Жолыңыз түсіп, қолыңыздан келіп жатса...
Бүгін ханның шатырына (Ханшатыр) барған едім. Әрине шопинг жасауға… Шығып бара жатып мына нәрсені көріп қалдым.
Егер көрінбей жатса, қысқаша жаза кетейін: жетім, мүмкіндігі шектеулі және отбасылық жағдайы нашар балалар «Тілек ағашына» өздерінің қажеттіліктерін жазып ілген екен. Тілегін орындаймын десеңіз, ілінген конверттердің біреуін аласыз. Толық мәлімет алмақшы болғаныммен, оған жауапты адамды кездестірмедім. Есесіне, жанындағы өзге акцияны ұйымдастырушы қыз өз білгенімен бөлісті. Балалардың тілегі соншалықты қымбат дүниелер еместігін, көргені бойынша ұялы телефоннан басталып, майда-шүйдеге дейін баратынын айтты.
Кейде қажетсіз дүниелерге шашатын ақшамызды неге сауапты іске жұмсамасқа? Сол балалардың бір тілегін орындап, қуаныш сыйлау қолымыздан келіп тұрса, неге жасамасқа?

«Бала тілегі» материалдық қана ма?
Әзірге материалдық көмекке мұқтаждықтарын жазған көрінеді.
Материалдық емес тілекті орындау қиын болатын сияқты.
Жоқ, материалдық. Мысалы: жұмсақ ойыншықтар, құрастырмалылар (мозаика)...ұялы телефон- осыған дейінгі тілекті орындаушыларға шыққан
Орташа жалакысы бар адамдар да Ханшатырына бара бермейдi.
Ал кім барып-кімнің бармайтынына келсек… Ішінде бәрі жүреді, шектеу жоқ :) Міндетті түрде сатып алмайды ғой қандай да бір затты, аралап, ішінде, кіреберісінде суретке түсу үшін барады, мысалы :)
Ешкімнің қолынан тартып, сұрап жатқан жоқ.
Ол тірлікке қатыссам, мысалы мен ең болмаса ақшамды араққа емес, сараңдығымнан автомат ойнап ұтылып қалып емес, тәуір ниетте жұмсадым деп ойлар едім.
Қалғаны оны тарататындардың мойнында.
Ал лох болып қалмаудан қорықсаң, онсыз да лох болып жатырмыз ғой, біреуге смс дауыс бергенде, бесеуін алсаң, алтыншысы тегін деген акцияларға қатысқанда, өзімізге түптеп келгенде түк қажеті жоқ гаджеттерді жарнамаға еріп көкеміздің ақысын төлеп сатып алғанда, құсық киноға барғанда…
Біреуге жақсылық жасау ниетімен лох болған, өзіңнің сараңдығыңнан ұтылып лох болғаннан әлдеқайда жағымдырақ.