Кеше не бітірдім

Жазғы каникулдан кейін жаңа маусым басталғалы біраз болды. Жұмыс бабындағы дүрбелеңдері реттелген болар деп топшыладым, „Чемпионста„ ойнайтын рок-группа қайта жиналды. екі аптасын жіберіп, кеше тыңдауға барғам бұрынғы әдетімше. Біраз үзілістен соң барғасын ба, әлде басқа факторлар болды ма ойындары ауыз толтырып айтарлықтай керемет шықпады. Оның үстіне бастықтары форматтарын өзгертіпті, бір идиоттың берге плейлистімен ойнайтын болыпты. Сол кеште тек қана екі рок, бір рок-н-ролл болды, қалғаны блюз. Сосын да болар керемет кайф болмады.

Амандық болса, 1 қараша күні Астанада боламын, бір керемет рок ойнайтын кафелер болса жақсы болар еді. айтып отырыңыздар.
Бөлісу:

3 пікір

asaubota
пойызың ерте келгенде ғой, сені 1 қараша Хабарға алып кетер едім. Сонымен солай дейікке. сағат 16-00де басталады. содан шыққасын сені күтіп алуға барамын.

Астаналықтар, егер қатысқыларыңыз келсе менімен хабарласыңыздар. Алдыңғы қатарға отырғызып, пікір айту мүмкіндігіне ие боласыздар. тақырып: Интернет мәдениеті туралы.
AKA
Эфирге қашан шығады бағдарлама? Әлде сол кезде тікелей эфирде жүргізіле ме?
serjan
Эфирге қашан шығатынын білмейсің бе?