Жолыңыз түсіп, қолыңыздан келіп жатса...

Бүгін ханның шатырына (Ханшатыр) барған едім. Әрине шопинг жасауға… Шығып бара жатып мына нәрсені көріп қалдым.



Егер көрінбей жатса, қысқаша жаза кетейін: жетім, мүмкіндігі шектеулі және отбасылық жағдайы нашар балалар «Тілек ағашына» өздерінің қажеттіліктерін жазып ілген екен. Тілегін орындаймын десеңіз, ілінген конверттердің біреуін аласыз. Толық мәлімет алмақшы болғаныммен, оған жауапты адамды кездестірмедім. Есесіне, жанындағы өзге акцияны ұйымдастырушы қыз өз білгенімен бөлісті. Балалардың тілегі соншалықты қымбат дүниелер еместігін, көргені бойынша ұялы телефоннан басталып, майда-шүйдеге дейін баратынын айтты.
Кейде қажетсіз дүниелерге шашатын ақшамызды неге сауапты іске жұмсамасқа? Сол балалардың бір тілегін орындап, қуаныш сыйлау қолымыздан келіп тұрса, неге жасамасқа?
Әрі қарай

Керек-Тарих: Сурет сөйлегенде

Ескі Керектің тарихы жыр деуге тұрарлық. Бүгін «сандығымды» ақтара отырып, мына өлеңді тауып алдым, ал сурет бұрыннан бар болатын. Айтпасам да, өздеріңіз мәнін түсініп аларсыздар деген ойдамын.
Әрі қарай

Нағима

Түсіме Нағима кіріп жүр...«Тағы кірді» демей-ақ қояйын.Бірінші рет кірді түсіме. Бәлкім соңғы рет… Бота көзі мөлдіреп маған қарап тұр екен деймін. Тура өмірдегідей. Көзқарасын айтамын. Ондай көзді кейін мен кездестірмедім. Жә, басынан бастайын.«Нағимасы кім, Есқалиева ма?» деген сауалдар мазалап өткен болар оқыған жанды.
Ол кезде мен баламын. 92-93- ші жылдар шамасы. Жайлаудамыз. Қарасудың бойы. Көрші жайлаудан, яғни Бесқауғада отырған Жақан атты малшыдан бізге бір тайынша ауысып келді. Шатысып кеткен түгіміз жоқ, айырбастап алдық. Сол тайынша біздің қорамыздағы өзі құралпылас тайыншалардан ірі болатын. Үлкен денесіне жараспайтын киіктің басындай кішкене басы бар. Көзі… Енді, ондай көз тек боталарда бар шығар. Ірілігіне қарап біз оған «Нағима» деп ат қойдық. Есқалиеваның құрметіне. Содан Нағима құнажын шықты. Дөнежінге өткен жылы бұзаулады. Армандап жүрген бұзауымыз болған соң «Арманай»деп (ұрғашы бұзау) атадық.Нағиманың бір ерекшелігі қаншама жыл төлдеді, қаншама бұқа ауысты, барлық бұзауының көзі өзінің көзіндей сиыр малына тән емес бота көз болушы еді.
Нағима дәәәәу сиыр болды.Табын сиырдың ішінде түйедей болып алыстан көрінуші еді. Жеңгемнің салған бақшасының жауы болды. Қоршап қойған торкөз сымдардан жәй ғана аттап кете салушы еді. «Обратка» сүттерді (көк сүт, сеператорджан өткен сүт, ол кезде ешкім ірімшік жасап сату дегенді білмейтін ауыл жақта) бір өзі ішуші еді астаудан. Кей жылдары 18ге дейін сауын сиырын сауатынбыз.Осылардан шыққан сүттің обраткісін өзі жалғыз ішуші еді. Ол кезде басқа ағаларым үйленбеген.Жеңгеме сиыр сауып көмектесетінмін. Басқа сиырлардың барлығын сауа алғаныммен Нағиманы сауа алмайтынмын.Желіні уысыма симаушы еді. Ондай сүтті сиырды содан кейін көрмеппін. 13-15 летірге дейін сүт беруші еді. Кейін жылдар өте қартая бастаған соң күздікке кетті жарықтық. Еті үш үйлі жанға жетті ғой.
Әрі қарай

Астанада Халықаралық КВН күніне арналған арнайы жоба өтті

Кеше Жастар сарайында Халықаралық КВН күніне арналған арнайы жоба өтті. Aldeken екеуіміз барып келдік. Алдекенге рахмет, ВИП билет алып қойыпты. Жюрилердің артында, 2-қатарда отырдық.

