Тағы да жиналайық

Қайырлы таң, керекинфолықтар!

Жаздың соңғы айында бәріміз жиналып Қиял Әлемі саябағына барайық деген ұсыныстар түсіп жатыр! Қалай ойлайсыздар? Жақсы идея сияқты. Былай ааааа деп айқайлап, тағы да адреналин бөлеміз



Осы сенбі күні күндіз барайық деп ұсынамын. Егер ол тым жақын болса, басқа күнді белгілейік.

Саябақтан шыққан соң @Zere-нің сұранысымен мафия ойнауға Эльдоро кафесіне баруға болады. Немесе сол жерге жақын Терраса (La Terrassa) кафесіне бара салсақ та жаман емес. Қолым тимейді, уақыт жоқ дейтіндер бағдарламаның 1ші немесе 2ші бөліміне қатысуына болады.
P.S. @patick мырза отпускісінен келгелі бері оны көрмедік, демалысы қалай өткенін сұрамадық. Ренжіп жатқан болар бізге. Алдыңғы демалыс күндері барлығымызды шақырғанда еді, бірақ біз оны өте кеш байқаппыз.

UPD. Абайдың Алматыға келуіне байланысты кездесу 19 тамызға ауысты!
Кездескенше!
Бөлісу:

53 пікір

patick
бұтым дір-дір етіп қуанып кеттім
asaubota
әйелім жібермейді деп бармай қал
madlen
Саябаққа кіру бағасы — 1500 тенге. Почти барлық аттракциондар тегін, кейбіреулері ғана қосымша ақыға.
Ең қызықтылары — ромашка, лифт, американские горки, сосын комната страха
19852407
Ең қызықтылары — ромашка, лифт, американские горки, сосын комната страха
@madlen, «ең қорқынышты емесі» деп түзетер едім, тек қана «Комната страхаға» айналып кеп кіре беруге кеңес берем
Қалғандары қорқынештеее, брррр!
Пікір түзетілген: 10 тамыз 2011, 12:21
Zere
Кездесейік. Бірақ аттракционға отырғысы келмейтіндер бірден кафеге бара берсе бола ма?  Осыған былтырлары барып, бір аттракционынан басым айналып, босқа келген екем деп қайтқан едім
madlen
Әрине! Ешкімді қинамаймыз, барлығы өз еркімен. Уақытының тығыздығына, қалауына байланысты
patick
Мадлен, екеуміз ғана баратын сияқты болып көрінеді
madlen
Жалғас келеді.
neoman
Келесі дүйсенбі күні мынадай жазба көріп отырсақ:

Барлығымыздың қуанышымызға орай, елдің бәрі аттракциондардан қорқады екен немесе бағдарламаның бірінші бөліміне қатысатындай қолдары бос емес екен. Сол себепті екі жас қана адреналин бөліп қайтыпты. Бірге адреналин бөлудің қатты жаққаны сонша, олар екінші бөлімге келе алмады… тағы да қуанышымызға орай
Пікір түзетілген: 10 тамыз 2011, 10:58
madlen
эээээ… көп сөйлемеші
e_zhalgas
қолдаймын, «аяқтаймын»…
monti
мафияға келем. Эльдарадо? Ле Тераз?
patick
Эльдарадо? Ле Тераз?

Эльдардікінде, Іле-Тараз
monti
Ле Тераз ремонты бітіп па екен?

Ле Тераз(өзім осылай айтам бітті) алдында ничайно @AKY екеуміз кіре салғанбыз, негізі ашық, барлық жағы стеклосы ұнайтын, былай өндір кіріп жүрген жер ғо апара салғам, ужас строика ма, ремонтпа бірдеме бов атты
madlen
біткен сияқты, осыдан 1 ай бұрын барғанда норм еді. Сендер одан кейін бардыңдар ма?
monti
жоқ ол районға бармағалы 1 жылдың жүзі бов қалд
madlen
Бәсе, Айгеро қашан келіп үлгерді деп ойлап қойсам уже
AKY
Ле Тераз есімде жоқ чет, @monti, қашан барведік?
Gulistan
өндір деген "үнемі" деген мағынада ма?
Aikona
Бара алмаймын екеуінеде . Поварлық жұмысым біткен жоқ. Келесі апта болса барушы ем
madlen
тууу, сені сағынып қалдық қой
Zilola
Maaaaaaaaaa, ne degen bakytty jansndaaaaaaaaaaaar
Mende bargym kelediii
Alla buiyrtsa jeksenbi Kaspidi koruge baramyn  Mende jaksy demalaiyn, sender de
madlen
Че-то ешкім қолдамады Қиял Әлемін.
Тупо кафеге бара салатын шығармыз
VKM
Алматыда тұрғым келеді)
Жақсы демалыңдар!
TERISKEY
Мен саған айтумен-ақ келем ғо осы! Тұр тұр деп.
VKM
Мен саған айтумен-ақ келем ғо осы! Тұр тұр деп.
TERISKEY, тездетсей
patick
Кафе немесе кинотеатрға баруға кеңес беремін
madlen
Абайдың келуіне байланысты кездесуді оған ыңғайлы күнге ауыстырайық?
@konvict!
konvict
14-20 аралығы керемет болар еді. менің тилефоным 87003698641/87754764235. барғасын хабарласармыз.
madlen
Барлығымыз сенің звоногыңды күтіп отырамыз ба? Мдааа.
Или 14, или 19? Біреуін таңда
konvict
19 дұрыс шығар деп ойлаймын
blackbeard
Ооох! Байғұсым-ай! Қуан, қуан! Сені адамдар бағалап жатыр
VKM
не ревнуй, а
blackbeard
А? Мен ба?
VKM
иә,қызғаншақ)))
blackbeard
Сырттан бақылап отырған кісіге сәлем деп қояйынш
VKM
@madlenге бір сәлеееем десей)
blackbeard
Жаным-аааау! Ертерек болмас па еді
madlen
Апдейт жасап қойдым!
madlen
Гүлденген әлем! Мадленнен сәлем!
Бүгін келсем ба, келмесем ба деп отырған керекшілерге хабарлама:
Қиял Әлемінің алдында сағат 19.30 да кездесеміз.
Паркке кіреміз ба, кірмейміз ба сол кезде шешеміз. Но, кірмейтін шығармыз, аттаркционда ұшуға ешкімнің особо желаниесі жоқ екен. Жәй сол жер кездесу орны болсын.
satibaldi
Паркке кіреміз ба, кірмейміз ба сол кезде шешеміз. || Но, кірмейтін шығармыз, аттаркционда ұшуға ешкімнің особо желаниесі жоқ екен. Жәй сол жер кездесу орны болсын.
Сөйлемнің басын — аяғы жоққа шығаратын керемет конструкция
madlen
өмірінде мұндай кездесулерге келіп көрмегендер тыныш отырсын!
Zilola
Бүгін деген 18 ма?
madlen
Ой черт! Черт! Черт!
Бүгін 18і екен ғой!!!
Бүгін емес, ертең кездесеміз! Конвиктке солай айтқам
Млин, жұмыстан басым айналып, миым ашып кетті. Кешіріңдерші, а?
Zilola
Няғып ребус ойнап оцың бізбен? ))
Турасын жазсаңшы, күні айы жылын дегендей
madlen
19.08.2011 сағ. 19.30да!
Осылай.