Корей сериалдарының фанаты ретінде қолым босай қалса интернеттен сүйікті артистерімнің суреттерін жинап, папка ашумен әуре боп отырамын:). Ең бір прикольный суреттерді жинаған папкам бар, бұны қарап отырып мен сияқты қыздардың неге корей сериалдарын ерекше жақсы көретінін түсінесіздер. Қысқасы, болашақ жарыңыздың қандай болғанын қалайсыз? деген сұрақтың жауабы ғой :)
Кеше Астанада Конгресс-Холлда әнші Тамара Асар мен Ақтаулық хореограф Серік Сариевтің «Жорға» би ансамблінің концерті өтті.
Өз шығармашылығына аса бір ұқыптылықпен қарайтын талғамымен ерекшеленетін Тамара Асардың әндерін «Жорға» би ансамблінің бимен әрлегеніне куә болдық, осылайша.
Тамараның шығармашылығымен бір кісідей таныс болсам да, «Жорға» ансамблі, Серік Сариев дегендерді бірінші рет естіп, көруім еді.
Жаңа бір әзірде қаламыздан алпыс шақырымдай жердегі Алға қаласына келгенмін іссапармен.
Көшеде келе жатырғанымызда мына бір ит ерткен «внедорожник» кездесіп, машинаға қуып артына жақындауын өтініп суретке түсіріп алдым. Евро нөмірі бар «внедорожник» жүйткітіп бара жатыр көшеде :)
Мына бір жердеKILYZAMAN ағамыз "Қазақ қызы" деген тақырыпта жазылған «Дала мен қала» газетінің мақаласын көшіріп салыпты ғой.
Соны қарап (оқып емес) отырып, nurbergen_makym атты керекшінің блогынан бұрын бір оқыған жазбасы есіме түсті.
Өзіме кереметтей ұнаған қазақ блогшыларының жазбаларының бірі. Былайша айтқанда, мендік Топ-10-та:)
Осы жерде оқымаған адамдар болса оқи отырсын деген оймен жариялаймын. Рұқсат алмадым, Нұрберген, кешірерсің деген үміттемін. Сотқа берем десең, өзім туралы деректерді қосымша, поштаңа лақтырам)
Өткен жазбаларымызда біздің дүкеннің ашылғанымен бөліскен болатынбыз. Сол кезде біраз сұрақтар туындап еді бізге, қыздарға арналған әшекей бұйымдары жоқ па деп. Міне, қыздар сіздерге қуанышты хабарымыз бар! Қабыл алыңыздар: