Вконтактеден аудио мен видео көшіру



Әлеуметтік желілердің ішіндегі аудио мен видеоға байы — Вконтакте. Осы сайттан қалай түсіріп алу керек деген сұрақ көп адамды мазалайтын шығар. Мен Vksaver программасын қолданамын.

Мына жерден түсіріп аламыз алдымен: audiovkontakte.ru/vksaver/vksaver-install.exe
Әрі қарай

Шекспир: Қорқамын

Шекспирдің осы бір өлеңін қазақша іздеп көрген едім, таба алмадым. Аударылған нұсқасы болса бөліссеңіздер екен. Ал егер жоқ болса, ұйқастан хабары бар мүшелеріміз түзетсе екен деген тілек бар менде  
Әрі қарай

XP-дің туған күні...



Өзіміздің ұзақ жылдардан бері қолданып келе жатқан, кезінде Билл Гейтстің аспаннан алтын тапқандай айқайлап жариялаған «Windows XP» ертең 10 жасқа келеді екен.Кейбіріміздің компьютер әлеміне енуімізге себепші болған осы XP десек қателеспейтін болармыз.Қазіргі таңда әлі күңе дейін 400 миллианға жуық қолданушысы бар екен.Әрине бұл XP-дің ғана емес сол ұақыттағы оперативтік жүйелердің басең таралуына байланйстй болуы мүмкін.Алайда ол жүйенің алдыңғы Win NT жүйелерден ерекше қылған ең басты себептерінің бірі де Графикаға қатты көңіл бөлгендіктен болар.Қазіргі таңда бұл жүйеден кейін бірнеше басқа түрлері шықсада өзіндік үлкен бір ФАН клубын әлі жоғалта койған жоқ.
Әрі қарай

Керек-Тарих. Атыраудағы пикник'2005

Өткен бір постта Админ мырза Атырауда бұрындары, дәлірек айтсақ 2005 жылы өткен бір пикникті еске салып, бірнеше фотолармен бөліскен болатын, бірақ толқулар болғаны рас
Енді мен де өз тарпымнан бір қызықпен бөлісейін, жақында дискі атаулыны ақтарып отырып, мына басқосуды тауып алдым, еріксіз жымидым.Бұл да пикник, Керектің Атыраудағы алғашқы пикнигі.
Дайындықты бастаған — Асылбек атты «ақсақалымыз», жақсы ұйымдастырып, бәріміздің басымызды қосып, бір жасап қалған ағамыз қазір жанұясымен Астанада, мында тығылып келіп жүрген де болар
Өткен уақыты: 2005 жыл, 9 мамырға дейінгі сенбі күні, сол күн сақинамды пикник кезінде жоғалтып алғаныммен де есте қалды
Орны: Атырау, Жайықтың Сарайшық тұсы, айнала су
Аршат айтқан ЕСЕК ойыны да, воллейбол да болды, тәтті палау да жедік, күлкіге де қарық болдық, балық та ауламақшы болдық, самаурынмен шай іштік, жалпы шынайы отырыс болды.
Әрі қарай

Әбдразақтың жұмбағы: Қара дақ құпиясы



Бірде Шалқарабад қаласындағы «Шри-Мақатнақ» атындағы храмда Әбдіразақ деген ғұлама бопты… Аха, әлгі Тибет манақтарын бұтағынан тартып, медитация мен ацралдан реалға қуып, левитациясынан түсіретін бұзық шал. Сол шал ерігіп, жұмбақ жасырып шәкірттерінің тасын ауыртпақ бопты.
Әрі қарай

Граунд-хоппинг - саяхаттың бір түрі

Биыл Қарағандыға футболға барғанымда 2 неміс жігітімен таныстық. Өздері келіп танысты. Ертеңіне Астанада кездесетін болып келістік. Граундд-хопперлер екен.



Граунд-хоппер деген кімдер?
Граунд-хоппинг (ground-hopping) — ағылшын тілінен тіке аударғанда «алаңнан алаңға секіру» деген сөз, яғни стадионнан стадионға. Бұл жігіттер әр түрлі елдерге барып, футбол қарайды. Сол елдің фанаттар мәдениетімен танысады және сол елдерді де аралар, тұрмыс-тіршіліктерімен танысады.
Әрі қарай

Нео-мәңгүрттер

Мәңгүрттіктің жаңа түрі. Мәмбет мәңгүрт болуға ұмтылады.



Жұмыспен бір мем.мекемеден бір жігіт хабарласады соңғы кездері. Сөздерінен, стилінен қазақша сөйлейтін, ойлайтын бала екені білініп тұр. Өзіне тапсырылған жұмысты жетік білмейді. Орысша ұзақ, қиын сөздермен сөйлейді. Менің шыдамым жетпей "қазақша айта берші" деп едім. Азғана үнсіздіктен кейін «на казахском плохо разговариваю» дейді. «Орысша да сөйлей алмай тұрсың ғой» десем, «нет, я просто мысли не могу собрать» деп жауап берді.
Әрі қарай