан естіген едім!
Zere
Маған Музарттың айтқанында жақсы шыққан сияқты. Жалпы ән — әншісін тапқаны жақсы ғой. Мысалы, Нәбидей «Ең алғашқы махаббат басталады партадан» деген әнін ол сияқты ешкім орындай алмайтын сияқты.
TERISKEY
Мысалы, Нәбидей «Ең алғашқы махаббат басталады партадан» деген әнін ол сияқты ешкім орындай алмайтын сияқты. — ол ән аса да бір тартымды емес секілді. Маған ол әннің артқы тұсында аййй-аййй деп Еркін Нұржанның айқайлап тұратын тұсы ұнайды қатты.
Maya
Қыршыннан қиылған жас өрен  Иманды болсын деп тілейік!
Aikona
Әннің сөзін жазған бір қыз еді ұмытып отырмын атын. Дегенмен сөздері ауыр ән
Zere
Несі ауыр? Сағынған жүрек, жабыққан көңіл…
AKA
Индира Елубаева да айтып жүр…