Өзіне қол жұмсау туралы ислам дінінде

Өзіне қол жұмсау күпірге жақын өте үлкен күнә болғандықтан, ондайлар өліп жатқанда шыдау мүмкін болмаған қиыншылықтарға душар болады. Өлімнің азабы біз ойлағандай бір сәттік нәрсе емес. Өзіне қол жұмсалғаннан кейін ақыретте одан да үлкен азаптарға, қиыншылықтарға тап болады. Ақыреттің қиыншылықтары дүниенің қиыншылықтарындай емес. Өте ауыр болады.
Әрі қарай

Бала махаббат...

Екеуі колледжден бүгін де бірге қайтты.Әдеттегідей алдымен қалалық саябақтың адам аз жүретін жолдарымен қол ұстасып келеді. әлденені айтысып күлісті. содан кейін тұра қалып көзбен өбісіп, еріндері еріндеріне тие бергенде сарғайған күзгі жапырақтың бірі үзіліп түсіп екеуінің еріндерінің ортасында қалды…
Оянып кетті.Бұның бәрі бала жігіттің түсі еді. Иә, бұл оған ғашық.Ол қызды ұнатпайтын жігіт кемде-кем.Бірақ, ешбірі дәл бұл тәрізді сүйе алмас.Дәл түсіндегідей қол ұстасып жүргісі келеді,қосыла күлгісі келеді, бірақ, жеме-жемге келгенде қызға батып сөз айта алмай қалады.Қыздың қай аялдамадан түсетінін де біледі. Алдынан гүл алып шығып тосып алмақ та болған.Гүлді алды да, тосып та алды.Бірақ көзімен ғана тосып алды.Көзімен шығарып салған соң гүлді қоқыс жәшігіне лақтырып жіберді. Өзінің дәрменсіздігіне ызаланып қоқыс жәшігін аяғы ауырғанша тепті. Тағы бірде қолына екі балмұздақ алып алдынан шықты.Қыздың үнемі қандай балмұздақ жейтінін де біліп алған еді.Бұл жолы да ішкі сезімін жеткізе алмады.
Ендігі күйі мынау.Күнде бір түсті көретін болыпты.Қыздың нөміріне смс жазып сезімін білдіруге жігіттік намысы жібермейді.Жоқ, қалайда бүгін өз сезімін білдіру керек.Білдіре алмаса ше? Көзі кеше өзіне даярлап қойған, кереуеттің астында жатқан қысқа арқанға түсті…
Әрі қарай

Кеше не бітірдім

Жазғы каникулдан кейін жаңа маусым басталғалы біраз болды. Жұмыс бабындағы дүрбелеңдері реттелген болар деп топшыладым, „Чемпионста„ ойнайтын рок-группа қайта жиналды. екі аптасын жіберіп, кеше тыңдауға барғам бұрынғы әдетімше. Біраз үзілістен соң барғасын ба, әлде басқа факторлар болды ма ойындары ауыз толтырып айтарлықтай керемет шықпады. Оның үстіне бастықтары форматтарын өзгертіпті, бір идиоттың берге плейлистімен ойнайтын болыпты. Сол кеште тек қана екі рок, бір рок-н-ролл болды, қалғаны блюз. Сосын да болар керемет кайф болмады.

Амандық болса, 1 қараша күні Астанада боламын, бір керемет рок ойнайтын кафелер болса жақсы болар еді. айтып отырыңыздар.
Әрі қарай

Комедия режиссерінің культқа айналар туындысы

У победителей раны не болят.
Публий




Киноиндустрияның соңғы жаңалықтарына қарап отырсаң, болашағы зор бағыттың қалыптасып, айқындалып келе жатқанын байқауға болады. Темір адамдардың тағдырын суреттеуге жақын режиссерлар шоғырының қиялы күн өткен сайын кеңеюде, ұшқырлануда, сонымен қатар (міне, парадокс), практикалық сипатқа да ие болуда.
Әрі қарай

Бізде жаңалық бар!

3- қараша күні Алматы қаласында Абылай хан мен Шевченко көшелерінің қиылысында біздің алғашқы дүкеніміз ашылмақ. Дүкенде біздің компаниядан шыққан барлық ұлттық аспаптар мен бірге қолөнер бұйымдары мен зергерлік бұйымдар, суреттер (картинкалар) ала аласыздар. Енді, өздеріңіз қалаған ұлттық аспаптарды сол дүкеннен таңдап алуларыңызға мүмкіндік туды.

Аларларыңыз көбейсін! Біз сіздерді дүкенімізде күтеміз!


Біздің өнімнің кепілдігі (гарантия) бар екенін ұмытпағайсыздар.
Әрі қарай

Almaty Events

Қаламызда болып өткен, болып жатқан және енді болатын ивэнттер жайлы тағы бірер сөз:
Әрі қарай