Lola-мен кездесу

Ескі керекте (kerekinfo[dot]net болып тұрған кезі) Лола нигімен жазып жүрген керекші өткенде Астанаға кетер шағымда хабарласқан болатын. Атырауға келе жатыр екен. Күтіп алу мүмкіндігі болмай достарыма аманаттап кеткен болатынмын. Астрахань шаһарына саяхаты аяқталып, кеше Атырау үстімен кері қайтқанда кездесі мүмкіндігі туды. Біраз өткенді еске алып, жайлы отырыс болды. Ия, ол кезде Сатыбалды жоқ, солайде, жаңакеректерде болмағандықтан Сатыбалды туралы еш әңгіме қазғалмады. Дегенмен, сол керекте қос сөйлемін ұйқас, төрт сөйлемін шумақ қылған, біртуар майталманы Қырғидың құлағы шулаған болуы мүмкін деп болжадым. Бір кездегі МИЖ, Пыңио, мылжың профессор, асаубота, Гүлвира, Көңілашар, Сигма, Ақшақар, Шыңғысхан, Хамит, Себастьян, Акуариюс, Әсет, Бозторғай, Жадыра сынды керекшілерді айтып, жақсы отырыс болды.
Неше түрлі оқиғаларды, қуанған, ренжіскен шақтарымызды еске алдық. Шыны керек виртуалда танысқанмен реалда араласып кетуімізге менің машина соққаным себеп болды. Керекте компьютерден сауаты томен керекшілерге қолдау көрсететінбіз, сөйтіп виртуалда араластық. Бір күні қазан не қараша екені есімде жоқ, көпірге көтеріліп келе жатырғанда алдымнан күшік шауып шығып, тежегішті басқанда тайып, көпірдің биік периласына (қазақшасын білмедім) оңбай соғыстым. Жұмысқа келдім, жұмыс арасы жақы СТОға барып көрсеттім, 120 мыңға шықты. Жұмысқа дым ниетім жоқ, отырдым. Жалақы есебінен ақша сұрадым, 40 мыңнан артық бере алмады. Сөйтіп отырғанда Лола бірдеңе сұрады, — Настр жоқ, миымды нетпеш-дегенге саятындай жауап қаттым. Не керек, қоймады -Не болд- деп. Шыны керек танымайтын адам, көңілімдегіні ақтарып салдым, жеңілмек ниетпен. Сөйтіп отырғанда көмектесетін болды, сенбедім. Карточка мен төлқұжат, СТН нөмірлерін бердім де, жақын арада қайтара алмайтынымды айттым. Кешке банкоматқа барсам, 90 мың түсіпті. Жынды болар деп ойладым. Танымайтын адамға көңіл айтқаны үшін 90 мың… Біраз көмегі тиді, кейін Алматыға командировкаға барғанда апарып бердім, сол кезден реалда араласып тұрамыз. Ылғи мен баратын едім Алматыға, кеше өзі келіп, Атырауды көріп, бүгін Астана пойызына отырып кетті.
bk
Бөлісу:

74 пікір

araika
Иә, таныстыққа әсіресе жақын араласып кетуге бірнәрсе себепкер болады ғой.
Dinara
Лолаға дұғай сәлем айтыңыз :)
Мен кездескен керекшілер: Көңілашар, Нукуся, Шота, Жадыра, Лола болатын…
Altygradus
Лоликпен қашан кездесіп едің деп ойлаанып отырсам, ееех арман болған Алмаарасан:)
Dinara
ияяя, сенің ұйымдастыруыңмен кездесіп қалған едік қой :)))
Altygradus
Бахтияр Артаевтің алтын алған күні ғой. Екінші Нұргүлдің көтеріліп кетіп гимн айтатыны тағы бар:))
Dinara
ия, Олимпиаданың соңғы күні еді, Қазақстанның алғашқы алтыны ма еді?
sigma
Шота елге оралғасын естілмей кетті, жақсы жазып тұратын еді.
