Граунд-хоппинг - саяхаттың бір түрі
Биыл Қарағандыға футболға барғанымда 2 неміс жігітімен таныстық. Өздері келіп танысты. Ертеңіне Астанада кездесетін болып келістік. Граундд-хопперлер екен.
Граунд-хоппер деген кімдер?
Граунд-хоппинг (ground-hopping) — ағылшын тілінен тіке аударғанда «алаңнан алаңға секіру» деген сөз, яғни стадионнан стадионға. Бұл жігіттер әр түрлі елдерге барып, футбол қарайды. Сол елдің фанаттар мәдениетімен танысады және сол елдерді де аралар, тұрмыс-тіршіліктерімен танысады.
Мен танысқан жігіттер Арне мен Торбен — неміс жігіттері, Германияның төменгі лигаларындағы Ульм (SSV ULM) командасының ультрас құрамындағы жігіттер. Біздермен танысуларының да себебі сол еді, ультрас бағытты ұстанатындығымыз.
УЕФА-ға мүше 52 елдің 51-інде болыпты, Голландияға ғана бармаған. Ол елді жақтырмайтын болғандықтан бармаймыз дейді. Қазақстанға дейін Ресейден Тәжікстанға ұшып, сосын Өзбекстанға өтіп, сосын бізге келген. Астанадан Алматыға 1-лига матчына барып, сосын елге қайтамыз деді. Граунд-хопперлер барлық ақпаратқа ие. Қай елде қай күні матч болатынын алдын ала біліп, саяхаттарын соған қарап жоспарлайды, тіпті төменгі лигаларға шейін біледі.
Сондай-ақ арзан әуе жолы билеттерін де қадағалап жүреді. Қонақүйлердің де арзандарын таңдайды. Астанада вокзал маңынан бір номер алған екен, ұйықтап жатса бір жезөкше оятыпты, қасында клиенті бар екен. Мына бөлме менікі деп қуып шығыпты. Басқа сәл қымбаттау қонақүй таңдауға мәжбүр болдық дейді.
«Астана Вегас сияқты әдемі қала екен, көрініп тұр елдерің бай екені» дейді немістер. Қарағандының құйылмалы сырасын да мақтады, біздің сыралардан кем емес дейді. Торбен көптен темекі шекпей кеткен екен, «Германияда заң қатты, еш жерде темекі тарта алмайсың, тіпті далада да тартуға рұқсат жоқ. Тек Октоберфест кезінде технично тартуға болады» дейді мен ұсынған Кент4-ті сораптап тұрып. Ал Арне болса мәмбеттер құсап, отыра қалып аузына насыбайды лақтырды. Тәжіктерден үйрендім деп күледі.
Бір футбол барында отырып, олар бізден интервью алды, Германияда өздері шығаратын Blickfang Ultra журналы үшін. Қазақстандағы ультрас мәдениеті туралы әңгімелеп бердік.
Мен оларға өзімдегі Ресейде шығатын Ultraslife журналының бір номерін сыйладым. Сол номерде Қазақстандағы ультрас туралы мақалалар бар еді және 2008-де Ақтөбеге келген басқа бір неміс граунд-хоппер Бастианмен интервью бар еді. Дрездендік Бастианды олар сырттай таниды екен. Ол өте танымал ғой дейді. Иә, Бастиан бірнеше тіл біледі және әлемнің 70-тен астам елінде 2000-нан астам матчқа барған.

Ана елдің бәріне бару үшін қанша уақыт, ақша керек… Жанкешті екен.
Қонақүйдегі жағдай ұяттау бопты. Бұлар тек overnight'қа алса керек қой, ұйықтау үшін ғана.
бұл журнал қазір СНГдағы ең танымал фанаттар журналы. бас редакторы руслан Жалимбетов деген қазақ жігіт. Ақтөбелік жігіт, мектеп бітірген бойда Мәскеуге кетіп қалған. өз еңбегімен көтеріліп, Локомотивке дизайнер болып жұмысқа кірген. кейін Локомотивтың мықты фанат топтарының бірі Реактивты құрған. сосын осы журналды бастаған. Ақтөбеге бір келгенінде жақын таныстық. қаланың жігіті, әйелі орыс. бірақ, біздегілер сияқты емес шетте жүрсе де өз тілін ұмытпаған. бізбен таза қазақша сөйлесті.
бір рет Ақтөбедегі ағайындарына қонаққа Мәскеуден бір жігіт келді. Ол ЦСКАның «золотойларынан» екен. Золотой деген атақты тек қана бір жыл ішінде команданың сырт алаңдағы барлық ойындарына (чемпионат, кубок, Евроматчтар) барған және бос отырмай «болеть» ететін ультрас топтарының мүшелеріне беріледі және Золотой шарф беріледі.