Жарысқа жас командалар қатысты, сондықтан ба Алдекен алдын ала ескертті қызық ойын болмайтын сияқты деп. Бірақ, маған ойын ұнады. Әр команданың қызық жерлері болды еске алатын.
Әрі қарай

Lola-мен кездесу

Ескі керекте (kerekinfo[dot]net болып тұрған кезі) Лола нигімен жазып жүрген керекші өткенде Астанаға кетер шағымда хабарласқан болатын. Атырауға келе жатыр екен. Күтіп алу мүмкіндігі болмай достарыма аманаттап кеткен болатынмын. Астрахань шаһарына саяхаты аяқталып, кеше Атырау үстімен кері қайтқанда кездесі мүмкіндігі туды. Біраз өткенді еске алып, жайлы отырыс болды. Ия, ол кезде Сатыбалды жоқ, солайде, жаңакеректерде болмағандықтан Сатыбалды туралы еш әңгіме қазғалмады. Дегенмен, сол керекте қос сөйлемін ұйқас, төрт сөйлемін шумақ қылған, біртуар майталманы Қырғидың құлағы шулаған болуы мүмкін деп болжадым. Бір кездегі МИЖ, Пыңио, мылжың профессор, асаубота, Гүлвира, Көңілашар, Сигма, Ақшақар, Шыңғысхан, Хамит, Себастьян, Акуариюс, Әсет, Бозторғай, Жадыра сынды керекшілерді айтып, жақсы отырыс болды.
Неше түрлі оқиғаларды, қуанған, ренжіскен шақтарымызды еске алдық. Шыны керек виртуалда танысқанмен реалда араласып кетуімізге менің машина соққаным себеп болды. Керекте компьютерден сауаты томен керекшілерге қолдау көрсететінбіз, сөйтіп виртуалда араластық. Бір күні қазан не қараша екені есімде жоқ, көпірге көтеріліп келе жатырғанда алдымнан күшік шауып шығып, тежегішті басқанда тайып, көпірдің биік периласына (қазақшасын білмедім) оңбай соғыстым. Жұмысқа келдім, жұмыс арасы жақы СТОға барып көрсеттім, 120 мыңға шықты. Жұмысқа дым ниетім жоқ, отырдым. Жалақы есебінен ақша сұрадым, 40 мыңнан артық бере алмады. Сөйтіп отырғанда Лола бірдеңе сұрады, — Настр жоқ, миымды нетпеш-дегенге саятындай жауап қаттым. Не керек, қоймады -Не болд- деп. Шыны керек танымайтын адам, көңілімдегіні ақтарып салдым, жеңілмек ниетпен. Сөйтіп отырғанда көмектесетін болды, сенбедім. Карточка мен төлқұжат, СТН нөмірлерін бердім де, жақын арада қайтара алмайтынымды айттым. Кешке банкоматқа барсам, 90 мың түсіпті. Жынды болар деп ойладым. Танымайтын адамға көңіл айтқаны үшін 90 мың… Біраз көмегі тиді, кейін Алматыға командировкаға барғанда апарып бердім, сол кезден реалда араласып тұрамыз. Ылғи мен баратын едім Алматыға, кеше өзі келіп, Атырауды көріп, бүгін Астана пойызына отырып кетті.
Әрі қарай

"Бейбақ" фильміне кастинг!

Ұзақтығы: 14 минут.
Жанры: Журиктерге бағышталған демотивациялық әлеуметтік трагедия.
Қажет актердің амплуасы: Трагик.
Жасы: 30-35 жас аралығы.
«Бейбақ» фильміне кастинг жариялаймыз.
Қысқаша мазмұны:
Әрі қарай

Ностальгияға берілсек: теңге



Бүгін 15 қараша Ұлттық валютаның күні. Теңгенің күні.

Әлі есімде, ойын баласымын, бес-алты жаста болсам керек. Әкем үйге бір бума жап-жасыл қағаз алып келген. Қағазда сақалды атаның суреті бар.

Жап-жасыл қағазымыздың үш теңгелік ақша, ал атаның Сүйінбай Аронұлы екенін кейін білдік.

Жаңа ақшаны ұстап көріп жатқаным анық көз алдыма келеді.

Керекшілер, бірге еске алайық жақсы болсын, жаман болсын ұлттық деген аты бар валютамызды.
Әрі қарай