Dinara
Шымқаланың қауырт тірлігіне кірісіп кеткен болар :)
Altygradus
иә дым хабар ошарсыз боп кетті шынымен…
Nurgisa
Шота қазір толығымен футбол мен жұмысында. Алып келуге тырысам, орта толсын :)
sigma
Сол керектің деңгейі, қазіргісінен жоғары еді, модераторлары мықты болатын.
Тақырыптардың да салмағы біраз еді, әсіресе білім жүйесін оңдырмайтын едік
meirzhan
Қазір білім жүйесі шүкір, бұрынғыдай емес десем :)
Erlan
Lola massgan saytinda boksersky persheatka kip turgan avasi bar kiz ba? molodets!
Erlan
Массаган сайты жасап тур екен ))
Nurgisa
Күшті, сигма. Күшті! Лоланың жомарттығын алғаш естуім. Қазіргі «керекте» қырқыса кету шесь сикунттың ісі боп кетті ғой :) Ол кездегі бір-бірімізді ренжітіп алмау үшін сыйластықтың әдемі формаларына тәнті болмау мүмкін емес еді ғой, шіркін. Атыраудың Black & White'ында өткен алғашқы басқосулар, кейін Алматыда да болды қоштауы. Сол кездегі Тентекқара қазір ірі іскер, қолы тимей кетті-ау деймін :) Traveler'мен айтыстың көркі қызды. Бізді тентек қылған небір мықты инкогнитолар… :) Ол кезде көбіміз шәйнек еді, Аршат бастаған білімпаз жігіттерге рақмет. Бәріміздің азын-аулақ сауатымызды ашты. Синергия деп осындайды айтса керек.
sammita
Лоланың жомарттығын алғаш естуім. Қазіргі «керекте» қырқыса кету шесь сикунттың ісі боп кетті ғой
счетыңды жазсай.
жалпы өршітіп түртпектеп отыратын жырғисалар көп бұнда.
sigma
Не сұрап жүрсің :)
sammita
2 күннен соң жауап береді, мазалама.
Abilakim
Лоладан Саммитаның несі кем? Сұрасақ кәртішкемізге 120-130 мың сала салады
sammita
біреу көпірге соғылып жатса, жырғ-жығ не күлкі?
asaubota
Бақыт Арулар сайтынан кеткелі сол сайт жүрмей қойды ақыры…
Zhan
Кешке банкоматқа барсам, 90 мың түсіпті. Жынды болар деп ойладым. Танымайтын адамға көңіл айтқаны үшін 90 мың — Мынау шынымен адам таңқаларлық жайт екен!!! Супер!
asaubota
тырнақшаға алғың келсе мәтінді мына тэгтардың арасына қой. U-дың жанындағы тырнақша белгісіне бассаң осы тэг шығады, соның арасына қоясың мәтінді.

<blockquote>мысалы былай</blockquote>
Zhan
Түсіндім, келесі жолы солай болады ))))))
asaubota
жоғарыда менің 3 никім аталыпты :)
bazuka
біреуін шырамыттым)))
omarbirat
Аталғандардың бірнешеуі бір адам емес пе еді деп мен де ойлап қоям :)
Zilola
Себастьян мен Акуариус шыгарсыз )))
sigma
Лола үшін олар үш түрлі адам екен сол себепті солай жаздым
asaubota
оған таң қалмаймын :)
sammita
мен о кезде жоқ едім бұл сайттарда. Қазақ.рудан тәй-тәй басып, Аршаттың блогына алқаш пікір жазып, Жастар сайтына тіркелдім. Лола болып, кейііііін білдім ғой ондай қыз болғаны/барын.
