Керек-Тарих: Сурет сөйлегенде
Ескі Керектің тарихы жыр деуге тұрарлық. Бүгін «сандығымды» ақтара отырып, мына өлеңді тауып алдым, ал сурет бұрыннан бар болатын. Айтпасам да, өздеріңіз мәнін түсініп аларсыздар деген ойдамын.
Гаухардың үйінде
Мамыражай мамыр айы кешінде,
Бір отырыс болып өтті, елдің қалар есінде
Гаухар қызым қонақ қылып достарын
Дәм-тұз тартып, шәй қайнатты пешінде
Шибұт шөже бір-екеуі дайын боп
Қуырылған картоп берді майы көп
Дәмін татсаң тіл үйірер, керемет
Винегрет пен қияр салат жайлы боп
Жаңа достар тауып кеше кешкісін
Ең бірінші басын қосты бес кісің
Нұрекең де шаруалармен кешігіп
Анаконжан шайға ғана түсті ісің
Жалғыз ба деп қалып едім Атырауда Гаухарды
Достарымен таныстырып көрсетті ғой қауқарды
Әсел қыз бен Орекеңдер танысып
Керекшілер қызықтарын естіп олар таң қалды
Алтынбектей сәбиі бар арысты
Орекең де нар жігіттей танысты
Балдай тәтті сәби көрген Азекең,
Әлияға көзін қысып қалысты
Назираның қонақжайлық пейілін ел көрісті
Қылығынан байқалады, саналы ойы, өрісті
Кешеуілдеп келген Анар досына,
Өзі тұрып, орныменен бөлісті
Шөлдеп келген Азекеңді кім білді
Сары сері шайды баптап сімірді
Гаухар сұлу шай қайнатып үлгермей
Әлияны ұят қысып, ол да қатты түңілді
Шаңырағы Гаухарменен Назираның кең екен
Түсінетін бірін-бірі көңілдері тең екен
Ертай жігіт түнгі эфирге шыққанда,
Сол бір үйден бір радио таба алмадық әй-әттең
Бәрін айт та бірін айт, тағысы бар
Әр арнаның өзіндік ағысы бар
Қабақ шытпай қуана қонақ қылған
Назира мен Гаухарға алғысым бар.
Асылбек Нұғыманов
2 мамыр 2005ж.
Гаухардың үйінде
Мамыражай мамыр айы кешінде,
Бір отырыс болып өтті, елдің қалар есінде
Гаухар қызым қонақ қылып достарын
Дәм-тұз тартып, шәй қайнатты пешінде
Шибұт шөже бір-екеуі дайын боп
Қуырылған картоп берді майы көп
Дәмін татсаң тіл үйірер, керемет
Винегрет пен қияр салат жайлы боп
Жаңа достар тауып кеше кешкісін
Ең бірінші басын қосты бес кісің
Нұрекең де шаруалармен кешігіп
Анаконжан шайға ғана түсті ісің
Жалғыз ба деп қалып едім Атырауда Гаухарды
Достарымен таныстырып көрсетті ғой қауқарды
Әсел қыз бен Орекеңдер танысып
Керекшілер қызықтарын естіп олар таң қалды
Алтынбектей сәбиі бар арысты
Орекең де нар жігіттей танысты
Балдай тәтті сәби көрген Азекең,
Әлияға көзін қысып қалысты
Назираның қонақжайлық пейілін ел көрісті
Қылығынан байқалады, саналы ойы, өрісті
Кешеуілдеп келген Анар досына,
Өзі тұрып, орныменен бөлісті
Шөлдеп келген Азекеңді кім білді
Сары сері шайды баптап сімірді
Гаухар сұлу шай қайнатып үлгермей
Әлияны ұят қысып, ол да қатты түңілді
Шаңырағы Гаухарменен Назираның кең екен
Түсінетін бірін-бірі көңілдері тең екен
Ертай жігіт түнгі эфирге шыққанда,
Сол бір үйден бір радио таба алмадық әй-әттең
Бәрін айт та бірін айт, тағысы бар
Әр арнаның өзіндік ағысы бар
Қабақ шытпай қуана қонақ қылған
Назира мен Гаухарға алғысым бар.
Асылбек Нұғыманов
2 мамыр 2005ж.
Гүлістан аттарымен таныстырып жіберсең.
sol kezde B&W degen kafeteriya bar edi goi kerekshiler kezdesetin :)...negizi Atyrau kushti unaytin edi magan.
Қалайсың, есіңде ме сол кездер?
esimde arine, balshikti Atyrau...))))
Бұрындары қос аяқ киіммен жүретінбіз. Қазір малмандай болатындай балшық жоқ. Бауырмал еді байғұстар, жабыса-жабыса өрмелеп жоғары шыға беретін.