Erkekyz
Лола Жастарда бар еді ғой дейін деп жатсам, сіз екенсіз ғой. :)
konvict
алқ ашпікір жазып
Көбісі сол Аршат пен Ақзеренің блогына пікір жазудан бастады ғой деймін
VKM
Лола неге осында жоқ? Танысқым келеді
Abilakim
иә,90 мың кімге де болса артық ақша емес
VKM
Ақша үшін емес, адамшылығымен ұнады.Abilakim,каждый думает по мере своей испорченности
Gulistan
Ах, солай ма? Әйтеуір, бір ретте нигі жасамай қалып «Бұл Аспа» деген де никпен кіріп еді:)
meirzhan
Сұрағым орынсыз болса кешірім, сіз комментке жауап бергенде әдейі «жауап жазу» дегенді баспай, астыдағы «пікір жазу» дегенді әдейі пікіріңіз жеке дара тұрсын деп жазасыз ба?
Былай оқып қарасақ, алғашында түсініксіз көрінеді, кімге жауап беріп жатырсыз.
Gulistan
«Жауап жазу» дегенді басқа, ортаға ана жүгермектер кіріп кеткен ғой:)
meirzhan
тағы да «пікір жазу» :)
sigma
@asaubota Лола бүгін уже Астанада болар, жаңа буынға таныстырарсың, реті келсе жиын жасап, фото іліңдер.
sigma
Бүгін оның туған күні айтпағышы
sammita
танымасақ та құттықтаймыз! Осы сайтқа тіркелген бе?
sigma
Әлі тіркелген жоқ, еліне барғасын тіркелетін болар. Керекинфоның қайта ашылғанын білмей қалыпты
sammita
13 қыркүйекте тіркеліпті.
Lola
рахмет. Куттыутауларынызга! Коп жасандар!
balzaminka
Лола деген кісі солайда болмады ма?
Пікір өшірілді
AKA
Қызылордалық Лола Ходжаназарова емес пе?
Mansy_kz
жоқ ол емес, ол қыз менімен бірге оқыған.
Lola
Нуржан сизге кайдан гана айттым. менин суретимди алып тасташы. Жалпы, агенттен 5 жылдай араласып сойлесіп журмиз гой. Бир кызыгы бир-биримиздин форумда журетинимизди билмептик. Агенттен кездейсок таныстык. Кейн телефонмен хабарласып журдик. Нуржан кинотеаторга 3д-мен Пираты карибского моряны корип уйыктап калган. Оган 20 шакты звонок келди. Катты уйыктагы сонша телефон дауысын естимеген. Типти, залдагылар онын телефонын сондирип тастагысы келип жынданды. Мен Нуржанды танымагандай отыра бердим сыр билдірмей. Кино биткенде айттым 3д-мен уйыктаган кандай екен, сол форматта тус кордин бе?,- деп
Dinara
Қош келдің Лола не де болса :)
Lola
Рахмет. Нургиса тиркел деп шакырды. Оралуга уят шыгар, мени ешким танымайды дедим оган. Таниды деп силтеме жиберди. Окысам Алмас жазып тастапты. Содан Аршаттын комегимен Лола болып кайта келдим.
Dinara
Дұрыс жасағансың ;)
Mansy_kz
тус коретін шама болған жоқ қой.
Gulistan
Маси, қасында тұрған сіз бе?
Gulistan
кешір, Манси!
Mansy_kz
ия мен
Gulistan
Солай ма?
Осыған дейін де Лоламен кездескен болып тұрсыздар ғой?
Mansy_kz
Ия солай кино апарып, көзіме ашки киіп ұйыктап тұрғанда кино бітті деп айтқанда ұялғаным бар, алматы аралап шаршағанмын гой.
Lola
Нуржанмен интернет аркылы танысып дос болып кеттим. Ол мени Кызыордага уйине конакка шакырд. туган кунимде.Ол жакка жол туспеди.
izbasar
Админ мырза келер жолы Лоламен сұхбат жариялашы.
TOTY
Сигманың жазбасы әсерлі шығыпты. Мен алғаш рет ғаламторға аяқ басқан кезде материал жолдаған сайтым Арулар.кз еді. Аршат админ, ұмытпасам Лола редактор болатын.